Сегодня 02.05.2024
Казахстанское время 22:26
Главная » Файлы » Ән, Мәдениет, Өнер

Әншілер жайлы бірер сөз
28.11.2011, 15:05
Қазақ әншілерінің күн санап көбейіп келе жатқанына қуанатындардың бірімін. Әйтсе де солардың ішінде жөн-жосықты білмейтіндері де көптеп кездеседі. Әншілердің бәрін әнші деп атау қиын. «Әу» деп ән айтқанның бәрі жұлдыз болып шыға келеді. Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Рамазан Стамғазиев, Мейрамбек пен Тоқтар сияқты танымал әншілерді нағыз «Жұлдыз» дер едім. Ал сахнаға кеше шыға салып, қоржынында адам ұйып тыңдайтын әні жоқ жас талапты «эстрада жұлдызы» деп таныстырғанда өз басым ұяттан өртеніп кете жаздаймын. Көбісінің шырқайтын әндері махаббат тақырыбынан әрі аспайды. Патриоттық мағынадағы, тыңдарман жүрегінде отансүйгіштік сезімін оятатын әндер мен бейнебаяндар өте аз. Қазақ эстрадасына қуана қарайтындар мен қауіппен қарайтындар аз емес. Күндіз-түні шетелдің даңғаза музыкасынан әбден шаршаған тыңдарман ұлттық эстраданың ұсақталып кетуінен қауіптенеді.

Оның үстіне өнерпаздарымыз бес аспап болып алды. Өзі жазады, өзі айтады. Шетінен Ақан сері мен Біржан сал ма дерсің?! Егер де сол шығарған туындылары халықтың көңілінен шығып жатса қуанасың ғой. Сейфуллин Жолбарыстың өз орындауындағы әндерінің ешқайсысы мені елең еткізбейді. Тек Бағдат Самединова орындап жүрген «Іздеймін» (өлеңі Фариза Оңғарсынованікі) әні сәл бөлектеу. Медеу Арынбаев талантты әнші. Бірақ сазгерлігіне көңілім толмайды. Өйткені әндерінде сарын жоқ, жалықтырып жібереді. Клиптердің де қатары көбейіп кетті. Қуанамыз. Бірақ мұнда да шектен шығып кететіндер баршылық. Көбісі бір сарынды, жаттанды дүниелер. Елең ететін, тартымды көріністер жоқтың қасы. Тағы бір айтарым әндердің аты айналдырған бес алты сөзден тұрады. Жүрек сағынышы, сезім, махаббат. Ал патриоттық мағынадағы, елең еткізер әуендер өте аз. Расында да, қазіргі кезде саны көп, сапасы жоқ әндер де, әншілер де қаптап кетті. Тағы бір мәселе – орындалып жүрген әндердің аттары. Мысалы, «Жүрек сыры», «Жүрек жыры», «Жүрек үні», «Ғашық жүрек», «Сағындым», «Сезім», «Ғашық сыры», «Ғашық жыры», «Махаббат сезімі» екен дейік. Не деген қаптап жүрген «сыры», «жыры», «назы», «мұңы», «сазы», «үні», «тілі». Әннің арқауы махаббат болса да, оған енді ерекше ат қоюға болады ғой?! Меніңше мұның себебі бүгінгі ән мәтіндерінде махаббатты баяндау ғана бар да, сезімді сұлу суреттеу, тосын ситуациялық иірімдер жоқ. Болса да тым сирек.

Кейінгі кезде барлық әндері сәтті шығып жүрген әншілер саусақпен санарлық. Солардың ішіндегі бірі де, бірегейі деп Ерболат Құдайбергеновты атар едім. Өзіндік стилін қалыптастырған, тыңдарманның жүрегінен ерекше орын алған айырықша дауыс иесі. «Ешкімді бөле-жара қарамаймын. Өнер туын бірге желбіретіп жүргеннен кейін, мен үшін әр әнші бір төбе» дейді бір сөзінде. Ерболат Құдайбергенов өзгелерден қарапайымдылығымен, кішіпейімділігімен ерекшеленеді. Мұны тұшымды ойлары мен берген жауаптарынан байқадым. Адамның кішіпейілділігі қандай қылық, мінездеріне көрінеді? деген сұрағыма: «Кішіпейілділік ол өзге адамдарды сыйлаудан, оларға жақсы қарым қатынас жасаудан, өзінің жұмысын дабырлап марапаттамаудан көрінеді. Ондай адамдардың сөзі ұстамды келеді, аума-төкпелікке жол бермейді. Мұндай қасиеттердің барлығы қай ортада болса да өз пікірін ашық айтуға кедергі келтірмейді. Өйткені ол өзіне, істеген жұмысына сенімді». Иә, халқымыз: «Кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік», – деп, мәнін дұрыс жеткізген. Жуырда «Ғашық жүрек» фильмі жарық көрді. Онда шағын эпизодта ойнады. Бұл рөлі өзіне қатты ұнапты. «Егер жоғарыда отырған ағаларымыз қолдау көрсетсе, киноға түсу алдағы жоспарда бар» – дейді. Сонымен қатар бос уақыты шыға қалса кітап оқитындығын да аңғардым.
Категория: Ән, Мәдениет, Өнер | Добавил: Akinfeev
Просмотров: 4634 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1

Суббота

Автор:

Сообщение #1. [Материал]
Yqmtuk


purchase lipitor generic <a href="https://lipiws.top/">atorvastatin 10mg price</a> atorvastatin 10mg pills


Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Последнии комментарии