| Главная » Файлы » Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина |
| 30.11.2011, 13:42 | |
|
Ас қорыту жүйесі алдыңғы, ортаңғы, аналь тесігімен бітетін артқы ішектен құралған. Зәр шығару жүйесі метанефридиялы. Нерв жүйесі жұп жұтқыншақ үсті ганглиядан, жұтқыншақ айналасы коннективадан және ұзынынан орналасқан құрсақ нерв тізбегінен тұрады. Нерв жүйесі дененің әрбір сегментінде жұп нерв ганглиядан құралған. Жыныс жүйесі көпшілігінде гермафродитті, кейбіреулерінде дара жынысты. Төменгі сатыдағы өкілдерінің дамуы метаморфоз арқылы өтеді. Личинкасы трохофора. Буылтық құрттардың денесі арқа-құрсақ (дорза-вентральды) бағытына қарай жалпақтау, ұзындығы бірнеше миллиметрден 2,5 метрге дейін. Буылтық қүрттар теңіздерде, тұщы суларда, топырақтарда кездеседі, паразиттік тіршілік ететін өкілдері де бар, 9000-ға жуық түрлері белгілі. Буылтық қүрттар типі екі тип тармағына бөлінеді: белдеусіздер -Aclitellata және белдеулілер – Clitellata. | |
| Просмотров: 6442 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 1.0/2 | |
| Всего комментариев: 0 | |