Сегодня 29.04.2024
Казахстанское время 08:05
Главная » Файлы » Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина

Күйіс қайыратын малдың қарындарының аурулары
29.11.2011, 13:01
МАЗМҰНЫ

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………. 6
Негізгі бөлім
1.1 Күйіс қайыратын малдың қарындарының аурулары ……………………….. 7
1.2 Қарындардың жіті гипотониясы және атониясы …………………………….. 8
1.3 Қарындардың созылмалы гипотониясы және атониясы………………….. 11
1.4 Мес қарынның азыққа толып кетуі ……………………………………………….. 13
1.5 Мес қарынның бүртіктерінің қабыршықтануы ……………………………… 19
1.6 Жалбаршақ қарынның бітелуі ……………………………………………………….. 24
2. Өзіндік зерттеу……………………………………………………………………………. 25-28
Техника қауіпсіздігі…………………………………………………………………………….. 26
Қорытынды…………………………………………………………………………………………. 27
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………………………….. 28

Анықтамалар

Флюктуация – толқынданған
Остеомаляция – сүйектің жұмсауы
Ацетанемия – ацетонның қанда көбеюі
Паракератоз – түйіншектеніп жалғасып жатуы
Руминид – кілегей қабықтарда өзгерістердің пайда болуы

Қысқартылған сөздер мен белгілер

мл – миллилитр
см – сантиметр
% – пайыз
мин. – минут
м – метр
г – грамм

Нормативтік сілтемелер

Бұл курстық жұмыста пайдаланылған сілтемелер төмендегі құжаттарға негізделген:
ГОСТ 2.102-68 ЕСКД. Конструкторлық құжаттардың толықтығы мен түрі.
ГОСТ 2.104-68 ЕСКД. Негізгі жазулар.
ГОСТ 2.201-80 ЕСКД. Конструкторлық құжаттар мен жасалған бұйымдардың белгілері.
ГОСТ 2.601-95 ЕСКД. Пайдалану құжаттары.
ГОСТ 2.304-81 ЕСКД. Сызба шрифттері.
ФС ЮКГУ 4.6-002-2004 СМК. Оқу құжаттарын толтыру қағидалары.
Графикалық талаптарға қойылатын жалпы талаптар.

Аннотация

Бұл курстық жұмыс мына бөлімдерден тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, техника қауіпсіздігі, қорытынды.
Кіріспе бөлімінде күйіс қайыратын малдардың қарындары аурулары туралы жалпы түсінік қамтылған.
Негізгі бөлімде күйіс қайыратын малдардың қарындары аурулары себептері, аурулардың белгілері, аурулардың барысы, ауруларды емдеу және сақтандыру шаралары қамтылған.
Өзіндік зерттеу бөлімінде біздің практикалық дәріс барысында күйіс қайыратын малдардың қарындары ауруларымен ауырған малдарды емдеу жөнінде айтылған.
Техника қауіпсіздігі бөлімінде малдарға фиксация жасау және оларға дәрі-дәрмектермен зиян тигізбеу туралы айтылады.
Қорытынды бөлімінде өз ойымды тұжырымдап күйіс қайыратын малдардың қарындары ауруларын болдырмау туралы айтылған.

Кіріспе

Ветеринария ғылымының малдың жұқпалы емес ішкі аурулар бөлімі жұқпалы емес емес ішкі аурулардың пайда болу себептерін, өту ерекшеліктерін зерттеп анықтау әдістерін ем әрекеттерінің және сақтандыру шараларын дамытып, жедел жетілдіретін пән.
Арнайы бағыттандырылған ауылшаруашылық кәсіпорындарының мал шаруашылығы өнімдерін (сүт, ет, жүн және жұмыртқа) өнеркәсіптік технологиясы бойынша өндіретін кешендерді нәтижелі пайдалану тек қана аурулардан сақтандыру бағытындағы теориялық, методологиялық және ұймдастырушылық салаларының жеткен жетістіктерін түгелдей дерлік есепке ала отырып, сонымен қатар ауру малды дара және топтық емдеуді ары қарай дамытып, жетілдіру арқылы іс жүзіне асыруға болады. Соған байланысты малды түрлі жағдайларда аурулардан сақтап қалу үшін жоспардың негізгісі ретінде диспансеризация жүргізу ұсынылады.
Кей аурулардың, әсіресе зат алмасуының бұзылуынан сақтау, топтан сақтық ем жүргізу әдістерін қолданғанда ғана жақсы нәтиже береді. Сапасыз және ылғи азықтың бір түрімен ғана азықтырғандырғанынан пайда болатын ауруларды айықтыруда азықпен емдеудің диетотерапия мағынасы зор.
Сапасыз азықтарды дайындаған, азықты дайындау технологиясын бұзған және малды бағып-күтуге, әсіресе қыста қорада тұратын мезгілде гигиеналық ережелерді бұзған шаруашылықтарда ауру малдардың саны көбейеді. Сондықтан агрономиялық және ветеринариялық лабораторияларда азықтарды тексеруді кең түрде жүргізудің тек ауруды анықтауда ғана емес, сапалы және дұрыс азықтандыруын қадағалаудың маңызы зор.
Бұл жалпы биологиялық аурутану зооинженериялық, агрономиялық және қоғамдық-экономикалық ғылым салаларымен пәнаралық тығыз байланысын үзбей мамандықты қалыптастыратын пән.

Күйіс қайтаратын малдың қарындарының аурулары

Қарындардың аурулары ірі қаралар арасында жсірек, ал ұсақ малдар арасында сиректеу кездеседі. Қарындар ауруларын жиірек тудыратын себептерге уақтыны тамақтандырмау, сапасыз азықтар, азықтардың темір-тесектермен ластануы, шырынды азықтан құрғақ азыққа және керісінше тез ауыстыру, ылғс бір түрлі азықтармен-жеммен, сыра қалдықтарымен жане қойыртпағымен не қатқыл, дерекі, нәрсіз азықтармен азықтандыру жатады.
Қарындардың жиырылу қызметін бұзатын рефлекстерді қатпаршақтың, ұлтабардың барорецепторларын, аш ішектің химорецепторлерін ұзақ және әдеттегіден қаттырақ қоздыру әсерлері, сонымен қатар тақия қарынның жарақаттан ауырсыну реакциясы тудыруы мүмкін. Қарындар жиырылуының рефлекторлы түрде босаңсуы малдың буаз күндерінде, ортаның қызуы көтерілгенде және басқа да үрейлердің әсер етуінен пайда болуы мүмкін. Қарындар ауруларын тудыратын негізгі себептер қатарына олардың жиырылу қызметінің бұзылуын жатқызады. Олардың механо, термо және хеморейепторлары күшті тітіркенуден өзгергенде мес қарынның жиырылуы әлсірейді, күйіс қайтаруы бұзылады, соның салдарынан месқарындағы азықтың қорытылуы нашарлайды, рН өзгеріп қышқылданады, микробтардың әсерінен жын ыдырайды да уыттар құрылады. Уыттар және басқа да ферментация әсерінен пайда болған жадығаттар мес қарында, ұлтабарда және ішектерде денеге сіңіп организмге зияндық әсерін тигізеді.
А.А.Фадеев, Л.В.Панышев және В.В.Полякин қарындардың жиырылу процестерінің бұзылуын дистония деп атауға ұсыныс енгізді. Басалқы дистонияға мес қарынның мынадай аурулары (іш кебудің жіті және созылмалы түрлері; атония және гипертонияның жіті және созылмалы түрлері; жіті гипертония; парез), тақия қарынның (жарақаттан пайда болған ретикулит және ретикулоперитонит) және қатпаршақтың (ластануы) жатады. Қосалқы түріне жүрек-қан тамыр, тыныс алу, ас қорыту, зәр шығару және жүйке жүйелері ауруларының салдарынан пайда болатын дистониялар жатады. Қосалқы түрі негізгі аурулардың қосымша белгілері ретінде қаралады. Дистонияның қай түрі болмасын, мес қарынның жиырылу күшінің бұзылу деңгейін, дәлірек, руминография әдісімен, тұспарлап қолмен анықтайды.
Қарындар жиырылуының бұзылуын жай, шартты түр ретінде гипертонияға, гипотонияға және атонияға бөледі. Егер мес қарынның жиырылуы күшейсе, оны гипертония, бәсеңдесе гипотония,ал жиырылуы сезілмеген жағдайда атония деп атайды.

Қарындардың жіті гипертониясы және атониясы (Hypotonia et atonia ruminis reticuli et omasi acuta – острая гипертония и атония преджелудков) – мес, тақия және қатпаршақ қарындарының жиырылуларының бұзылулармен сипатталынатын дерт. Гипертонияда олардың жиырылу күші әлсіреп саны азаяды, ал атонияда жиырылу қызметі тоқтайды.
Себептері. Қарындардың өз бетімен дамитын гипертониясы және атониясы, ірі қарада жиірек, ешкілерде сирегірек, шырынды азықтан қатқыл, құрғақ, клетчаткасы көп азықтарға (құрғақ сабан, кешеуілдетіп дайындаған не сілтіленіп кеткен пішен, бұтақтардан дайындалған азық) аяқ асты ауыстырғаннан пайда болуы мүмкін; әсіресе құрғақ күйінде жегізген егін және диірмен қалдықтары (топан, мекен, мақтаның, сұлының не тарының қауыздары), сонымен қатар жарылмаған жемді дән күйінде көп берген өте қауіпті. Қарындардың жіті гипертониясы малды құрғақ, сапасыз азықтардан тез арада тек қана шырынды азықтарға (арақ қойыртпағы, қант қызылшасының қалдығы, сығынды және басқалар) көшіріп оларды көп мөлшерде және тоңазытылған не ыстық күйінде бергеннен пайда болады. Азықтың бір түрінен екінші түріне аяқ асты көшірілуіне байланысты пайда болатын қарындардың жіті гипотониясы және атониясы, көбінесе, буаз, арық және көп мезгіл серуендетілмеген әлсіз малдар арасында жиі кездеседі.
Қарындардың жіті түрде өтетін қосалқы гипотониясы басқа ағзалардың қалыптан ауытқыған рефлекстерінің әсер етуінен пайда болады, мәселен, ұлтабар сұйық, жұмсақ, әсіресе қышқыл, жалбыршақ қарын мен ұлтабарға шайнамай-ақ тез өтіп кететін, азықтармен толып кеткенде, қарын қатпаршасы бітелгенде, желін қабынғанда, жылжымалы (блуждающий) жүйке зақымдалғанда, дененің қызуы көтерілетін ауруларда және басқа жағдайларда.
Дамуы. Жоғарыда келтірілген толып жатқан факторлар қарындардың қозғыштық қабілетін азайтып жиырылуын нашарлатады, соның салдарынан аурудың күйіс қайтаруы бәсеңдейді не мүлдем тоқтайды, жындарын кейінгі ағзаларға ауысып өтуі баяулайды, заттардың сіңірілуі және микробиалдық, ферментациялық процестері бұзылады. Жынның мес, тақия, жалбыршақ қарындарда кідірілуі микрофлора, микрофаундардың құрамын өзгертіп, рН-ры 6,3-5,8-ге дейін төмендетеді. Осындай өзгерістер барысында құралған улы заттар (белоктардың шіруінен пайда болған заттар, органикалық қышқылдар, газдар) денеге сіңеді де оны уландырады, соның нәтижесінде зат алмасуы процестері бұзылып ацидоздың дамуына бейімділік туады. Келтірілген өзгерістермен қатарласа, ас қорыту бездерінің сөл шығару қызметі нашарлайды, асқазан мен ішектердің жиырылып-созылуы бәсеңдейді, сөйтіп астың қорытылуы бұзылады, ашу-шіру процестері күшейіп организмнің өзін-өзі уландыруы үдейді.
Өлекседегі өзгерістер. Іші кебуі мүмкін. Мес қарыны құрғаған не ботқа тәріздес, қышқыл, жағымсыз иісті жынға толады. Жалбыршақ қарында көп мөлшерде тығыздалынған, кейде құрғаған жын анықталынады. ауру ұзаққа созылғанда мес қарынның, жалбыршақ қарынның қатпарларында, ұлтабардың кілегей қабықтарында қызарғандық және нүктелі қанталағандық байқалынады.
Белгілері. Аурудың бастапқы кезеңіндегі белгілері – азыққа деген зауқы нашарлайды, бұзылады не толық жоғалады. Азыққа зауқының өзгеруімен қатар күйіс қайтару саны азаяды, күйіс қайтару уақыты қысқарады не толық жойылады, кекірінуі сақталынады. Мес қарын аурудың басында тығыз, кейінірек жұмсарған не сұйылған жынға толады; сол жақ аш бүйірі газға толады, оны қолмен және перкуссиялап оңай анықтауға болады. Гипотония кезінде мес қарынның жиырылу күші біркелкі болмайды, әлсірейді; атония кезінде қолмен тексеріп мес қарынның қозғалысын анықтай алмайды, ал руменограммада қимылы болар-болмас қана байқалынады. Жиырылу қызметінің әлсіреуіне байланысты жалбыршақ қарындағы, ұлтабардағы, ішектердегі табиғи шуылдар бәсеңдеу естіліп, дауысы қатаңдау шығады. Ауру ұзаққа созылған кезде іші қатады, қатпа іші өтуімен алмасып тұрады. Іші өткен кезде нәжісі өте сасық болады. Мес қарыннан алынған жында инфузорийдің саны күрт азаяды, олардың майда түрлері көбейіп, жылжымалылығы нашарлайды, сүт, май, сірке қышқылдарының және басқа да органикалық қышқылдардың көбеюіне байланысты рН қышқыл жағына қарай өзгереді. Мал әлсізденеді, көп уақыт жатады, мәжбүрлегенде ғана барып қиналып тұрады, тістерін шықырлатады. Ауру ауыр өткен жағдайда уақтылы-уақтылы жеңіл түрде қозады, бұлшық еттерінің талшықтары жыбырлап тартылады, кейде тырысып қалады. Дене қызуы және тамыр соғуы әдеттегі қалпынан өзгермейді, ал тыныстануы жиіленеді. Дененің улануы айқындала бастағанда мал жабығады, әлсізденеді, жүрек соғысы жиіленіп дененің ішкі қызуы төмендей бастайды. Қанның морфологиялық құрамы қалыпты мөлшер шегінен шықпайды не аздап қана регенеративті ығысқан түрде нейтрофильді лейкоцитоз жағына өзгереді. Сиырдың сүті күрт кемиді. Гипотонияның қосалқы түрінде негізгі аурудың белгілері анықталынады.
Барысы. Ауру жеңіл өткен жағдайда тудырған себептерін жойып уақтылы ем қолданса, мал 3-5 тәулік ішінде айығып кетеді, ауыр өткен жағдайда, әсіресе жалбыршақ қарынның толып кетуімен не ұлтабардың, ішектердің қабынуларымен асқынған кездерінде ауру 10-15 тәулікке созылады. Зиян келтіретін факторлар көп мезгіл әсер етсе жіті түрі созылмалы түріне ауысады.
Анықтау. Жеңіл түрде өтетін гипертонияның себебі тек қарындардың қызметінің бұзылғандығынан емес ұлтабар, ішектердің және басқа да ағзалардың қызметтерінің нұқсан келтіруінен болатындықтан ауруды анықтарда жиналған мәліметтерді есепке ала отырып олардың клиникалық белгілерін салыстырады.
Сараптау. Клиникалық белгілердің сонымен қатар руменограмма көрсеткіштерін және қанның морфолоиялық құрамын салыстырады. Гипертония жіті өткенде руменограмма кертештері аласарады, мес қарынның тынығу аралығы өзгереді, атонияда кертештер қатты аласарады, сиректейді, кейде түзу сызықтанады; жарақатты ретикулоперитонитте кертештер біршама биіктенеді, биіктері әр түрлі шамада болады, қарынның жиырылу ырғағы байқарлықтай бұзылады.
Емі. Басалқы гипертонияда емді, іріп-шіру процесін шенеуге, жиырылу-созылу қызметін қалпына келтіруге, микробиалдық процестерді қалыптастыруға, улануды азайтуға, ал қосалқы гипертонияда – негізгі аурулардың белгілерін жоюға бағыттайды.
Қарындардың жиырылу-созылу қызметін қоздыру, уытты заттарды сыртқа шығару және рН көтеру мақсатымен мес қарынды 30-40 л 1% натрий сульфат не гидрокорбанат ерітінділерімен жуып-шаю ұсынылады. Ол үшін Черкасов не Кумсиев зондтарының біреуін қолданған ыңғайлы. Ас қорыту жүйесі ағзаларының жиырылу – сөл бөлу қызметін арттыру мақсатымен, ерте буаз малдарға тері астына мынадай дәрілерді бөлшектеп енгізеді: карбоханил – ірі қараға 0,001-0,003, қойға – 0,0002-0,0004; пилокарпин гидрохлоратын – ірі қараға – 0,05-0,4, ұсақ малға – 0,01-0,04; прозерин не физостегмин салицилатын. Холиноэнергиялық дәрілерді берудің алдында, мес қарындағы бығып, тығыздалынып қалған жынды жуып-шаю арқылы не 5% натрий немесе магний сульфат ерітінділерін ірі қараға 400-700 г, ұсақ малға 40-80 г, беру арқылы сұйылтады. Оның үмтіне іш өткізетін дәрілер беру, іш қатқанда жақсы нәтиже береді. Чемерицаның түнбасын ірі қараға аузы арқылы 5-12 мл, қой мен ешкілерге 2-4 мл береді, не тері астына ірі қараға 5 мл енгізеді; препаратты енгізгеннен кейін 20-30 минуттен соң мес қарынның жиырылуы күшейе түседі, күйіс қайтару басталады. Тұнбаны енгізген жері аздап домбығып ісінеді.
Қарындардың жиырылу-созылу қызметін жақмарту, азыққа тәбетін ашу және күйісін қоздыру мақсатымен малға ащы азықтар: ірі қараға тәулігіне 2 реттен 20-30 г ермен, 20-25 г горечавка түбірін, 100-150 мл арақ, ұсақ малға – 5-10 г ермен, 50-100 г жасанды карловар тұзын береді.
Малдың сол жақ аш бүйірін жоғары қарай сағат тілінің бағытына қарсы дөңгелектеп, күніне 2-4 рет 10-20 минуттен уқалағаны, соллюкс лампасымен 30-40 мин., қыздырған, ультра күлгін сәулесін (ПРК-2) 10-15 минут түсірген; 20-30 минут 2-2,5 А диатермия тоғын қолданған жақсы әсер етеді. Тәулігіне 2-3 рет жарты сағаттай әрлі-берлі жетелеп бой жандырған және тереңге бойлатып, салқын клизма жасаған пайдалы.
Мес қарындағы азық жынының бейтарап ыдырауын тоқтату үшін жуып-шаюдан басқа ірі қара малға күніне 2-3 рет бір бөтелке суға 1-2 ас қасық тұз қышқылын құйып сұйылтып береді. Ферментациялық процесті қалпына келтіру мақсатымен 20-40 мл қойыртылған сірке қышқылын 500 г қант қосылған 2 литр суға қосып береді.
Мес қарын азыққа толып кеткен жағдайда малды 1-2 күн аш үстайды. Су ішуіне шек қоймайды. Ауруды тудырған себептерін еске ала отырып, азықтандыру тәртібін ретке келтірудің маңызы зор. Қындардың қызметтерін қалыптастыруды, азыққа зауқын ащуды дәне күйіс қаймаруын рефлектолы түрде қоздыру үшін аздан-аздан жиілетіп жоғары сапалы пішім не пішімдеме, көк шөп, сұрлей, майда туралған қант қызылшасына сәбізге не картопқа ас түұзын сеуіп, ұннан жасалған ботқа, 50-100г нан не сыра ашытқысын береді. Малдың жалпы жағдайы жақсарған сайын азықтың мөлшерін бірте-бірте қалыпқа дейін көбейте береді. Сау малдың мес қарнынан 1-2 л жын алып, таза күйінде ауру малдың қарнына енгізген дұрыс.
Зат алмасу процесін жақсарту мақсатымен тері астына 100-200 ЕД инсулин, 3-4,5 г натрий кофеин-бензоат және қан тамырына 250-300 мл 20-40% глюкоза ерітіндісін, 500-600 мл 10% натрий хлорид ерітіндісін, кальций хлорид ерітіндісімен 1 кг салмаққа шаққанда 0,04-0, 06 г араластырып енгізеді.
Сақтандыру шаралары: Бұзылған үсіген азықтарды және тарымын, сұлының қауыздарын құрғақ күйінде беруге болмайды. Азықтың бір түрінен екінші түріне біртіндеп көшірген дұрыс. Сапалы азықтандыруды күнделікті, 4-6 км аралыққа жүйелі түрде серуендетумен үйлшестіріп тұру, қарындардың гипотониясы мен атониясын сақтандырудың сенімді жолы.

Қарындардың созылмалы гипотониясы және атониясы (Hypotonia et atonia rvminis rericvji et omasi chronica) (хроническая гипотония и атония проджелдкоя) – қарындардың жиырылу-созылу қызметтерінің бұзылуының ұзаққа созылып тұрақты етуімен сипаталатын басалқы, көбнесе қосылқы түрде дамитын дерт.
Себептері. Созылмалы гипотения және атония кейде олардың жіті түрінен өрбіп дамиды. Олардың өз бетімен дамуына бірынғай және сапасыз азықтармен, мысалы, көп уақыт қүрғақ сабанмен, кесіп ұнтақтаған сабанмен, көшеуілдетіп шабылған не сілтіленіп кеткен пішенмен, бұтақтардан дайындаған азықпен, топанмен, мекенмен, сонымен қатар сапасы нашар сүрлемемен азықтандыру себепкер долады. Малды көп мезгіл серуендетпеу қарындардың гипотониясы мен атониясын тудыруға әкеліп соқтырды.
Қарындардың созылмалы түде өтетін қосалқы (ілеспелі) гипотониясы және атониясы көбнесе белоктардың миниралды заттардың және атониясы, көбнесе блоктардың, минералды заттардың және витаминдердің жетіспегендігі нен зат алмасуының бұзылуларынан; углеводтер және майлай алмасуларының бұзылуларынан; ас қорту жүйесінің кей бөлімдерінің қабынуларының; іш қуысындағы ағалардың бір-бірімен жабысып қабынуларынан, мысалы жарақтты, ретикулоэитонитте:
Дамуы. Қарындардың қимыл қызметтерінің ұзақ уақыт бұзылуына байланысты, жіті гипотониядағыдай, азық жынында микроорганизмдердің құрамы өзгереді, шіру процесі күшейе түседі, рН қыщқылданады, уақыттар жиналады. Уаттар, жынының сұйығымен денеге сініп организмді уландырады. Инфузорйдін құрамы өзгереді не олар мүлдем жоғалып кеткеді.
Өлекседегі өзгерістер. Мес және жалбыршақ қарындар кейде керіліп кетеді. Мес қарымдағы жын тығыздалынады , кейде қоймалжынданады, өткір жағымсыз иіс шығады. Жалбыршақ қарындағы жын, көбнесе кеуіп, құрғақтанып, қатып қалады. Жалбыршақтар беттерінің кей жерлері қызарынқырайды, ошақтанған шірулер байқалынады. Қосалқы гипотонияда іш қуысы ағзалардың бір-бірімен жабысып, өсіп кеткен жерлері анықталынады; дене уланып зат алмасуы бұзылған кезде – бауырда , бүйректеде, жүректе азғындағандық, кейде сірі қабықтар астында және паренхиматозды ағзаларда қанталағандық көрінеді.
Белгілері. Малдың азыққа деген зауқы өзгереді, көбнесе төмендейді немесе бұзылады, кейде мүлдем қабылдамайды. Жалпы жабығады, әлсірейді, арықтайды, сауынды сиырдың сүті құрт кемейді. Түктері тікірейіп, өзі бүкірейг» түрады. Ауру асқындаған жағдайда ыстығы көтерілмейді; тамыр соғуы, тыныстануы жиіленеді. Күйіс қайтаруы және кекіруінең түрақтылығы бұзылады, сирейді, күйіс қаәтару мерзімі қысқарады, кейде кейде жоғалып кетеді. Кекіргенде шыққан газдар жағымсыз сасық иісті болады. Анда-санда сасық иісті жын құсуы мүмкін. Мес қарынның толу дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. Азықтанып болғаннан кейн мес қарында газдың құралуы тездетілгендіктен, сол жақ еш бүйірі қампиып, аш кезінде түсіп кетіп тұрды. Мес қарындағы жынның консистенциясы, көбнесе, нығыздалынған не серпімді (газдар), сиректеу толқындалынған (флюктуация) болып келеді. Мес жалбырлық қарындарының маңын қолмен басқанда, кейде мал ауырсынады, мазасызданады. Мес қарынның жиырылу күші әлсірейді және сиректенеді немесе мүлдем жоғалып кетеді. Руменграммада кертештердің аласырғаны және демалыс мерзімінің ұзарғаны байқалады.
Барысы. Ауру 2-3 аптаға, кейде 1-2 айға созылады. Қарындардың қосалқы гипотониясы және атониясы ұаққа созылады.
Анықтау. Қарындардың басалқы түрде өтетін аурулардың анықтауға олар туралы жиналған мәліметтер мен клиникалық белгілері жеткілікті бола алады. Созылмалы түрде өтетін қосалқы гипотонид мән атониясының белглі негізгі аурулардың – сүйектің жұмсаруы (остеомаляция), ацетонның қанға көбеюі (ацетонемия), акобальтоз, гаотроэнтериттер және басқаларының белгілерімен толықтырады. Буаз малда гипотония жәй дамиды. Перитониттің, іш қуысы ағзаларының бір-бірімен жабысып өсіп кеткен аурулардың салдарынан пайда болатын қосалқы гипотонияны анықтау киынға түседі. Ауруды анықтарда жараққаты ретикулит және жалбыршақ қарынның ластануын еске аоған жөн.
Емі. Басалқы созылмалы гипотонияда ауруды тудырған себептерді, ауруды тудырған себептер сапасыз азықтармен азықтадырылғаннан болады, оларды жоюға бағыттайды. Мес қарынның, ішіндегі жиналған газдардан зонд арқылы тазартады, 30-32оС дейін жылытылған сумен шаяды. Тереңге бойлаған салқын клизма жасау арқылы рефлекторлы тұрде қарындардың күш – қуатын, жиырылу қызметін арттырады. Қарындардың рефлекторлық және жиырылу-созылу қызметтерін қалпына келтіру мақсатымен мес қарынды күнңне 10-15 минуттен 2-3 рет уқалайды; мес, жалбыршақ қарындарға, ултабарға және ішектерге диатермия жасайды; мес қарынға фарадизция жүргізеді; тері астына, бөлшектеп, карбохолин не пилокарпин гидрохлорид ерітінлділерін, қан тамырына 300-400 мл 10% натрий хлорид ерітіндісін енгізеді, сол мақсатпен сиырларға новокаинмен бүйректер маңына блокада жасайды.
Іш өткзетін дәрілерден бөлшектеп әр 3 сағат сайын 3-4 литрден. 2-3% магний не натрий сульфат ерітінділерін іш өткенге шейін, ал асқазан және ішектердің кілегей қабықтары қабынған кездерінде 400-500 г шемішке, мақта не басқа өсімдік майларына антибиотиктер қосып береді. Жүрек – қан тамыр жүйесінің қызметі және зат алмасу бұзылғанда қан тамырына глюкоза (20-40% ерітіндісін 150-300 мл), тері астына – 100-200 ЕД инсулин және 3-4 г натрий кофеин – бензоат енгізеді. Азықтандыруды тәртіпке келтірудің маңызы өте зор. Аурудың бастапқы кезінде азықты жиілетіп, аздап: пішінді 1-2% натрий хлорид ерітіндісімен бүркіп, шардәрі не жаңадан шабылған көк шөп, сапалы сұрлеме, сәбіз, қант қызылшасы, пішендеме, сыра не нан ашытқыоларын, ашытылған азықтар береді. Азықтардың ендік әсерін 10-40 мл сұйытылған сірке қышқылын және 2 л суда ерітілген 500г қант беріп толықтырады. Тәулігіне екі реттен 20-30 минуттік қажытпайтын серуендету ұйымдастырады.
Қосалқы гипотонияда жоғарыда келтірілген симптоматикалық емнен басқа негізг ауруды жоюға бағытталған ендік-диеталық әрекеттер жүргізеді.

Мес қарынның азыққа толып кетуі (Paresis rvminis abingestis – переполнение рубца) -мес қарынның азық-жынға тығыздалып толып кетуін азық үйіндсі не мес қарынның бұлшық еттерінің шала салдануы деп атайды.
Себептері. Малдың, дән-күйіндегі астықты (үқыпсыз сақтағанда) – арпаны, қара бидайды, жүгерінің дәндерін, үнды, сонымен; қатар тамыр жемістерін, қойыртпақтарды, патока, қыспақ және басқа да техникалық өндіріс қалдықтарын көп жеп қоюы, сабанмен, кеш дайындалған құрғақ қамыспен көп уақыт азықтануы аталмыш ауруды тудыруға себепкер болды. Мес қарынның толу малдар, әсіресе мардымсыз азықтардан кейін шөбі мол жайылымға еркін жайылғанда жиі байқалынған.
Даму. Көп желінген азық мес қарынның қабырғасын көргендіктен кейде огның бұлшық еттерің түйілдіруге дейін апарып қатты ауырсынады; кейінірек керілу үдей түскенде мес қарын қабырғасының жиырылу күші, әлсіреп, шала салдануға дейін жету мүмкін. Жалбыршақ қарынның барорвцепторлары толған азықтың қаты бөлшектермен тітіркенгендіктен алдындағы қарындардың жиырылу-соэылу қызметтері рефлеторлы түрде тоқпақ қалады. Кекіру және күйіс қайтару процестері кідіреді. Жындағы он төмендегендігіктен клетканы ыдыратып – жарықшақтандыратын инд инруэориялерді саны азалды, бактериялардың грамм он түрларінің саны көбейеді. Қарындарда жатып азық-жын тығызданылады, ыдырайды, сөйтіп қабыну реакцияларын тудыру организмді уландырады. Ұлтабар және ішектердің жиырылу-сөл бөлу және басқа да қызметтері жиі бұзылады. Іш қуысының қысымы артқандықтан тыныстану және қан айналу процестері қиындайды. Кей малда дене қазуының көтерілуі қарындарда,көбінесе жалбыршақ қарында, ұлтабарда және ішектерде қабыну процестері басталғанда байқалынуы мүмкін.
Белгілері. Бастапқы белгілері-азыққа зауқы болмайды, аздап тынышсызданады. Мал басын бүріп бүйірлеріне қарай береді, бүкәрейіп тұрады, құйрағын бұлғақтата береді, артқы аяқтарымен ішін тепкілейді, кейде жатады, тез тұрып кетеді, мазасызданып ыңыранады. Күйіс қайтаруы және көкірінуі тоқтайды,ауызынан сілекейі ағады, кейде құсады. Сол жақ аш бүйірі қабыртқа дөңгейіне төнеледі. Мес қарындағы артық жынының консестенциясы тығызданылады, қолмен басқанда пайда болған шұңқыр біртіндеп барып жоғалады. Аурудың бастапқы кезінде мес қарынның жиырылуы жиілейді, үздік – создық болып қысқарады; мұндай белгілер аурудың тыныссыздану кезіне сәйкес келеді. Кейінірек азық жыны ісініп, кейде жоғалып кетеді. Жалбыршақ қарынның, ұлтабардың және ішектердің қимылдары әлсіреп шуылдары бәсендейді. Нәжістенуі сиректейді, нәжісі қоюланып қатқыланады, қоймалжын шаранамен бүркелінеді, кейде қорытылмай қалған жемшөптің қалдықтары көп кездесі. Ауру ұзаққа созылған жағдайда организм уланады, кейбір бұлшық ертердің тармақтары жыбырлап, қаотырайды, жүрісі, қиындайды әлсізденеді және тәлтіректейді, жабырқауы, кейде өссіздену күйіне дейін жетеді, тамыр соғысы жиіленеді және нашарлайды, тыныстану үдейді, кей малда дене қызуы көтереді немесе басылады.
Анықтау. Мес қарынның толып кету онда тығызданылған азық жынының біршама бар екендігмен, аурудың кейбір өзіндік бөлігілерімен және әдеттегідей тыс көп мөлшерде азықты жеп қоюымен сипатталады.
Болжама. Дер кезінде көрсетілген ем-көмек аурудың 2-4 тәулік ішінде айықтырады.
Емі. Мес қарынның толуының қай түрі болмасын малды 1-2 күн аш ұстайды. Мес қарынның жиырылуын қоздыр немесе күшейту мақсатымен күніне 3-5 рет 20-25 минуттен сол жақ аш бүйірін уқалау; қарынды жуып-шаю немесе зонд арқылы 20-40 л шамалы жылытылған су құю; қарындардың диатермиялау (тоқ күші 2,5-3А, ұзақтағы 25-30 мин., электрод көлемі 400-500 см2) және фарадизация жүргізу ұсынылды; қой, ешкілерге аузы арқылы 2-4 мл, ірі қараға 5-12 мл чемерица түнбасын; тері астына 0,02-0, 08 вератрин, 0,001-0 003 карбохолин не 0,1-0,4 пилокарпин гидрохлоратын; қан тамырына 200-400 мл 10% қаныққан натрий хлорид ерітіндісінің тағайындайды. Аузы арқылы 500-800 г мөлшерде натрий не магний сульыат ерітінділерін суға қосып беруге болады. Натрий гидрокарбонат пен натрий хлорид тен мөлшерде қосылған /20-100г/ сумен суғарады.
Ауру жалпы әлсірегенде қан тамырына 240-300 мл 30% шарап спиртін, ал жүрек қызметі нашарлағанда – тері астына натрий кофейн – бензоат; сиырға қан тамырына 0,005-0,015 мл мөлшерде строфантин (жәймен) енгізеді. Газдың құралуы күшейген жағдайда мес қарынды теседі.
Малдың жалпы күйіп жақсарған кезде оларға жеңіл қорытылатын азықтарды (ұннан жасалған быламық, сапалы сүрлеме не пішен, қызылша) алдымен аздап, кейінірек шаруашылықта қабылданған мқлшерге дейін жеткізіп береді. Егерде қолданған ем-әрекеттері жақсы нәтиже бермесе онда мес қарынды кесіп ашады да ішіндегі азық жынын тазалап тастайды.
Сақтандыру шаралары. Салды дәнді астық және азықтардың басқа да түрлері сақталатын жерлерге жібермейді. Азықтарды рационда белгіленген мөлшерден артық бермейді. Ірі талшықты құнарсыз азықтарды малға берудің алдында оларды арнайы дайындайды: майдалайды, булайды, ізбескелейді не ашытады және басқа да жолдармен дәмін келтіреді.
Мес қарынның жіті көбуі. (Tympanie rvinia acntn острая тимпания рубца) – мес қарынды газдың тез арада және көп мөлшерде құралуының салдарынан шекиен тыс кернеуімен сипаттанылатын дерт; ірі қара және қойлар арасында жиі, ал өшкі мен түйелрде сиргірек кездеседі.
Себептері. Қанның басалқы көбіне тез ашитын азықтарды көп мөлшерде жеген себепкер болады. Шырынды көк азықтар: жаңадан шабылған көк шөп, жоңышқа, беде және басқа да бұршақ тұқымдас өсімдіктер, уызданған кезндегі жүгерінің собығы, көктеген күздік дәнді өсіімдіктер, капуста және ызылшаның жапырақтары үлкен қауіп тудырады. Бұл аықтар үймеде түрып қалып қызған не жауынмен, таңғы шықпен немесе осы азықтардың бірімен азықтанған малды іле-шала тойырып суғарған өте қауіпті. Малды бұзылған жарма және арақ, сыра қойыртпағымен, шіріген тамыр жемістерімен, үсіген картоппен және басқа да сол тектес азықтандыру үзаққа созылып, баяу өтетін жіті кебуінін пайда болотын мес қарынның қабырғаларын салдандыратан улы шөптерді (у қорғасын, лапыз, цикута) жеп қою, өңетің бітелуі. сирегірек, бірақ сонда да ішектердің түйнелуі және қызуы көтеріліп жіті түрде өтетін аурулар себепкер болады.
Дамуы. Мес қарында азық жынның ашуы физиологиялық процесс. Мес қарындағы құрылған газдардың біраз бөлігі жынжармен бірге ілгері жылжып ұлтабарға, ішектерге жетеді де сол бөлімдерде денеге сіңіп кетеді, ал көбінесе мес өарынның жоғарғы бөлігіне жиналады да кекіру арқылы сыртқа шығып кетеді. Мес қарын тез ашиын азықтарға толғанда газдар әдеттегіден көп құрайды. Олар мес қарынның жоғарғы бөлігіне көптеп жиналады не ірі-ірі көпіршіктер құрып азық жынын көбіктендіреді (көбіктенген тимпания). Жиналған газдың өздігінен шығарылуы қиындайды. Сондықтан жиналған газдар мес қарынды көреді.
И.П. Салминің тұжырмы бойынша жіті тимпания даму үшін, бір мезгілде үш патогенетикалық факторлар әсер етуі керек: мес қарында сүйық жынның мөлшерден артық жиналады, қарындардың жіті арония күйіне болуы және газдың мол құралуы. мал шарынды азықты өте көп мөлшеде жеп қойғанда азық жыны мес және тақия қарындарының, кейінгі бөлімдері – жалбыршақ қарын, ұлтабар; сонан соң ішектеге тез арада өтетіп кетеді де олар жынға толған сон барожәне хеморецепторлары тітіркенеді. Соның нәтижесінен қарындардың жиырылу-созылу қызметтері рефлекторлы түрде тежеледі де жіті атония дамиды. Мес қарыееың алдынғы сфинктерінің және жалбыршақ қарынның көбірегінен көпірігінің түйілулеріне, сонымен қатар өңештің қарын жеріндегі тесігінің қарынға кірген жердегі тесігінің сұйық азық жынымен жабынуына байланысты көп мөлшерде және тез арада құрылып жиналып жатқан газдар мес қарынның шыға алмайды және азық жынымен араласа бастайды.
Тимпания, дамуының бастапқы кезінде, рецепторлардың көрілуден тітіркенгендігінен, мес қарынның жиырылуы күшейіп қатты ау ырсынатын түйілуге дейін апарады, сонан барып, шала салдану басталады. Көлемі үлкейген мес қарын іш және кеуде қуыстарында орналасқан көрші ағаларға қысым түсіп қызметтеріне қосымша нұқсау келтіреді. Іш қуысының көлемі үлкейген ағзалары көк өтке қатты түсіргендіктен кеуде қуысына қаның құйылуын азайтады, жүрек қарыншаларының босансуларын және және өкпелердің дем алғандағы кеңеюлерін қиындатады, сол себептердіен жүректің жиырылу қан көлемі және өкпелердің тыныстану ауа сыйымдылығы азаяды, газ алмасу нашарлайды, оттегінің жетіспеуі үдей түседі. Іш қуысындағы көтерілген қысым, бауырдың өз қызматтарін атқаруын қиындатады: Ішек қуысының жанщып, әрі қарай өтуін қиындатады.
Өлекседегі өзгерістер. Дене шетіндегі қан тамырлары қанға толып кетеді. Мес, тақия қарынның және ішектердің алдынғы жақ бөліктері, сүйық, көбінесе көбіктенген жынға толып кетеді. Кейде малдың тірі кезінде өт не мес қарын жарылып кетеді.
Белгілері. Аурудың бсында мла мазасызданады: азық жеуін тоқтатады., құйрығын бұлқақтатады, бүйірларіне қарай береді, бүкірейді, кейде ыныранып жатады, біыақ тез түрып кетеді, артқы аяқтарымен ішін тепкілейді. Дене қызуы өзгермейді. Тыныстануы жиіленеді (минутына 60-80 рет), үстіртенеді, кеудесімен дем алады. Мал қиналған жағдайда тілін салақтатып, сілекейі шұбырып аққан, ауызы арқылы тыныстанаы. Мес қарынның кебу үдеген сайын кілегей қабықтарында қан кернеліп, сонан соң көгере бастайды. Тамыр соғуы жиіленеді, кейде жүрегі қосымша жиырылып, ырғыақтығы басқалай түрде де бұзылады. Бүйірлерін көлемі ұлғайды, сол жақ еш бүйірі қатты қан ұйып, қабыртқалар денгейнен асып түскендей бүйірлер формасының тепе-теңдігінің бұзылғаны байқалады. Күйіс қайтаруы мен кекірінуі тоқтайды. Кебудің бастапқы кезінде мес қарынның жиырылуы күшейеді сонан сон әлсірейді, кейінірек, жала салдана бастасымен оғалып кетеді. Пальпацилленген кезде сол жақ аш бүйірінің қатты көрнелік көрілгені және мес қарынның газға толған сезіледі. Жалбыршақ қарынның, ұлтабарын және ішектердің қимыл шуылдары естілмейді. Мал нәжістену, несептен кейпін жиі-жиі қабылдап ғана сұйық нәжіс және несеп шығарды.
Анықтау. Ауру туралы жиналған мәліметтерге және тән бегілеріне негізделінеді.
Саралау. Өңеш бітелгенде және дене қызуы көтерілгенде дамитын тимпанияны ескерген жөн. Жай ()газды тимпанияда сол жақ бүйірін перкусиялағанда ашық дүнкілдеген, ал көбіктенген тимпанияда (газдар жынмен араласып кеткен) – бәсеңірек дауыс шығады.
Болжауы. Егерде бір мезгілде және бірден көп малда мес қарынның кебуі жіті түрде өтсе (мұндай жағдайда укөктемде кездесіп тұрады) онда, барлығына бірдей дер кезінде тиімсіз малдар щығынғы ұшырауы мүмкін.
Емі. мес қарынның жиналған газдарды сылрқа шығаруға және олардың құралуын басуға әрекет жасау керек. Алдымен қарапайым тәсілдер – тауға қарай жәймен жетелеу не айду, сол жақ аш бүйіріне суық су қүю қолданады. Ауру малды суата тұсіріп тыныстануын жеңілдетеді және мес қарындағы газдардың құралуын тежейді. Дененің алдынғы бөлігін артқы бөлігінен биік ұстағанда қарындар көк өттен артқа қарай ығысып оған түскен қысымы азайтады, өкпелердегі газ алмасу процесі жақсарады, өңештің мес қарындағы тесігі жынның ашылып мал кекірінеді, сөйтіп газардың сыртқа шығуына мүмкіндік туады. Жиналған газдарды щығару мақсаттарымен мес қарынға зонд енгізеді не денесінің алдынғы бөлігін көтеріп қойған қалпына сол жақ бүйірін теренге бойлатып ұзақ уақыт уқалайды. Дененің алдынғы бөлігі көтеріп трған жағдайда газдардың сыртқа шығу жеңілденеді. Қойдың қарны кепкенде жиналған газдарды шығару үшін оларды артқы аяқтарына отырғызып ішін екі тізенің аасына орналастыып, бірнеше рет қатты-қатты қысады. Мақсатқа сәйкес екелетін іс-әрекеттің бірі малды кекірткізу, ол үшін ырғақтандырып тілін тартады не деготы немесе керосин жағылған жуан арқанмен, ширатылған сабанмен, бинтпен не матамен оралған таяқпен малды ауыздықтайды.
Жиналған газдарды өзіне сіңіріп алып, ыдырату үшін аузы ақылы 2-3л жаңа сауылған сүт, 20г күйдірілген магнезий, 10-20мл аммиактың судағы ерітіндісін 500мл суға қосып береді. Қарындағы ащу процесін бәсендету үшін аузы арқылы 1000мл 2% ихтиол ерітіндісін, 50-150мл керосинді суға араластырып не 160-200мл типанолды 2мл суға қосп береді. Көбікті тимпанияда аузы арқылы көбікті ыдырататын дәрілер: 50мл сикаденді 2-5мл суға қосып, 160-200мл тимпанол не антиформолды 2-4л суға араластырып береді. Оларды зонд не троакар арқылы енгәізеді, резінке ботелкемен аузы арқылы да береі. Сикаден газ көпіршіктерін ыдыратады, мес қаынның қимыл қызматін күшейтеді де қарынар мен ішектедегі орналасқан бактериялар флорасына әсерін тигізеді.
Тұншығу белгілері үдей түскенде мес қарынды троакормен не басқа қуыс инемен төсу ұсынылады. тесетін жерін, сол жақ аш бүйірінін ортасын операцияға дайындағанымен кейін троактормен маклоктан сонғы қабырғанның ортасына қарай тартылңған сызықтын орта шенінен теседі. ми анемиясын болдырмау үшін газды трактордың гильзасынан жәймен шығараы. Гильза қуысы қарынның жынымен бітеген жағдайда оны троактордың ьілігімен ішіне қарай итеріп тастап тазалптұрады. Троактордың гильзасын тескен жеріне 2-3 сағат, кейбір ерекше жағдайларда ған 12 сағатқа дейін қалдырады. Одан көп мерзімге қалдыруға болмайды, себебі көп уақытқа қалдырған жағдайда төсілген жер маныңда іш пердесінің жабысқақ қабыну дами бастайды.
Сауығу кезеңінде тимпанияның тудырған қалықтарын жою мақсатымен арнайы рацион тағайындайды, кейде дәрі-дәрмектер береді. Малды 12-14 сағаттай аш үстағаннан кейін аықтарға (сүрлеме, пішен, қанр қызылшасы) біртіндеп, күніне 5-6 рет азғантайдан беріп барып, дағыландырады рационға күнарлы азықты біртіндеп енгізеді. Ашу-шіру процестері күшейген жағдайда ірі қараға аузы арқылы 1-2 ас асық түз қышқылын 500мл суға қосып береді. Мес қарынның қимыл қызиетін сергіту үшін масаж, қолданып, ащы азықтар береді.
Сақтандыру шаралары. Бақташыларды, малшыларды, чабандарды, бұзаушыларды малы жеңіл ашитын азықармен азықтандырудың және рационның бір түрінен екінші түріне ауыстырудың, әсіресе құрғақ азықтан шырынды азыққа көшіргенде, еежелерімен міндетті түрде таныстыру керек. малды шөбі бітік жайылма шығарар алында құрғақ және шырндығы аздау азықтармен тойындырады. Малы шық кезде және жаңбырдан кейін тез арады жайылыға шығармайды. Малды шырынды көк шөппен азықтандрудың алдында не тойғаннан кейін көп кешіктірмей суғару өте қауіпті.
Әлсіреген бұзауларда мес қарынның созылмалы кебу, көбінесе сүтпен қоректенумен өсімдікті азықтарға көшіргенде пайда болады. Тимпанияның бұл түрі, көбінесе, жас шығында қатты ауырған немесе сапасыз пішенмен азықтанған және минералды заттармен витаминдер жетіспеулерін сезінген бұзауларда жиі байқалаы.
Дамуы. Ауырған жердан (тақия, жалбыршақ қарындар, ұлтабар, ішектер, бауыр, іш қуысының және басқа да жүйелердің ағзалары) шыққан рефлекторлы импулстер мес қарынның қимылы бәсеңдетеді, сол себептен азық жыны әдеттегіден көп мезгіл жатып қалады да ащу, әсіресе шіру процестері күшейіп газдар және улы заттардың құралулары тездетіледі. Азықтардың көп мезгіл бойы бұзылуы, дененің уыттануы, біраз ағзалардың қызметтеріне нұқсан келтіріп, малды арықтатады.
Өлекседегі өзгерістер. Негізгі ауруға тән анатомиялық өзгерістерге қабаттаса жүретін созылмалы кебуден басқа, мес қарында жиналған газдардан және азық жынының сасық, өлік иісі шығады. Ауру ұзаққа созылып асқынған жағдайда бауырда дистрофиялық өзгерістер, сірі қабықтар астына нүктелі қанталаулар, ұлтабардың, ішектердің кілегей қабықтарында қабыну белгілері анықталынады.
Белгілері. Созылмалы тимпанияның тән белгілері – мес қарын оқтын-оқтын кебнді, бұл белгі әсітресе азықтанғанның кейін анық байқалынады. Сол жақ аш бүйірі қампиып, керіліп кетеді. Аурудың бастапқы кезінде мес қарынның кебуі онша байқалынбайды, сондықтан мал мазасызданбайды. Кебу үдеген сайын азыққа зауқы, күйіс қайтару және кекіріну процестерінің мезгілдік қайталану бұзылады, мес қарынның жиырылуы әлсірейді. Ауру ауыр өткен жағдайда қарындар қатты керіледі. Азықтанғаннан кейін көп кешікпей, кебу үдейе түседі де жіті кебудегі сияқты тынышсыздана бастайды. Іші дөңгелектеніп сол жақ аш бүйірі қабырға денгейімен теңелеп кетеді. Ауру бұзаулар кекіргенде мес қарынның сасық газ шығады.
Барысы. Ауру, тудырған себептарін жойғанша апталап, айлап созыла береді. Тыныстануы және тамыр соғуы жиіленеді. Ауру малдар біртіндеп арықтайды, өсіп-жетілу баяулайды, өнімділігі нашарлайды.
Анықтау. Азықтанғаннан кейін мес қарын ылғй не жиі-жиі кебетін болса, мұндай белгілер ауруды анықтауға күмән тудырмайды. Қарындардың, ұлтабардың, бауыадың ауруларымен, зат алмасуының бұзылуымен және минералды заттар мен витаминдеердің жетіспеулерімен қосарлана жүретін мес қарынның қимыл қызметнің әлсіреуін анықтау аталмыш ауруларға тән қосымша белгілерімен толықтырылады.
Емі. Қарындардың қимыл қызметін жақсартуға мес қарынағы азық жынның қорытылуын қалпына келтіруге бағыттайтын симптоматикалық ем қолданады. Мес қарынды жуып-шаю өте пайдалы. Аз мөлшерде карбохолин, вератрин, ақтамырдан жасалған препараттар береді. Негізгі ауруларды жойып ас қорыту ағзаарының қызметтерін қалпына келтіруіне толық сапалы азықтарды реттеп берудің маңызы өте ерекше. Азыққа зауқын ащу және ас қорытуын жақсарту мақсатымен шерменгуль, арақ, табиғи не жасанды асқазан сөлін береді. төлдердің қарны қайта-қайта кепкен жағдайда, беретін сүттің мөлшерін жартылай кемітіп, оған 0,9% натрий хлорид ерітіндісін теңдей етіп қосып, сүйылтып береді. Азықтандырар алдында асқазан сөлін, АБК не НАБК береді. Іш қатпасын жою мақсатымен узы арқылы натрий сульфат, жасанды каролвар тұзын босаңсытатын мөлшерде беруі немесе жылы сумен тереңге байлатылған клизма жасайды.
Созылмалы түрде ауырған бұзауларға, мес қарындағы азық қорытылуын қалпына келтіру мақсатына сау малдың алынған қарын жынын күн сайын беріп тұрады.

Мес қарынның бүртіктерінің қабыршықтануы. (Paraceratobis rvminis – паракератоз рубца) – ірі қара мал және қойлар арасында созылмалы түрде өтіп, мес қарын бүртіктеріне қабыршықтанған кератинді эпителийлердің шектен тыс қатпарланып жиналып, оларды ұлғайтып. Бордақыда тұрған малдар бұл дертпен жаппай дерлік аурулары мүмкін.
Себептері. Ауру малды қатты ұсақталған не домалақтап қатырған азықтармен азықтандырғанда, көбінесе рацион құрамына құнарлы, дәнді азықтар басып, қомақты, пішінді азықтар жетіспеген жағдайда пайда болады; дерт, әдетте, бордақыда тұрған ірі қара мен қойларда байқалынады. Т.К. Алимов бұл аурудың белгілерін малдарға қомақты, пішенді азық бермей тек құнарлы, дәнді азықтармен азықтандырғанда 6 айға дейінгі бұзаулар арасында пайда болатынын бақылаған.
Дамуы. Гаракератоздың дамуы әлі жете зертелінген. Малды майда ұсақталған азықтармен азықтандырғанда, әсіресе қомақты, пішемді азықтар жетіспей, құнарлы, дәнді азықтар басым болған жағдайда мес қарынның қиыл қызметі әлсірейді де оның ішкі беттерінде орналасқан бұртіктеріне қабыршықтанған кератинді эпителийлер көп мөлшерде қатпарланып жиналып, оларды ұлғайтып, нығыздап қатайтады. Мес қарындағы микрофлораның сан-сапасы өзгереді. Азық жынын ферментациялауға қатысатын грамм теріс бактериялардың және инфузорийлердің сандары азаяды. Голикоктардың, грамм он сүт бактерияларының сндары көбейеді де сүт қышқылының мөлшерін арттырады, рН-ты 4,4-4,67 дейін томендетеді, мес қарындағы және қандағы гистаминнің мөлшерін көбейтеді.
Көп мезгіл бойы мес қарындағы азық жынның өзгерген химиялық құрамы мес қрынның кілегей қабығының эпителийлі қабатын өзгертеді. Кілегей қабығының өзгеруі нәрлі заттардың сіңірілуі нашарлатады,түрлі микробтардың қанға, лимфа тамырларына еніп, бауыр және басқа да ағзаларға таралуына ыңғайлы жағдайлар тудырады.
¬Өлекседегі өзгерістер. Аурудың бастапқы меңінде кілегей қабығының бүртіктері тығыздалынып қалыңдайды.
Мес қарындағы азық жынында сүт қышқылы көбейеді, рН төмендейді ұшпалымай қышқылының мөлшері азаяды, осмос қысымы көтеріледі. Тұрақты іш өтуі организмді құрғатады, қанның қойылтады, несеп бөлу қызметі төмендейді (олигурия), қан қысымы төмендейді, жүрек соғуы жиіленеді. Жалпы күйі біртіндей нашарлайды. Дененің ішкі қызуы қалыптағы күйінде қалады, тек кейде ғана сепсис басталғанда, бауыр және басқа да ағзаларда ірінденген ошақтар пайда болғанда денее қызуы көтеріледі.
Анықтау. Ауру туралы жиналған мәліметтерге, азықтанған рационның құрамын есепке алуғы және тән клиникалық белгілеріне негізделінеді.
Болжамы. Аурудың бастапқы кезінде қолданған іс-әрекетте айықтырады, бірақ өсі-өну тежеледі. Кейіңгі кезеңіде, мес қарынның кілегей қабығы қабынғанда не басқалай өзгерістер дамығанда жарамсыздар қатарына шығарған орынды.
Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Добавил: Akinfeev
Просмотров: 15000 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.0/4
Всего комментариев: 1

Четверг

Автор:

Сообщение #1. [Материал]
Tdbsng


lipitor 20mg price <a href="https://lipiws.top/">order lipitor generic</a> atorvastatin 80mg us


Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Последнии комментарии