Сегодня 29.04.2024
Казахстанское время 03:12
Главная » Файлы » Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина

Вакуольдер
29.11.2011, 21:25
Вакуоль – өсімдіктер мен кейбір жануарлар клеткаларының цитоплазмасындағы сұйықтыққа толы қуыс. Жетілген өсімдік клеткаларында вакуольдер айқындалған, жас, жаңа клеткаларда әлі айқандала қоймаған құрылым. Вакуоль клеткалардың дамуы мен ескіруі барысында цитоплазмада анық көрінеді.
Вакуольдің сұйықтығының құрамына ерітінді күйінде минералды тұздар, көмірсулар, сондай-ақ клетканың тіршілігіне қажетті әр түрлі органикалық қышқылдар, таниндер, пигменттер және тағы да басқа заттар болады. Онда қор заттармен қатар клеткаға қатерлі улы заттар, сондай-ақ екінші реттік метоболиттер жинақталады.
Вакуольдердің пішіні көпіршік, жіңішке түтікшелер тәрізді. Олар тонопласт деп аталатын мембранамен шектелген.
Тонопласт басқа мембраналар секілді билипидті, липопротеидті құрылым. Ол заттарды белсенді, сұрыптай өткізгіш қабілетке ие. Тонопласт тасымалдағыш ақуыздар мен АТФаза тектес ферменттермен жабдықталған. Вакуоль клетканың осмос қысымын анықтап, зат алмасу, секреттеу және қорғаныш қызметтерін атқарады.
Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Добавил: Akinfeev
Просмотров: 3140 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Последнии комментарии