Главная » Файлы » Автоматтандыру |
21.03.2012, 23:26 | |
Үшінші бала көз таңулы күйде екі баланың айқасқан қолына отырады. Қолдасып тұрған балалар: «атқаума, атқаума», ‑ деп қаумалап көтерген сайын мөлшерлі жерге дейін жүреді. Бір бала: ‑ Ақ сандық, ақ сандық, ‑ дейді. Оған көзі байлаулы бала: - Көк сандық, ақ сандық, ‑ деп жауап береді. - Аспанда не бар? - Жұлдыз бар. - Жерде не бар? - Құндыз бар. - Көлде не бар? - Балық бар. Қаумалап келе жатқан екі бала: ‑ бақа, бақа балпақ, Басы неге жалпақ, Бұты неге талтақ, Көзің неге тостақ, ‑ дегенде: ‑ темір телпек көп кидім, Басым содан жалпақ. Теуіп жауды қашырдым, Бұтым содан талтақ. Қарауылда көп тұрдым, Көзім содан тостақ. – дейді әлгі бала. Екі бала: ‑ мына жерде шөл бар, Мына жерде көл бар, Мына жерде ел бар, ‑ деп қолдарын босатып жібереді. Отырған бала құлап түссе, ұпай береді. Құламай тіке тұрып қалса, екі бала ұпайға жығылады. Ойын осылай жалғаса береді. | |
Просмотров: 1981 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |
|