Сегодня 19.04.2024
Казахстанское время 21:46
Главная » Файлы » Ән, Мәдениет, Өнер

Айтыс
28.11.2011, 15:22
Айтыс – қазақтың ауызекі әдеби – музыкалық өнерінің көлемді және аса құнды салаларының бірі. Ол – суырып салма ақындық өнерінің жемісі боп табылады. Айтыста халықтың әдет – ғұрпы, тұрмыс – салты, дүниетанымы, эстетикалық, рухани, философиялық және әлеуметтік көзқарасы, қалыптасу тарихтары байқалады. « Ең алғаш тұрмыс – салт жырлары «Жар – жар» мен «Бәдіктен» бастау алып, сан алуан асу – кезеңдерден өтіп кемелдене жетілген айтыстың алғашқы үлгілері көпке ортақ жаттанды өлеңдерден тұрса, кейінірек өз жанынан шығарып айтылатын суырыпсалмалылық сипаты басым болып отырады… Айтыстың көтерілетін тақырыптары сан алуан. Егер де айтыстың ең ежелгі түрі – «Бәдік» айтыстың негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, кейіннен айтыстың кемеліне толған ең күрделі түрі – ақындар айтысының тақырыптары әлденеше тарау болып, бұтақталып кетеді және сол бұтақтардың бәрі халықтың өмір – тұрмысын жан – жақты көрсетіп, барынша толық бейнелейді. Бәдік айтысынан басқа қайымдасу, жануарлар мен адамның айтысы, ақ айтыс, сүре айтыс, жұмбақ айтыс сияқты айтыс түрлері қалыптасты.
Айтыс қазақ даласында негізінен XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап айрықша кең өріс алып, мол серпінімен дамыды. Бұған сол тұстағы қазақтың көшпелі өмірі мен әдет – ғұрып, салт – дәстүрі басты себеп болды…» Оны тудырған да, дамытқан да ақындар болған. Бұл өнер түрі қазаққа ағайындас, тұрмыс – тіршілігі -, шаруашылығы, қоғамдық өмірі ұқсас келетін қырғыз, түркімен, қарақалпақ халықтарында да кездеседі. Айтыстың басты ерекшелігі – оның суырыпсалмалы түрде орындалуы.
Айтыс қай кезеңдерде де филолог, фольклортанушы және саяхатшылардың назарынан тыс қалмады. Оның әр – түрлі үдгілерін қазақ арасынан XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап В. Радлов, Ш. Нұрмағамбетұлы, Т. Сейдалин, С. Жантөрин, Ж. Шайхысламов, Ә. Диваев, С. Сейфуллин және т.б. жинап, жарыққа шығарса, солармен қатар, құнды ойлар мен дерекрер А. Васильев, А. Левшин, Ш. Уәлиханов, А. Янушкевич, А. Байтұрсынов, М. Әуезов, С. Мұқанов, Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, З. Ахметов, С. Қирабаев, М. Мырзахметов, С. Қасқабасов, М. Жармұхамедұлы және т.б. жұмыстарында орын алады.
Соңғы деректер бойынша қазақ халқының айтыс өлеңдерін екіге бөліп, біріншісін – Тұрмыс – салт айтысы, оның ішінде а) Бәдік; ә) «Жар – жар»; б) Қыз бен жігіт айтыстары; в) Қағысулар деп сараласа, екіншісін – Ақындар айтысы деп белгілеп, оны а) Дін; ә) Жұмбақ; б) Жазба айтыс деп топтаған. Кезінде М. Әуезовтің «қазақ ауыз әдебиетінде айтыстың көне түрі бірнеше адам қосылып орындалатын ғұрыптық әндерден басталып, ақындар айиысына ұласты», – деген пікірі осыған дәлел.
Аталмыш өнер түрі халықтың жиналған жерінде өткізіліп, қандай тақырыпта болатындығы сол айтыс үстінде анықталған. Сондықтан әр айтыскер қарсыласын қалай болса жеңу, неден сүріндіру амалын ойластырып, соған шамданып келді. Әдетте, айтыста көптеген мәселелер көтеріліп, бір тақырыптан екіншісіне ауысып отырады.
Ақындар жекпе – жек ұрысқа шыққан батырлардай бір – біріне күш көрсетіп, өздерінің мықтылығын айтып, қорқыта сөйлейді. Өз жерінің, елінің шыққан ортасының кереметтігін жырлайды. Әрине, жеңу мақсатын көздеп келген ақын басқасының мінкемшіліктерін тізе жырлайды.

Айтыс түйіні – шындық. Қандай жүйрік, желқабыз, тапқыр ақын болса да шындықтан жалтарып құтылып кете алмаған, оның бәрі де тек шындықпен суарылған аталы сөзге тоқтап бас иетін болған. Бұл тартпас уәж, шындыққа құрылған бір ауыз сөздің жеме – жемде айтыс тағдырын шешіп кететіні де осыдан. Бұл сипаттарымен айтыс өзіміздегі шешендік сөздерді еске салады.
Айтыс өлеңдерін сан ғасыр өтсе де ұмытпай жадында сақтап, біөдің дәуіріміщге жекізуі, біріншіден, ақындардың талантын қадір тұтуы болса, екіншіден, сол ел, ру мәртебесін қорғаған ақындардың өлң – жырларын кейінгі ұрпақтың көкейіне ұялатып, олардың патриоттық сезімін оятудың құралы деп санаған. Айтыс ақындардың тапқырлыұты, білімдарлықты, өмір тануда сергек сезімталдықты және өзгег ұқсамас өзіндік ерекшклігін талп еткен. Айтыстың шешендік сөз сайысы, тәрбие мектебі тапқырлықтың тұғыры болып ерекше бағаланады. Ертеде өткен ақыедар айтысының дүлділі Біржан мен Сараны, Кемпірбай мен Шөжені, Жанаұ пен Орынбайды, Әсет пен Рысжанды, Жамбыл мен Құлманбетті және т.б. рулы елдің ар – намысын қорғаушылар дейді.

Қазіргі кездегі айтыскерлер сөз шеберлігі мен тапқырлығының арқасында көрермен қауымның көңілін көтеріп, қошеметтерге ие болады. Еліміздің жетістіктерін, жерімізді мекендеген ұлттар арасындағы достықты, қол жеткізген тәуелсіздік пен басшылардың даналығын негізгі тақырыпқа қоса жырлайды.
Осындай айтыс – думандарды сағынып, шөлдеген халық жалпы сөз өнеріне үлкен мән беріп, әр сөзді бағалай білетіні рас.
Бүгінгі таңда, барша қазақ халқының өнер сүйер қауымына танымал ақындар – Қуаныш Мақсұтов ( Қарағанды ), Сара Тоқтамысова ( Семей ), Айтақын Булгаков (Талдықорған), Аманжол Әлтаев (Астана), Кенжебай Жүсіпов (Қызылорда), Ринат Зайытов (Семей), Дәулеткерей Қапыұлы (Астана), Айбек Ережепов ( Талғар), Асылбек Ишанов (Орал), Жандос Бөгембаев (Алматы облысы), Күміс Сарсенбаева (Жамбыл облысы), Нұрлан Мұсаев (Маңғыстау) және Аманжол Зағыпарұлы (Қызылжар), Сырымбек Сәрсембаев (Құлсары) және т.б.
Категория: Ән, Мәдениет, Өнер | Добавил: Akinfeev
Просмотров: 3746 | Загрузок: 0 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 2

Четверг

Автор:

Сообщение #2. [Материал]
Qvkgvj


buy atorvastatin no prescription <a href="https://lipiws.top/">atorvastatin 40mg us</a> buy lipitor 40mg generic


Пятница

Автор:

Сообщение #1. [Материал]
гулек


магам22 наурызга айтыстар керек комектесиндерши отинем


Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Последнии комментарии