Сегодня 29.04.2024
Казахстанское время 01:27
Главная » Файлы » Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина

Биология сабағы
29.11.2011, 13:13
Мазмұны
Кіріспе…………………………………………………………………………………………………..3
1. Биология кабинетінде тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру………………..4
1.1 Өсімдіктану курсы бойынша табиғи материалдарды қолдану……………8
1.2 Жануартану курсы бойынша ылғалды препраттар мен
аквариумды сабақтарда қолдану………………………………………………………….9
2. Жаңа технология әдісі бойынша оқушылардың
қызығушылығын арттыру………………………………………………………………….13
2.1 Биологиядан симпозиум сабағы ретінде өту әдісі………………………….15
2.2 Биология сабағын поззия түрінде өту әдісі……………………………………18
Қорытынды………………………………………………………………………………………21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………….22

Кіріспе

Биология сабағында оқушылардың қызығушылығын арттырудың түрлі әдістері бар. Оқушылардың биология сабағына белсендіру алдымен қызықтыру үшін кабинетке тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру керек.
Тірі табиғат бұрышында жануарлар бөлімінде омыртқасыздар қарапайымдылар көп жасушалар буынаяқтылар, бунақденелер, былқылдақденелілер, шаяндар балықтар болса, енді өсімдіктер бөлімінде бөлме өсімдіктерінен бастап (алоэ, бегония, кактус, қазтамақ т.б.) және төменгі сатыдағы өсімдіктермен жоғары сатыдағы өсімдіктер мәдени өсімдіктер және кеппешөптер болса, оқушылардың қызығушылығы артады.
Бұл кабинеттегіні сабақта пайдаланбасақ, кабинеттің мәнісі кетеді. Сондықтан ылғида пайдалануц керек.
Осыларды пайдаланып, оқушылардан жаңа технологиямен яғни модельдік бағдарламаны сабақта қолдану керек. Модель бағдарламаның мақсаты сабақтың мазмұнын түсіндіріп, тақырыпты кеңейте түседі. Модельдік технология Жанпейісовадан кейін күшті қолға алынып дамып, жетіліп келеді.
Симпозиум мен поэзия сабағының мәнін айтатын болсақ, оқушылардың өзіндік ынталарына негізделеді. Симпозиум сабағында Қазақстанда жиі кездесетін паразиттік құрттар тақырыбында арнайы мамандар гельминтолог паразитолог, дерминтолог ғалымдарды, ұстаздарды шақырып, лекциясын тыңдап, оқушыларды мазалап жүрген сұрақтарға жауап іздейді.
Ал, поэзия сабағы ақын – жазушылардың өлеңдерін оқушылар оқып, оны талдап, қандай мән жатқанын анықтайды. Міне, осы мәліметтер бойынша курсытық жұмысымды жинақтадым.

1. Биология кабинетінде тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру
Кабинетті жабдықтау шеберлікті, ізденісті талап етеді. Толық жабдықталған кабинетте оқушылардың көру, бақылау жүргізу, зертханалық жұмыстар жасау арқылы білім, біліктері артыи, естерінде ұзақ сақталады. Төменде экология кабинетін оқу жабдықтарымен жабдықтау және «тірі табиғат» бұрышын жасау мысалдары көрсетілді.
Жануарлар
Аквариум Балықтар: группиялар, шұбар-семсер (пецилиялар), семсерқұйрықтар, алтын балықтар, жайыншалар, данио-рерио, барбустер, скаляриялар және т.б.
Омыртқасыздар: кірпікшелі кебісше, кәдімгі гидра.
Былқылдақ денелілер: айқұлақ, ұлу, перловица, ампулярия, ахатина, үлкен тоспа ұлуы, қошқармүйіз ұлу, шалғындық шырыш және т.б. Шаянтәрізділер: шашақмұрт шаян (дафния), циклоп, есекқұрт
Бунақденелілер: жүзгіш қоңыз (плавунец окаймленный), үлкен суіңкәр, ауылшаруашылық ЗРІЯНКӨСтерінің дернәсілдері немесе көбелек қуыршақтары, басқа да бунақденелілерді, дрозофнлаларды ұстауға болады. Сирекқылтанды құрттар мен сүліктер.
Акватеррариум.
Қосмекенділер: кәдімгі құйрықты бақа (тритон), аксолотль, шпорц бақасы, шөп бақа, жасыл немесе сұр құрбақа, шұбар бақа.
Мамандандырылған кабинеттерде басқа да жануарларды ұстауға болады: тасбақаларды, су жыландарды, атжалмандарды, теңіз шошқаларын, үй қояндарды; құстардан: кептерлерді, тотықұстарды, шымшықтарды және т.б.
Өсімдіктер
Кактустер (зигокактустер, эпифиллюмдерді), рипсалистер және т.б., сүттігендер (ашық сүттіген, жапырақсыз сүттіген, басқа да формалары), монстера, агава, ағаштәрізді алоэ, амаралис, аспарагустер, бальзамин, бегония, Дегремон бриофиллюмы, германтус, етті гойя, колеус, қазтамақ, пеларгония, сансевьера, сенполия немесе узабар шегір-гүлі, алтын сциндапсус, традесканция (түрлі формалары), шоқты хлорофитум, циперус немесе папрірус; гүлді аквариумдық өсімдіктер (оралмалы валлиснерия, каролиндік кабомба, пистия, пузырчатка, ряска, канадалық элодея); споралы аквариумдықтар (жүзуші риччия, фонтииалис немесе су мүгі, төрт жапырақты маргилея, жүзгіш сальвиния, хара немесе топляк және т.б.).
Жинақтамалар
Орман, бақша, алқап, бақтардағы зиянкес бунақденелілер.
Әр түрлі табиғи мекеы ортала-рьша өсімдіктердің бейімделулері (орман, шалғындық, дала, өзен, көл, таулар және т.б.).
Жарық тәртібі, ылғалдылық, температураға өсімдіктердің экологиялық бейімделуші формалары.
Паразиттік өмір сүруші формалары.
Мекен ету ортасы ретінде топыраққа экологиялық бейімделуші формалар.
Өсімдіктердің өмірлік формалары.
Жануарлардың өмірлік формалары.
Өсімдіктер мен жануарлардың қорғаныштық бейімделушіліктері (құрылысы, түр-түсі (реңі).
Өсімдіктердің мәдени формалары (түрлік саналуандылық), агро-жүйедегі мәдениеттендіру.
Өсімдіктердің шөп қоректі жануарлардан қорғанатын аналогиялық мүшелері (арша, таққурай, ит-мұрын, бөріқарақат).
Қорғаныш рең түрлері (жабын реңді бунақденелілр, үркітуші реңді бунақденелілер, мимикриялық және бүркеніш реңді пішін мен түр-түс).
Бунақденелілердің аяқтарының бейімделу өзгерістері. Жануарлардың жемтіктеріне шабуыл жасау мүшелері.
Бүлінгені су қаларындағы индикатор-жануарлар (ақ, сұлама, перловица, аз қылтанды құрттар). Бауырсорғыш, мысық ішіндегі паразит құрттар.
Кестелер
Биосфера.
Табиғат белдеулері.
Емен орманы, тұщы су қоймасының тіршілік қауымдастықтары. Көлдің өсуі (сукцессияға мысал/ ретінде). Өсімдіктер мен жануарлардың мекен ету ортасына бейімделуші формалары.
Ылғалды, тропикалық ормандар, субтропиктер, шөл, су өсімдіктері, орман, шалғындық өсімдіктері.
Жануарларды қорғау (21 кестеден тұратын серия).
Карталар
Әлемдік биосфералық қорықтар мен ұлттық саябақтар.
Қазақстанның табиғат белдеулері.
Қазақстанның физикалық картасы.
Әлем және Қазақстанның зоогеографиялық картасы.
Қазақстанның қорықтары мен қорықшалары.
Қазақстанның экологиялық картасы. Қазақстан халқының тығыздығы.
Моделъдер-Үлгілер
Табиғаттағы зат және энергия айналым. Тіршілік қауымдастығының динамикалық моделі (емен орманы, тұщы су қоймасы). Тұщы су қоймасы өсуінің динамикалық моделі.
Экологиялық-биологиялық конструкторлар.
Агроценоз.
Биосфера және адам.
Микропрепараттар
Тіршіліктің паразиттік формалары.
Түрлі ластанған орта факторларының әсерінен өзгерген жапы-рақтарының формалары мен түрлері (хлорофилдің өзгеруі, жапырақтың құрылысы және галлар (бұзғындар) өзгерісі және т.б.)
Аудиовнзуалды оқыту жабдықтары. Кинофильмдер
Зиянкестермен биологиялық күресу әдістері.
Адам және оның денсаулығы.
Құстарды қорғау және қатыстыру.
Балықтарды қорғау және өсіру.
Кұстардың экологиялық топтары.
Өсімдіктер тіршілігіндегі маусымдық өзгерістер.
Жануарлар тіршілігіндегі маусымдық өзгерістер. Адамның өсімдік түрлерінің көп сымдық өзгерістер.
Экология. «Биология әлемі». Планетариум орталығы слайд-альбомдар сериясы.

Диафильмдер
В.И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі.
Жаһандық экологиялық дағдарыстар.
Құстарды қорғау және қатыстыру.
Жануарлар санын қалпына келтіру.
Түрлі табиғат жағдайларындағы жануарлар тіршілігінің ерекшеліктері.
Қыстама және жыл құстары.
Қоршаған ортаны қорғау.
Өсімдік тіршілігіндегі күз.
Ағзалардағы бейімделушіліктің пайда болуы.
Өсімдіктер тіртілігіндегі маусымдық құбылыстар.
Өсімдіктерді қорғау.
Жыртқыш өсімдіктер.
Өсімдік бірлестіктері.
Балық байлығын қорғау және балық өсіру.
Жапырақтардың алуан түрлілігі.
Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабы.
Сирек және жойылып бара жатқан жануарлардың түрлері.
Гүлді өсімдіктердің алуан түрлілігі және олардың тіршілік ету мекендері.

Диапозитивті (Слайдтер).
Өсімдіктер және жануарлардың табиғи бірлестіктері. Бунақденелілердің табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі.
Адамның өсімдік бірлестіктеріне әсері.
Адамның өсімдік түрлерінің көп түрлілігіне әсері.
Өсімдіктердің бірлестіктегі өзара байланысы.
Адамның табиғаттағы құстар санының әсері.
Астрахань қорығы.
Экология. «Биология әлемі. Планетариум орталығы. Слайд-альбом сериясы.
Видеофильмдер . «10+10» 10 фрагменттен тұратын сериал. «Накануне» – экопрос-вещения ассоциациясы – 100 мин.
Экология. Дәстүрсіз энергетика. «Кварт» киновидеостудиясы – 1 кас, 50 мин.
Табиғат бірлестіктері. «Кварт» киновидеостудиясы — 1 кас.,. 42 мин.
Өсімдік тіршілігі. «Кварт» киновидеостудиясы – 1 кас, 70 мин.
Табиғат құпиялары. «Кварт» киновидеостудиясы – 1 кас, 175 мин.
Қызықты табиғат. «Кварт» киновидеостудиясы – 1 кас, 75 мин.
Өсімдік бірлестіктері.
Жануарлар жауап береді ВВС кино-видеостудиясы – 1.кас…,103 мин.
Экологиялық альманахтар (жинақ). «Кварт» кино-видеостудиясы – 1.кас…, 85 мин.
Экологиялық жүйе. «Кварт» кино-видеостудиясы – 1.кас…, 76 мин.
Биосфералық қорықтар. «ВВС» кино-видеостудиясы – 1.кас…, 55 мин.
Экология. Табиғатты қорғау. «ВВС» кино-видеостудиясы – 1.кас…, 85 мин.
Күйтабақтар. Табиғаттағы құстар дауыстары. Табиғаттағы жануарлар
дауыстары. Экологиядан сабақтар мен сарамандық жұмыстар өткізген кезде жетіспейтін құрал-жабдықтар мен материалдарды биология, химия, физика кабинеттерінен алып қолдануға болады.

1.1 Өсімдіктану курсы бойынша табиғи материалдарды , жасанды мәліметтерді , қордағы , кітаптағы , ғылыми жұмыстарды оқушылардың биология сабағына белсенділігін , қызығушылығын , сүйіспеншілік мәні бар білім беру керек . Өсімдіктер әлемін балдырдан оқу басталады . (құрылыс ерекшеліктері , көбеюі , даму т.б. ) яғни көп жасушалы балдырлар , одан ашық тұқымды және жабық тұқымды өсімдіктер , дара және қос жарнақты өсімдіктер , одан төменгі сатыдағы өсімдіктер және жоғары сатыдағы өсімдіктер оқушыларға тәрбиелік мәні бар білім береміз . Өсімдіктану курсында тірі табиғат бұрышындағы жинақтамалар бөлімінде әртүрлі табиғи мекек орталарына өсімдіктердің бейнеленуі (орман , шалғындық , дала , өзен , көл , таулар және т.б. )
Мекен ету ортасы ретінде топыраққа экологиялық бейімделуші формалар және өсімдіктердің өмірлік формалары бар.
Өсімдіктердің қорғаныштық бейімделушіліктері (құрылысы , түр-түсі , көбеюі , дамуы , тыныс алу , қоректену т.б.)
Өсімдіктердің мәдени формалары (түрлік сан-алуандық) агрожүйедегі мәдениеттендіру
Өсімдіктердің шөп қоректі жануарлардан қорғанатын аналогиялық мүшелері (арша , таңқурай , итмүрын , бөріқарақат)
Өсімдік бірлестіктері
Қазақстанның және Халықаралық Қызыл кітапқа енген өсімдіктер туралы мәлімет беру
Өсімдіктердің шаруашылықтағы , адам өміріндегі , табиғаттағы мағызы
Міне осы бағытта өсімдіктер курсында тәрбиелік мәні бар білім береміз .
Өсімдік ― табиғат қазынасы , халық байлығы . Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес . Олай дейтін себебіміз ,  ол тіршілікке қажетті органикалық зат пен оттегінің қайнар көзі , өсімдіктерде түзілген органикалық заттарды бүкіл тірі ағзалар пайдаланады .
Біздің ғаламшардағы өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн тонна
шамасында оттегін бөліп шығарады . Өсімдіктер айналадағы ортаны жақсартады ; ауа райын салқындатып , қатты желге тосқауыл болады ; аптап ыстықты қайтарып , қысқы суықтың ызғарын бәсеңдетеді . Сондықтан да ауыл шаруашылық өсімдіктерін қатты аңызақ желден құрғақшылықтан сақтау үшін және қар тоқтату , жыралар мен тау беткейлеріндегі топырақты бекіту үшін орман алқаптары пайдаланады .
Өсімдіктер топырақта түзде де ерекше маңызды: топырақты қара шірікпен байытады (өсімдіктердің органикалық заттары жануарлар мен ұсақ ағзалардың әсерінен қара шірікке айналады) . Топырақтың құрамы жақсы болуы өсімдіктердің жемістердің молайуына әкеп соғады.
Демек , өсімдік  адам үшін азықтың қайнар көзі .
Адамдардың өміріне , тіршілік қажетіне бірден-бір жарамды мәдени өсімдіктер  дәнді (бидай , жүгері , күріш , тары , қарақұмық) , майлы (күнбағыс , зығыр , жер жаңғағы ) , талшақты (ақ мақта) , бау-бақша өсімдіктері (орамжапырақ , қызанақ , баклажан , қарбыз , қауын , дақылдар мен жеміс-жидектері (алма , шие , таңқурай , қарақат , грек жаңғағы т. Б. ) болып табылады .
. Қазақстанда 6000-ға жуық дәрілік өсімдіктер өседі екен . Дәрілік өсімдіктер әр түрлі аймақта таралған . Бұл дәрілік өсімдіктер қорғауды талап етеді . Қазақстанда өсімдіктерді және жануарларды қорғауға алған 9 қорық 62 қорықша бар.

1.2 Жанурартану ылғалды препараттарды аквариумдегі жануарларды және акватеррариумдегі жануарларды биология сабақтарында тірі табиғат бұрышындав пайдалану
Биология сабақтарында ылғалды препараттардан К.И. Скрябин ұсынған ГТЖТ әдісі арқалы зерттеу .
Бұл әдіс ғылыми мақсат барысында қолданылады . Онымен жануарлардың тоғышарлары бар барлық мүшелерін тексеруге болады
Мал дәрігерлік жеке тәжірбиеде мүшелерді тексеруде ГТЖТ әдісі көп пайдаланылады . Мысалы: фасиолез бен дикроцелиозын аурулардың қоздырғыштары сорғыш құрттарды балау үшін бауырды тексереді . Оны ет жолдары бойынша тіліп отырып , оның жеке бөліктерінің ішінде физиологиялық кюветкаға салады . Осы уақытта құрттар ертіндіге түсіп , ыдыс түбіне жиналады және олардфы үлкейткіш лупаны пайдалана отырып теріп алады .
Герлихтың модификациясы бойынша асқорыту жүйесін зерттеу . Бұл әдіс күйіс қайыратын малдың стронгилятадаларын нематодаларын іздеп табуға қолайлы . Ол үшін асқазан ұлтабар асқазан кілегейлі қабығынан көптеп қырынды алып , ыдысқа салып , Рингер ертіндісінде бірнеше дүркін жуып-шайып 60 в-ты электро шам астына 4-5 см қою керек . 30 минут өтісімен жұмыр құрттар жылы мен жарықтың әсерінен қырындының үстіне шығып , преполовальды инемен жинап алып , қайта жуып шаю үшін стаканға салады . Остертагиялар мен гемонхтарды жинау үшін ұлтабарды бөліп алып тіліп қандауырдың (скальпелдің) түбі өтпес жағымен кілегейлі қабығынан мол етіп қырынды жинап , көлемі 9-12 см кюветкаға салып , 200 в электро шам астында екі арлық 20 см қояды . Қырынды сыртына жылжып шыққан неиотодтарды жинап физиологиялық ертіндісі бар шыны ыдысқа салады .
Аквариумдегі алғашқы балықтарға келсек майда және ірі балықтарды кездестіреміз . Мысалы: алтын балық , группиялар , жайыншалар , скаляриялар т.б. Бұлар майда балықтар . Осы сияқты аквариумде омыртқасыздар ; кірпікшелі кебісше , гидра , былқылдақденелілерден ; айқұлақ , ұлу , қошқармүйіз ұлу т.б, шаянтәрізділерден ; өзен шаяны , циклоп , дафния т.б, өрмекшітәрізділерден ; қарақұрт , бұзаубас т.б. оқушыларға білім беру үшін пайдаланамыз . Аквариумдегі барлық жануарлар еріген оттегімен тыныс алады және қолдан қореқтенеді . Бұлар жыртқыш жәндіктер . Жануарлардың адам өмірінде үлкен маңызы бар .
Жануарлардың жер жүзінде суда да , құрлықта да , топырақта да тіршілік етеді . Жануарлар қоректеніп ұрпағын өрбітеді .
Бұлардың акватеррариум дегеніде бар . Онда арнайы қосмекенділер кәдімгі құйрықты бақа , тритон , аксолотль , шұбар бақа т.б. Бақаларды жеке бөлек ұстайды . Өйткені бақалар суды тез ластап , басқа жануарлардың өмір сүруіне кедергі жасайды . Қазақстанда бақалардың екі түрі мекендейді . Көпшілігі тропиктік жерлерде (Африка , Австралия ) елдерінде мекендейді .
Мамандандырылған кабинеттерде басқада жануарларды ұстауға болады : тасбақаларды , су жыландарды , атжалмандарды , теңіз шошқаларын , үй қояндарын , құстардан : кептерді , тотықұстарды , шымшықтарды т.б.
Негізінен жануарлар әлемі  табиғаттың бөлінбес құрамдас бөлігі . Сондықтан бүкіл халық болып жануарларды қорғау жұмысы ұйымдастырылды . Халықаралық Қызыл кітапқа 1979 жылдан 226түрі 79түр тармақтары , құстардың 181 түрі мен 77 түртармақтары, жорғалаушылардың 98 түрі мен түр тармақтары , қосмекенділердің 40 тармақтары тіркелді .

2. Жаңа технология әдісі бойынша ― Модулдік бағдарламамен оқыту оқушылардың сабаққа деген белсенділігін , қызығушылығын арттырады . Оқытудың молудік технологиясының басты элементінің бірі  модулдік бағдарлама . Мұнда оқыту әдістері мен тақырыпты меңгеру жүйелілігі көрсетіледі , яғни модулдік бағдарлама белгілі бір тақырыпты оқып үйренудегі оқушы іс-әрекетінің бағдарламасы . Бұл бағдарлама бірнеше оқу элементтерін қамтиды .

Биология 8-сынып «Қосмекенділер класы » тарауына құрылған модулдік бағдарлама үлгісі .
Оқу эле- Тапсырмалар көрсетілген Тапсырманы орындауға
менттер оқу материалдары берілген ұсыныстар

ОЭ―0 Мақсат: модуль мазмұнын меңгере Сабақтың мақсатын мұқи-
Отырып қосмекенділердің сипаттама – ят оқып шығу
сын , мекен ету ерекшеліктерін анық-
ОЭ―1 Жұмысқа дайындық
1.Оганикалық дүниенің дамуы сызба- Кабинеттегі сызба-нұсқа-
нұсқасына назар аудара отырып , жан- ны пайдалану .
уарлар әлемінің даму сатысын жүйелеу

2. Жұмбаққа назар аудару . Ойланып жауап беру .

3. Осы жұмбақтағы екі жер деген сөз- Қазақ тілінен синонимдік
дің баламасын немесе синониумын сөздерді еске түсіру .
табу .Екі ― қос, жер ― мекен. Демек
сабақтың тақырыбы Қос мекенділер-
класы.
ОЭ―2 Мақсат:қосмекенділер туралы түсінік
алу
Жоспар
1. Мекен ортасы , көптүрлілігі . Мәтінді мұқият тыңдап,
2. қосмекенділер организмінің қажетті жерлерді дәп-
құрылысы терге түсіріп отыру .
3. Тіршілік әрекетінің ерекшеліктері
4. Шығу тегі , көбеюі
5. Табиғаттағы және адам өміріндегі
маңызы .
ОЭ―3 Мақсат: қосмекенділердің ерекшелік-
ліктерін анықтау
1. Салыстыру әдісін пайдаланып , Балықтар класы туралы
қосмекенділердің балықтар класымен білетініңізді пайдалану
ұқсастықтарын айырмашылығын
табу
ОЭ―4 Мақсат: білімді жүйелеу
Графикалық диктант немесе деши-
фратормен жұмыс .
1. Өкпе және тері арқылы тыныс Шартты белгілерді пай-
алады. Даланып, класқа тән бел-
2. Кіші және үлкен қанайналым гілерді теріп жазу.
шеңбері бар.
3. Жүрегі екі бөлікті.
4. Жемін жақ сүйектегі өткір
тісімен ұстайды.
5. Алдыңғы миы күшті дамыған
және үлкен жарты шарларда
құралған.
6. Артқы ішек кең, жері –
клоакаға ашылады.
7. Мишығы жақсы жетілген,
Теп-теңдігін басқаруға қатысады.
ОЭ―5 Мақсат:қосымша материалдарды Плакаттағы суретпен та-
пайдалана білу нысу.Физиологиялық
1. Қосмекенділердің көптүрлілігі тәжірбиені сипаттап үй-
2. Ғылымдағы еңбегі. рену.Аңызды мұқият тың-
3. Аңыз Көлбақа неге құйрықсыз дап, қорытынды жасау.Ауа-
4. Қосмекенлер мінез-қылығы. райын бақылап үйрену.
5. Емдік маңызы. Халық медицинасында қол-
данылу жолын түсініп ал-
ыңыздар.
ОЭ―6 Сабақ қорытындысын шығару.
1. Динамикалық модель арқылы Топтық жұмыс.
омыртқалы жануарлар эволюция-
сы кестесін толтыру.
2.Сабақтағы өз жұмыстарын Бағалау

Оқушылардың модулдік бағдарлама сабағын өту арқылы жоғыры деңгейге жетуге болады.

2.1 Биологиядан сабақтарының сапасын көтеру үшін оқушылардың сабаққа қызығушылығын , біліктілігі мен белсенділігін арттырудың негізгі жолдарының бірі ― сабақты түрлендіріп өту. Сондай сабақтардың бірі ― симпозиум сабақ.
Сабаққа төмендегідей мақсаттар қойылды:
1. Білімділік: Оқушылардың мектеп гигенасының денсаулыққа тікелей әсері бар екендігі , пәннің әр түрлі ғылымдармен байланысты.Оған
үлес қосқан ғалымдар және олардың еңбектері туралы түсіндіру
2. Дамытушылық:Оқушылардың гигена туралы алған білімдерін одан әрі тереңдетіп бекіту, сабаққа белсенділігін арттыру мақсатында қосымша материалдарды пайдалануға дағдылану , ойлау қабілетін дамыту
3. Тәрбиелеушілік: Оқушыларды жеке дербес тазалығын сақтай білуге, қоршаған орта тазалығын қорғауға, адамгершілік пен әдіптілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Симпозиум оқушылар педагог, психолог , физиолог , гтнеколог , дермотолог , стомотолог , эпидемиолог мамандары болып дайындалып келеді.Сабақ 3 бөлімнен тұрады.
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі
2. Мамандалардың баяндамаларын тыңдау.
3. Оқушылардың реферат жұмысын қорғауы.
1-бөлім. Симпозиум сабақты мұғадім оқушыларға қазақ халықының дене мен жан саулығына , гигиенаға мән бергендігі туралы мәліметтер беруін бастайды. Мұғалім өз сөзінде төмендегідей мәліметтер беруімен бастайды: Әрбір ұлт өзінің даму тарихында ұлттық дәстүрін , әдет-ғұрып атадан балаға қалдырып , өзінің өсуіне және дамуына жол көрсетіп , көзінің қарашығындай сақтап келеді . Қазақ халқы тазалыққа о бастан үлкен мән берген. Ата-бабамыз көптеген ғасырлар бойы көшіп-қонып жүріп , қиындық көрседе, ұлттық дәстүрін жоғалтпай қайта оны байытып отырады. Мұндай өмір қазақ халықының ғылыммен жақындасып , соның ішінде адамның денесін шынықырып, физиологиясынжәне гигиеналық ережелерін меңгеруге ешбір мүмкіндігі болмады, Соның өзінде халқымыз баланың, жеке бастың тазалығын , қыз бенжігіттің тәрбиесіне үлкен мән берді. Солардың бірі баланың бесікке салуға ерекше назар аударған. Бесік ― ғасырлар бойы атадан балаға мұра болған, сәбидің тазалығын сақтау және денсаулығына қамқорлық жасау тәсілдердің бірі. Жеті атасын білу , текті жердің қызын алу, тағы басқа толып жатқан дәстүрлер дүниеге келер дені сау ұрпақтың денсаулығына екенін білген .
Тазалық денсаулық кепілі , денсаулық ― байлық кепілі – демекші , денсаулық өмірдегі ең баға жетпес байлық . Ал енді осы денсаулықты күту, аурулардың алдын алу , гигиеналық талаптар жайлы мағлұматтар симпозиумға келіп отырған мамандардан білеміз және олар қойылған сұрақтарға жауап береді.
2 -бөлім Маиандардың баяндамаларын тыңдау.
1. Педагог. Мектеп гигиенасының бөлімдері , талаптары және халықтық гигиена жайлы (ораза ұстау, намаз оқу ) баяндама жасайды.
2. Психолог . Көңіл-күйдің бұзылуы , стресс , психоз және т.б. алдын алу шаралары туралы баяндама жасайды.
3. Физиолог . Мектеп жасындағы балалардың физиологиялық ерекшеліктері , ұл мен қыздың жіктелуі жайында баяндама оқиды.
4. Гинеколог. Жыныстық жолмен жұғатын аурулар және жеке бас гигиенасы туралы баяндама жасайды .
5. Дермотолог. Тері гигиенасы және олардың алдын-ала шараларымен таныстырып өтеді.
6.Стомотолог. Ауыз қуысын күту , тіс ауруларын алдын-алу шараларымен таныстырып өтеді .
7. Эпидемиолог. Жұқпалы аурулардың алдын-алу шараларын баяндап өтеді.
Симпозиумға келген оқушылар мамандарға төмендегідей сұрақтар қойды:
1. Педагогқа: Бастауыш сынып оқушылары жазу жазғанда тез шаршайды. Неліктен
2. Психологқа: Псиохлогиялық денсаулыққа әлеуметтік жағдайдың әсері қандай
3. Физиологқа: Жалпақтабандылық қалай пайда болады
4. Дермотологқа: Безеу неден пайда болады
5. Гинекологқа: Неге СПИД ауруының емі табылмайды
6. Стомотологқа: Тісті қандай халықтық медицина әдістерін қолданып емдеуге болады
7. Эпидемиологқа: Нге тұмау ауруы күн салқындағанда көбейіп кетеді
3-бөлім. Оқушылардың реферат жұмыстарын қорғауы:
1. Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигенасы саласында үлес қосқан ғалымдардың еңбектері
2. Денсаулық , тазалық және әдептілік жайлы мақал-мәтелдер , тиым сөздер.

2.2. Биология сабағын ақын-жазушылардың поэзия түрінде оқушылардың белсенділігін оқушылар жаратылыстану пәніне үлес қосқан ақын-жазушыларды атай келіп, ол кісілердің өлең-жырларынан үзінділер оқыды. Оқушылар өз қалауымен ақындардың өлеңдерін таңдап онда қандай ой жатқанын айтады. Негізінен өзіндік жұмыс сабағына негізделген .

Шәкәрім Абай

Сырбай Жамбыл

Ильяс Әбділда

Қадыр Мәриям
Фариза
Мұқағали
Мұхтар Сакен

Ақын-жазушылардың өлең-жырларынан үзінділер.
Талды қиған неткен суық қол еді,
Тоғай тозған… Енді сірә жоқ елі
Бұл өмірге не көрінген, тәңір-ау?!
Бұл өңірде соғыс болған жоқ еді.
…Кәріқұлақ саған айтам налыма
Жүгін өзің ақылыңа арыңа.
Жазда — жайлау, қыста —
қыстау еді ғой,
Титтей тоғай — малыңа да жаныңа.
Сиреп қалған сидам орман шулап тұр,
Қарғыс айтып ойбайлатын жауына.
М. Мақатаев.

Ауру. Індет Сыр бойын алды басып,
Туған жерден үріккен ел жатыр
Қашып. Аралдағы құландар ауып кеткен,
Әлдеқайда үйірінен жүр адасып.
Ә.Тәжібаев.
Мұнаралар теңіз бойлай тігілген,
Күзетшідей тұра қалған іңірде.
Бірін-бірі қуалаған шабақтай,
Миллион жұлдыз жатыр Каспий түбінде.
С.Мәуленов.
Ыстықкөл Жер айнасы мөлтілдейді,
Балқашты қамыс қамап желкілдейді.
Атанған алтын өзені Жітісудің
Балқашқа бауырымдап еңірейді.
Балқаштан өзенді өрлей жүзген балық,
Тұмсығын тас қаққанша еркіндейді.
Бұлқынса анда-санда алабура,
Жетісу желпең қағып селкілдейді.
Ілияс.
Берекесі болса ел, Жағасы жайлау ол бір көл
Жапырағы жайқалып.
Бұлғақтайды соқса жел.
Оның малы өзгеден,
Өзгеше болып өсер төл.
Абай.

Жатырда қанды емізген,
Ауызсыз қорек жегізген,
Туғызып, түзеп өсіріп
Өзіңді -өзім дегізген
Тіршілік сөйтіп таралған
Шәкәрім
Табиғат әсемдіктің төркінісің
Ән салам бір сенің көркің үшін,
Жан-жануар табынып бір өзіңе
Сенен алып тұрғандай бар тынысын.
Ж.Жабаев
«Табиғаттан бабамыз ала берген секілді!
Дархандықты қазаққа дала берген секілді.
Мөлдірліктін көгілдір көлден алған секілді.
Қ. Мырзалиев
Келесі кезекте оқушылар өз шығармашылықтарынан өлеңдер оқыды
Жетісудің табиғатын жер қылған
Салқын самал лептерін ән қылған,
Осы жерде туғандығын мақтан қып
Ілияс баба жан дүниесін арнаған.
Рәпи М.(7-сынып)
Жетісудың дүлділі,
Қазағымның бұлбылы
Жеті қабат жон арқада аруақ бар!
Жамбыл ата!
Ұлтымның сен құндызы.
Төленгентегі А. (5-сынып)
Жаратылыс іліміне үлес қосқан ақындар
Сондықтан да халқына олар жақындар.
Ілияс Шәкәрім, Абай, Мұқағали сынды тұлғалар,
Асылдарды жинап, маржан таққандар.
Табиғатты жаным, қаным дегендер,
Ақындар ғой айбай болған ұрпақтар.
Анаң айтқан бесік жырын, бал шырындай ұйытқан,
Ақын сөзі ақын әні балалар.
Табиғатқа сезімменен қараңдар,
Тылсым сырын іліп, оқып, ұғыңдар
Жаратылыс сан ғажайып құбылыс.
Ақындармен дос боп соны ұғыңдар.
Садуақасова Ж. (8-сынып)

Қорытынды

Қорыта айтатын болсақ, биология сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдістерді қолдануға болады. Биология кабинетіндегі тірі табиғат бұрышындағы жануарлардың, өсімдіктердің диафильмдердің, кинофильмдердің, күй табақтардың ылғалды препараттардың, жинақтамалардың, кепешөптердің т.б. бөлімдерді сабақта пайдаланса, өсімдіктер бөлімі бойынша оқушылардың белсенділігі артады. Жануарлардың аквариумдегі, акватеррариумдегі және басқа да мамандандырылған бөлмелердегі жануарларды пайдаланып, сабақты бекітіп, қорытындылауға болады.
Жаңа технология әдісі бойынша әр әдістің өзіндік ерекшелігі болады. Модульдік технология күннен күнге дамып, келеді. Бұл әдістің бағыт бағдар беру, түсіндіру қорытындылау сияқты мақсаттарды алға тартады.
Симпозиум сабағының қорытындысы заман талабына сай жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, білімді, мейірлі, өзін-өзі тәрбиелей алатын, салауатты өмір салтын мұра тұтқан дара тұлғаларды қалыптастыру.
Ал, поэзиялық сабақ әр ақынның өзіндік ой түйіні ерекше. Біреі эколог, бірі биолог, бірі зоолог, бірі ботаник. Барлық сабақтарды оқыту барысында оқушыларға қызықты белсенділігін арттыратын, тәрбиелік мәні бар білімді тұлғаның ойында қалыптастырып, заман талабына сай азаматты тәрбиелеп шығар.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қуанышева С.Е. Биологияны оқыту әдістемесі. Шымкент:
2000 ж. 300 бет
2. В.В. Травникова Биологические экскурси, СПб.: «Паритет», 2002. – 256 б.
3. Ә.Бейсенова, А.Самақова, Т.Есполов Экология және табиғатты тиімді пайдалану: оқулық. – Алматы: Ғылым, 2004 – 328 б.
4. Биология Қазақстан мектебінде./ Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. 2005 жылдан бастап.
5. Қайым Қабділрашид. Биология. Анықтамалық көмекші құрал. –Алматы. «Ол – Жас баспасы» ЖШС. 2006 ж. 104 бет.
6. Оспанова Г. Экологи: оқулық. –Алматы Экономика, 2002. – 408 б.
7. Н.Л.Галеева. Сто примеров для учебного успеха ученика на уроках биологии: М.: «5 за знания», 2006. -144 с.
8. Қисымқызы Ә. Салауаттану. Әдістемелік құрал. – Алматы. «Алматы кітап» ААҚ, 2004. -160 бет
9. Бейсенова Ә.С., Ж.Б.Шілдебаева, Г.З.Сауытбаева. –Алматы: Ғылым, 2001. – 238 б.
10. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері: оқулық. – Алматы: Зият, 2003. – 212 б.
11. Шілдебаева Ж. Қызықты экология: оқу құралы. –Алматы: Ы.Алтынсарин, 2000. – 172 б.
Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Добавил: Akinfeev
Просмотров: 12154 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Последнии комментарии