Сегодня 29.03.2024
Казахстанское время 02:27
Главная » Файлы » Әлеуметтану, Саясаттану

Саяси партиялар және олардың жіктелуі
27.11.2011, 15:42
Саяси партия ұғымы. Қазақстан өз дамуының жаңа белестерін бастан кешіріп жатыр. Саяси партиялардың құрылуы – мемлекеттің саяси институттарының нығая түскендігінің белгісі. Партиялық құрылымдардың калыптасуының кәсіби кезеңі басталды. Мұның мемлекет үшін қажеттігі бар. Қазақстанда бүкіл қоғамдық-саяси институттар орнығып жатыр. Демек, оның іргетасы әлдеқайда сенімді болмақ.

Елімізде демократиялық қоғам және құқықтық мемлекет құру кезеңінде саяси партиялардың тиімді қызмет атқаруы үшін құқылық базаларын қалыптастыру ерекше маңызды. Қазіргі уақытта республикамызда заңда белгіленген тәртіппен тіркелген 15-ке тарта саяси партия бар. Отан, Социалистік партия, Қазақстан халық конгресс партиясы, Демократиялық партия және Қазақстан халық бірлігі партиясы. Бұлардың қызметтері қоғамдық білестіктер жөніндегі заңмен реттеліп отырады. Сонымен қатар саяси партиялар жөніндегі арнаулы заң қабылау қажеттілігі де туындап отыр. Осыған байланысты бірқатар шетелдік саяси партияларға қатысты тәжірбиелерді қарастырып көрелік.

Шетелдерде конституциялық (мемлекеттік) құқық ғылымындағы саяси партияның түсінігі мынадай: саяси партия – мемлекеттік өкіметті иеленуді мақсат тұтатын, немесе соны жүзеге асыруға шешуші ықпал жасауға тырысатын, ортақ мүддеге біріккен, қоғамның белсенді, әрі ұйымдасқан бөлігі болып табылады.

Саяси партиялар осы терминнің қазіргі ұғымында алғаш рет Еуропада пайда болды. Сонда буржуазиялық революциялармен тығыз байланыста сайланбалы өкілдер арқылы жүзеге асырылған халық өкіметі жүйесі – халықтық өкілдіктер құрылған болатын. Әрі қоғам екіге жарылып, әлеуметтік қайшылықтар тереңдеп, мемлекеттің саяси өміріне бұқараның белсенді араласуы партия рөлін арттырып, өз кезегінде партиялар демократиялық мемлекеттің негізгі саяси тұлғасына әрі ажырамас бөлігіне айнала бастайды.

Саяси партия мемлекет басындағыларды біржақты жақтау үшін, не болмаса біржақты жамандау үшін тумайды. Ол қоғамдағы процестерді реттеуге араласу үшін туады. Қоғамда биліктен өзге, бірақ билікке әсер ете алатын институттар болуы тиіс. Олардың қатарына саяси партиялар жатады.

Сонда халыққа жасалатын игіліке билік басындағылар бөгет болса, оларға партия қарсы тұрады. Ал билік басындағылар халыққа игілік әкеліп жатса, партия оларды қолдайды.

Сонымен қатар өзге қоғамдық бірлестіктерден (кәсіподақтар, мәдени және діни қоғамдар, экологиялық ұйымдар, кәсіпкерлер одақтары, қайрымдылқ және бейбітшілік қорлары, мүдделілік жөніндегі қауымдастықтар және т.б.) партияның айырмашылығы ол мемлекет басқаруға тікелей мүмкіндік беретін парламенттегі және өкіметтегі орындар үшін ашықтан-ашық күреседі. Сөйтіп, партиялар сайлауларға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзінде асыруға белсене қатынасады.

Қоғамдық бірлестіктердің көншілігі саяси өмірде белсенділік танытқанымен, тікелей саясатқа араласу олардың түпкі мақсатына жатпайды, бұлар негізгі мақсаттарына жету жолындағы қосымша құралдары ғана іспетті. Саяси партиялар мемлекеттік билікті тікелей иеленуге ұмтылса, қоғамдық бірлестіктен мемлекетке тек сырттай ғана ықпал жасауға тырысады.

Сондай-ақ саяси партияларды қысымшы топтардан да ажырата білу керек. Іс жүзінде қысымшы топтар парламент пен үкіметке кеңес беру және оларды арнаулы нормативтік қызмет мәселелері бойынша тиісті ақпараттармен қамтамасыз ету үшін құрылады. Қысымшы топтар өз аттарынан сайлауға қатынаспайды. Олар мемлекеттік органдарға идеологиялық ықпал жасаудан бастап сатып алуға дейінгі қысым көрсету түрлерімен шұғылданады. АҚШ-та бұларды лоббистік ұйымдар, мүдделі топтар деп атайды. Ұлыбританияда оларды парламент агенттері дейді.

Әлемдегі саяси партиялардың атқаратын қызметі туралы. Бұл ретте ең алдымен саяси партиялардың түпкі мәнін, қызметін ажыратып алудың маңызы зор.

1) Бұл ең алдымен партияның көздеген мақсатында көрініс табады. Сонымен қатар партия сайлауда өздерін жақтап дауыс берген жақтастарының мүдделерін қоғауға айрықша мән береді.

2) Саяси партиялардың мәні оның қызметінде таңбаланады: а) партияның саяси бағдарын белгілейтін бағдарламасын жасау; б) партияның мақсаты, міндеттері, стратегиясы, тактикасы, сайлаушылар арасындағы іс жүзіндегі нәтижелері жөніндегі ақпараттар тарату, сондай-ақ партияға жаңа мүшелер тарту; в) мемлекеттік өкімет органдарын құруға партияның араласуы және олардың қызметтеріне бақылау жасау; г) қоғамдық түрлі әлеуметтік кикілжіңдерді шешуде, елде азаматтық бітім мен келісімге келуге мемлекеттік органдарға жәрдем беру; д) қоғамның белсенді дамуына, прогреске жеткізетін әлеуметтік-психологиялық ахуал орнауына атсалысу; е) өзара қарым-қатынастарда келісімге жету үшін мемлекеттік құрылымдар мен азаматтар арасындағы «тура» және «кері» байланыстардың дамуына араласу; и) елдің халықаралық беделінің артуына және халықаралық қарым-қатынастарының дамуына жәрдем беру; ж) партия мүшелері арасындағы белсенді жұмыстар және т.б.

Мемлекеттік өкімет органдарына сайлауға ұсынылған кандидаттарға дауыс беруші партия жақтастары оның электоратын құрайды.

Саяси партиялардың ұйымдық құрылымдары өз кезегінде бірқатар факторларға тәуелді болады. Партиялардың өзіндік ерекшеліктері, олардың тарихи және ұлттық ерекшеліктері де бар.

Ұйымдық құрылымдарына қарай партиялар: ұйымдық қалыптасқан және ұйымдық қалыптаспаған партиялар болып екіге бөлінеді. Бірінші топқа жататын партиялар әдетте сан жағынан аса үлкен емес.

Мұндай партия мен мүшелері арасында ұйымдық байланыс бар, партия нақты ұйымдастырылуымен және тәртібімен ерекшеленеді. Партияның әрбір мүшесі партия билетіне ие болып, мүшелік жараналарын уақыттында төлейді, партия жарғысында қарастырылған барлық тәртіп талаптарына қатаң түрде бағынады. Мұнай партияларды «кадрлық партиялар» деп те атайды. Олардың кәсіби орталық аппараты бар. Бұл партияның жекелей де ұжымдық та мүшелері бар. Ұйымдық қалыптасқан партияларға әртүрлі қоғамдық бірлестіктер – кәсіподақтар, жастар, әйелдер және басқа да қоғамдық ұйымдар қосылуы немесе құрамына кіруі мүмкін. Мысалы, француз коммунистік партиясына Жалпыға ортақ еңбек конфедерациялық кәсіподақтар бірлестігі қосылса, Британ лейбористік партиясының құрамына британ тредюниондары (кәсіподақтар) енеді.

Аталаған партиялар тобына, сондай-ақ Австрия халықаралық партиясы. Үндістан ұлттық конгресі (И), ГФР-дың христиандық-демократиялық одағы, Швеция орталық партиясы, Жапония либералдық-демократиялық партиясы және басқалар кіреді.

Ұйымдық қалыпсатпаған партиялардың басты ерекшелігі оларда ресми мүшелік болмайды. Мұндай партияға мүше болып табылатындардың партиямен ұйымдық байланысы жоқ, оларда партбилет жоқ, өту және мүшелік жарнасын төлемейді, партиялық ортақ тәртіпке бағынышты емес. Мұндай партиялардың мүшелері сайлауларда әлгі партияға дауыс берушілер болып табылады. Сонымен қатар ұйымдық қалыптаспаған партияларда ресми мүшелердің орнын осы партияның саясатын жүзеге асыруда басты рөл атқаратын кәсібилер мен белсенділердің құралған аумақтық ақпарат басады.

Аталмыш партиялардың қызметі ең алымен сайлау күресіне, сайлаушылар дауысын қармап қалауға бағытталады.

Ұйымдық қалыптаспаған партияның айқын мысалы ретінде АҚШ-тың республикалық және демократиялық партияларын алуға болады. Екеуі де үлкен ұйымдар. Тиісті партиялар тізіміне сайлауларда дауыс беруші барлық сайлаушылар әлгі партияның мүшесі болып есептелінеді. Партия мен оның мүшелері арасында ұйымдық байланыс болмайды. Бұл партиялардың аппарттарының ұйымдық құрылымы аса күрделі де қым-қуат. Тұтастай алғанада ол ең алдымен сайлаудағы күрестерге лайықталған. Аумақтық партиялық құрылымдардың сайлау округтері орналасуымен сәйкес келуі де осыдан.

Ресми партиялық тетік жеке әрекеттік ұйымдармен толығып жатады. Бұларға, мысал үшін, Калифорния республикалық ассамблеясы, Калифорния демократиялық кеңесі жатады. Президент сайлау кезінде «Тәуелсіздер Никсон үшін», «Заңгерлер Хемфри үшін», «Бизнесмендер Кеннеди үшін» және т.б. ұйымдар құрылған.

Шетелдердегі саяси партиялардың әркелкілігі. Әлемдік іс-тәжірибе көрсетіп отырғандай, саяси партиялардың орнығуы, жетілуі тоқтаусыз жүріп жатыр. Егер ХІХ ғасырдағы конституцияларда қоғамдық-саяси және мемлекет өмірінде елеулі ықпал бола тұра саяси партияларға пәлендей мән берілмесе, ал қазір олар толыққанды конституциялық-құқылық институттар құрып отыр. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі шетелдерде қабылданған барлық конституциялардың барлығында дерлік саяси партиялар жөнінде ережелер бар.

Шетелдерде саяси партяларды заңды инстиуализациялау әдетте саяси партиялар мәртебесіне төмендегі маңызды элементтерді қамтиды:

1) Саяси партиялар түсінігі, саяси жүйе мен мемлекеттік механизмдегі оның орны мен рөлін белгілеу;

2) Партия қызметін құру мен тоқтату тәртібі мен шарты;

3) Партия идеологиясы мен бағдарламалық тәртібіне қойылатын талаптар;

4) Партияның ұйымдық құрылымы мен қызмет тәртібіне талаптар; 5) Партияның қаржылық – экономикалық базасы;

6) Бұқаралық өкіметпен қарым – қатынастары;

7) Сайлауға қатынасуы;

8) Мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқарудағы өкілетті органдар қызметіне қатынасуы.

Егер ұйым ұлттық саяси партия ретінде тіркелгісі келсе, онда міндетті түрде қызметінің принциптер жиынтығын, бағдарламасы мен жарғысын тапсыруы қажет. Декларацияда конституция мен мемлекет заңдылығын сақтауға: саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларда идеологиялық негіздер, халықаралық ұйымдар мен шетелдік мекемелер немесе саяси партиялар ықпалына түсіп кетпеуге; бейбіт және демокартиялық жолдармен қызмет жасауға міндеттіліктер қамтылған.

Қызмет бағдарламасына принциптерді жүзеге асыру және көздеген нысанаға жету, ұлттық проблемаларды шешудегі саяси ұсыныстар, сондай-ақ партия мүшелеріне идеологиялық басшылық жасау әдістері, оларға саяси білім беру, сайлауға қатынасуға жұмылдыру енеді.

Жарғыда бірқатар міндетті реквизиттерді, соның ішінде кандидаттарды сайланбалы мемлекеттік органдарға ашық ұсынуды қарастыруы керек. Заң сондай-ақ жарғыда партия органдарының жүйесін ашық көрсетуді көздейді.

Заңға сәйкес саяси партия Федеральдық сайлау комиссиясында тіркеледі. Партиялардың айталық: радио мен теледидарға тұрақты шығуы, басылымдарға жариялануы үшін қаржысы, сайлау науқанына қаржысы, алым-салықтардан босатылуы, байланыс-телеграфқа жеңілдіктері сияқты құқықтар мен міндеттерді заңда айқын белгіленеді. Ұлттық саяси қауымдастықтар идеялары талқыланып, идеологияны таратуға лайықталған азаматтық бірлестіктер болып табылады. Алайда, олар сайлауларға тек партиялармен блок құру арқылы ғана қатынаса алады.

Шетелдерде партиялар аумақтық принцип бойынша құрылады, партия ұйымдарының құрылымдары сайлау округтерімен және елдің саяси-аумақтық бөлінуімен белгіленеді. Сонымен қатар аумақты-өндірістік үрдістің де кездесіп қалатыны бар. Әдетте, бұл коммунистік партияларға тән.

Бірқатар елдерде сайлау науқанында тең жағдайды қамтамасыз ету үшін партиялардың мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатыны да болады. Мысалы, Дания, Германия, Италия, Швеция, Норвегия, Финляндия және т.б. елдерде сондай.

Бірқатар елдердің (Ұлыбритания, Германия, Франция, Үндістан) заңдарында радио мен теледидарды кеңінен пайдалануға зор құқық белгіленген.

Қарастырылып отырған проблеманың аса күрделі, сан қырлы екенін әлемдік іс-тәжірибелер көсетіп отыр. Сөйтсе де Қазақстан Республикасындағы сан түрлі саяси партияларға конституциялық-құқылық мәртебелерін дамытуға байланысты мәселелерді шешуге шетелдік әріптестердің іс-тәжірибелерінен сабақ алғандары, үйренгені артық болмаса керек.
Категория: Әлеуметтану, Саясаттану | Добавил: Akinfeev
Просмотров: 4232 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Последнии комментарии