Сегодня 27.04.2024
Казахстанское время 23:00
Главная » Файлы » Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина

Фораминиферелар отряды
29.11.2011, 18:10
Фораминифералар отрядына теңізде тіршілік ететін 4000-нан аса түрлері жатады. Бұлардың дене құрылысы амебалардың құрылысына өте ұқсас, негізгі айырмашылығы денесі сыртынан көп камералы қабыршақпен немесе сауытпен қапталынған. Қабыршағы алғашқы кезде бір камералы болып келеді, бұл камераны ұрық камерасы деп атайды. Содан кейін цитоплазманың бір бөлігі қабыршақтың тесігі арқылы сыртқа шығып, оның сыртында жаңа қабыршақ пайда болып, сөйтіп екінші, үшінші, көптеген камералары түзіледі. Көп камералы қабыршақтың ішінде тек қана бір клеткалы қарапайым орналасады.

Камералар бір-бірімен тесік арқылы байланысады. Қабыршақтары ұзын қапшықтәрізді, бұтақ, түтік, спиральтәрізді болып келеді. Фораминифералардың қабыршақтары эктоплазмадан бөлінген қалың органикалық заттан-псевдохитиннен құралған. Осы органикалық затқа көмірқышқыл ізбесті сіңген, сондықтан қабыршақтары жеңіл және берік болып келеді. Кейбір түрлерінде қабыршақтың органикалық затына майда қиыршық құм жабысқан, бұлардың қабыршақтары үлкен, ауыр болып келеді. (4 -сурет).

4 – сурет. 1 – 4 бір камералы, 6 – 10 көп камералы фораминефералар.

Фораминифералардың жалған аяқтары қабыршықтың тесігінен сыртқа шығып, жіптәрізді, ұзын, бір-бірімен ұштасып түйінделіп тор жасайды. Бұларды ризоподия деп атайды. Ризоподия негізінде, қоректік заттарды ұстау және қозғалу қызметін атқарады.

Фораминифералар ұрпақ алмасуы жолымен яғни жыныссыз көбеюмен жынысты көбеюдің кезектесіп отыруы арқылы дамиды.

Жынысты және жыныссыз көбеюінің кезектесіп отыруын ұрпақ алмасуы деп атайды. Сөйтіп фораминифералардың макросфералық формалары клетканың жыныссыз жолмен көбейген кезде пайда болады да, өздері жыныссыз жолмен көбейеді, ал микросфералық формалары жынысты жолмен пайда болады да өздері жыныссыз жолмен көбейеді.

Фораминифералар ертеде пайда болған жәндіктер, бұлардың қабыршақтары кембрий дәуірінен кездеседі. Жасыл қиыршық құм, әк, кәдімгі бор, негізінде фораминифералардың қабыршақтарынан құралған.
Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Добавил: Akinfeev
Просмотров: 5455 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1

Пятница

Автор:

Сообщение #1. [Материал]
Idzeko


order lipitor 10mg online cheap <a href="https://lipiws.top/">where to buy atorvastatin without a prescription</a> where to buy lipitor without a prescription


Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Последнии комментарии