| Главная » Файлы » Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина |
| 30.11.2011, 13:55 | |
|
Антивитаминдер ферменттердің құрамындағы витаминдердің орнына кофермент ретінде орналасып, ферменттердің активтілігін жояды, соның әсерінен авитаминоз пайда болады. Мысалы: никотин қышқылының аналогтары – антивитаминдер (2-кесте) аденил қышқылымен қосылып жалған коферменттер НАД+ (никотинамидадениндинуклеотид) түзіп, НАД – тәуелді оксидоредуктазалардың ферменттік активтілігін жояды. Антивитаминдердің тағы бір мысалы бола алатыны авидин-жұмыртқа белогы. Авидин Н (биотин) витаминімен биологиялық активтілігі жойылған кешен түзіп, бұл витаминнің зат алмасу қызметіне қатынасуына кедергі жасайды. Көптеген витаминдердің табиғи антивитаминдері бар. Бірқатар витаминдердің антивитаминдері синтезделген. Себебі, әр түрлі жұқпалы аурулардың қоздырғыштары – бактериялар, вирустар және ісік клеткалары – витаминдердің жетіспеуіне өте сезімтал болады, сондықтан кейбір антивитаминдер ем ретінде қолданылады. ПАБҚ фоль қышқылының құрамына кіреді, ал оның антивитамині – ақ – стрептоцид – ПАБҚ-ның фоль қышқылымен қосылуын қиындатады. Фоль қышқылы нуклеин қышқылдары синтезіне қатысады, ал, ақ стрептоцид микробтар синтезін тоқтатады. Олардың құрылымдық формулалары төмендегідей: | |
| Просмотров: 8018 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0 | |
| Всего комментариев: 0 | |