Сегодня 29.03.2024
Казахстанское время 14:21
Главная » Файлы » Ән, Мәдениет, Өнер

Ұлттық киім – бабадан қалған ұлы мұра
28.11.2011, 15:07
Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі қазақтардың басқа халықтарға ұқсамайтын киім үлгілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасқан. Ұлттық киімнің барша сымбатында, ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі жатыр. Ол – біздің ұлттық мәдениетіміз.

Елімізде қ ұлттық киімдерді кеңінен зерттеу Қазан революциясынан кейін ғана қолға алына бастады. Арнайы зерттеулерге көз жүгіртетін болсақ, қазақтың ұлттық киімдерінің бізге жетпеген көптеген түрлері мен үлгілері бар. Қазіргі таңда қазақ қыздары бір ғана бүрмелі көйлек түрін киіп, ер азаматтары шапан жауып жүре берген деген жаңсақ пікірлер де бар. Дегенмен, ұлан байтақ қазақ даласында бірімен-бірі жақын қарым-қатыныста араласпаған үш жүздің, тіпті, киімдері де ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп танылып жатады. Сондай-ақ, кейбір киімдер ру, тайпа аттарымен аталады. Мәселен, қыпшақ тымақ, арғын тымақ, найман тымақ, адай бөрік, қызай бөрік т.с.с. Қазақтың ұлттық киімдері географиялық аймағына байланысты Жетісу үлгісі, Арқа үлгісі деп те бөлінеді. Бірқатар қазақ киімдерінің үлгісіне көршілес орыс, тәжік, қырғыз, түркімен халықтарының киім тігу мәнерінің де әсер еткені мәлім. Бұл қазақ ұлттық киімдерінің алуан-түрлілігінің дәлелі емес пе? Бірақ қазіргі таңда, қара базарларда толып жатқан жылтырақ қош-қар мүйіз оюы басым болып келген шапандар ұлттық киімнің беделін түсіріп келеді. Сондықтан, ата-баба аманатын жоғалтпай, керісінше толықтырып, заманға сәйкестендіріп шығару, Кеңес одағының кертартпа саясатының салдарынан ұмытылып, тіпті, қолданыстан шығарылып тасталған киім үлгілерін жаңғырту қазіргі ұлттық киімдер салондарына жүктелген үлкен міндет болып отыр. Соңғы жылдары ұлттық киімдерді заманауи үлгіде шығаруда жақсы бастауларымен көзге түсіп жүрген бірнеше ұлттық сән орталықтары шаңырақ көтерді. Солардың қатарында қазақтың өзіндік құнды әшекейлерін, бірегей ою-өрнектерін өз туындыларында қолданып, сонау сақ тайпасы кезіндегі киім үлгілерін жаңғыртып келе жатқан – «Мария Ханым» ұлттық киім салоны. «Салон Мария» негізінде құрылған «Мария Ханым» салонының бағыты – ұлттық киім және ұлттық киім үлгілерінің негізінде өркениет талғамына сай қазіргі заманғы киім тігу. Қазақстан жеңіл өнеркәсібінде өзінің ерекше бағыт-бағдарымен таныла бастаған «Мария Ханым» киім салоны қазақ халқының дәстүрлі киім үлгілерімен қатар, ежелгі тайпалармен байланысты мифтік ке-йіпкерлердің киім үлгілерін де насихаттап келеді. Шебер суретші-дизайнер Галина Нагуманованың айтуы бойынша, қолөнер шеберлерінің ежелгі әдісін сақтай отырып, сол бейнелерді жаңа үлгіге келтіріп, қазіргі сұраныс пен тал-ғамға жауап беретіндей киім тігу негізгі алға қойған мақсат болып отыр. Ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған жаңа стильдегі сонымен қатар, жоғары сапалы ұлттық киімдер әзірлеуді «Мария Ханым» тігіншілері мәртебе деп санайды.
«Мария Ханым» ұлттық киім салонының ұлттық киім үлгілерін жаңғыртудағы жетістіктері үкімет тарапынан жоғары бағаланып, көптеген марапаттарға ие болған.
Гүлайым ЖАМБЫЛҚЫЗЫ
Категория: Ән, Мәдениет, Өнер | Добавил: Akinfeev
Просмотров: 2190 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Последнии комментарии