Сегодня 29.04.2024
Казахстанское время 09:18
Главная » Файлы » Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина

Прокариоттар және эукариоттар
29.11.2011, 18:48
Қазіргі кезде барлық ағзаларды прокариоттар және эукариоттар деп екіге бөлуге болады. Бұл ұғымдар karion – жаңғақ ядросы деген түсінік беретін грек сөзінен туындаған.

Прокариот ұғымы “ядроға дейінгі”, ал эукариот – “жақсы немесе анық ядросы бар” дегенді көрсетеді.

Прокариоттарды, сондай-ақ, бактериялар деп те атайды. Прокариоттарға көк-жасыл балдырлар, актиномицеттер, бактериялар, спирохеттер, микоплазмалар, хламидиялар жатады.

Эукариоттарға – көпшілік балдырлар, саңырауқұлақтар мен қыналар, өсімдік пен жануарлар жатады.

Прокариот клеткаларының эукариот жасушаларынан айырмашылығы – олардың генетикалық материалы – сақиналы ДНҚ құрамына ақуыздар кіретін күрделі хромосомаларға жинақталмаған және де мембранамен қапталмаған. Прокариоттарда белгілі бір қызметтер атқаратын мембраналық құрылымдары болмайды. Бактериялар екіге жай бөліну арқылы көбейеді, сондай-ақ екі клетка арасында генетикалық ақпарат алмастыру түрінде жүретін жыныстық көбеюді байқауға болады. Прокариоттар клеткаларының пішіндеріне сәйкес ұсақ болып келеді. Олардың көлемі шамамен 1-10 мкм.

Прокариот клеткаларының құрылымы мен химиялық құрамдарында өздеріне тән ерекшеліктері болады (1-сурет). Цитоплазмалық мембранадан тыс орналасқан құрылымдары (жасуша қабықшасы, капсула, сілемейлі қап, талшықтар, ворсинкалар) көбінесе беттік құрылымдар деп аталады. Цитоплазмалық мембрана мен цитоплазма протопласт деп аталады.

Эукариот клеткаларының прокариоттардан негізгі ерекшелігі – олар жеке-жеке компартменттерге бөлшектенген, яғни көптеген мембраналық органеллалары болады. Эукариоттардың ақуызбен байланысқан ДНҚ-ы хромосомаларға жинақталып, қос мембранамен қапталған ядрода орналасады.

Эукариот клеткаларының пішіндері прокариоттарға қарағанда ірі келеді.

Прокариот пен эукариот клеткаларының негізгі ерекшеліктері 3 -кестеде нақты көрсетілген.

Өсімдік және жануар клеткаларының ұқсастықтары (4-кесте):

- өсімдік және жануар клеткаларының жалпы құрылыстары ортақ, яғни екеуінің де беттік кешені, цитоплазмасы және ядросы бар;

- мембраналық құрылымдары ортақ;

- химиялық құрамдары ұқсас;

- зат пен энергия алмасу үрдістері ұқсас жүреді, цитоплазма мен ядрода жүретін көптеген химиялық үрдістерінің жолы ұқсас, мысалы, ақуыз синтезі, ДНҚ репликациясы және т.б.;

- клетканың бөлінуі кезінде тұқымқуалаушылық ақпаратын ұрпаққа берулері бірдей;

- бөліну үрдістері бірдей.

Өсімдік және жануар клеткаларының айырмашылықтары:

- өсімдік клеткасының клетка қабықшасы, пластидтер, ірі вакуольдері бар, клетка орталығы жоқ;

- жануарлар клеткаларында клетка орталығы бар;

- жануарлар клеткалары қоректенуі гетеротрофты;

- өсімдік жасушаларының қоректену тәсілі – автотрофты.
Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Добавил: Akinfeev
Просмотров: 10578 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 3.7/3
Всего комментариев: 2

Суббота

Автор:

Сообщение #2. [Материал]
Okdjxr


atorvastatin medication <a href="https://lipiws.top/">lipitor 80mg cost</a> atorvastatin 80mg sale


Пятница

Автор:

Сообщение #1. [Материал]
Ердаулет


как скачать


Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Последнии комментарии