Сегодня 28.03.2024
Казахстанское время 14:47
Главная » Файлы » Әлеуметтану, Саясаттану

Қоғамның саяси жүйесі
27.11.2011, 15:37
Саяси жүйенің мәні мен құрылымы. Ең алдымен саяси жүйе дегеніміздің өзі не, соны айқындап алуымыз керек. Оның табиғаты, мазмұны қандай, атқаратын қызметі қандай?

1) Қалыптасқан дәстүр бойынша, қоғамның саяси жүйесі (ұйым) мемлекет, құқық және басқа саяси құбылыстар, институттар мен мекемелер сияқты таптық ұғым болып табылады. Оның өмір сүруі мен жұмыс істеуіне тікелей байланысты. Бүкіл өмір сүрген тарихында қоғамның саяси жүйесі үстем таптардың мүддесін қорғайтыны белгілі.

2) Марксистік ілім бұл ретте жалпыадамгершілік, топтық, ұлттық және басқа да мүдделерді жақтайды. Олардың мүдделері бір-біріне қарама-қарсы қойылмайды. Қоғамның саяси мазмұнын біріктіре келе ол шынында да мемлекет, саяси партиялар, әртүрлі қоғамдық ұйымдарды қамтиды. Сол арқылы саяси өмірге араласады.

Қоғамның саяси жүйесі өзіне қатысты бұл құрылымдардан тысқары тұрмайды. Қоғамның саяси жүйесі өзінің қалыптасу процесінде идеологияға, құқыққа және моральға кері ықпал жасайды. Бұл қоғамның саяси жүйесінің дербестігін көрсететін жағдай.

Сипаты жағынан қоғамның саяси жүйесі мен қоғамның материалдық базисі болып табылатын экономиканың арасында да осындай жағдай қалыптасады. Басқа сөзбен айтқанда: «саясат – экономиканың жинақталған көрінісі». Экономика саясатқа шешуші ықпал жасайды. Өз тарапынан саясат та экономикаға ықпал етеді.

Қоғамның саяси жүйесінде бір-біріне қарсы тұратын экономикалық мүдделердің иелерінен шығатын жағдай бар. Мысалы, кейбіреулері билеуші таптардан тұратын ұйымдардың жүйесін құрса, басқалары – бағынышты таптардың ұйымдарының жүйесін құрады. Таптық белгілерімен қатар тапаралық, жалпыәлеуметтік, топтық және жалпыадамдық қасиеттері мен белгілері де болады.

Барлық саяси жүйелер әлеуметтік жағынан әртекті қоғамдарда өмір сүріп дамиды. Саяси жүйелердің әрқайсысы қоғамды тұтасымен қамтиды. әрбір саяси жүйе өзінің табиғаты бар, басқадай айтқанда, саяси табиғаты бар құрылым ретінде көрінеді. Кезкелген саяси күйе экономиканың типіне, әлеуметтік құрылымға және идеологияға сүйенеді. Кезкелген саяси жүйенің құрылымдық элементі ретінде әртүрлі мемлекеттік, партиялық және қоғамдық ұймыдар болып табылады.

Қоғамның саяси жүйесі құбылыс ретінде және іс жүзіндегі факті ретінде көрінеді. Қоғамның саяси ұйымдарының барлық құрылымдық элементтеріне тәртіптілік, ұйымшылдық және аз да болса саясаттылық талабы қойылады.

Қандай болмасын ұйымның сипаттық белгілері ретінде: оның құрылуындағы, қызметіндегі тәртіптілік, жарғысы, құрылуының заңдылығы, алдында тұрған нақты мақсаттары, қоғамның мүддесіне бағытталған қызметі болуы керек.

Тағы бір қойылатын талап: олардың аз да болса қызмет жасау механизмінің саясаттылығы қажет. Қоғамның саяси ұйымының әрбір құрылымдық элементі жай ғана ұйым емес, сипаты жағынан саяси ұйым болып қалыптасуы қажет. Біріншіден, белгілі бір таптың немесе кезкелген басқа әлеуметтік қауымның саяси мүддесін көрсетуі қажет. Екіншіден, саяси өмірге араласушы және саяси қатынастарды жеткізуші болуы қажет. Үшіншіден, мемлекеттік билікке қатысы болуы керек, жақтаса да, қарсы шықса да. Төртіншіден, күнделікті қызметінде елдегі қалыптасқан саяси нормаларды басшылыққа алып отыруы шарт. Қоғамның саяси жүйесінің құрылымдық элементтерінің баршасында мазмұны жағынан саяси аспектілері бірдей болып келеді. Осыған байланысты қоғамның саяси ұйымының құрылымдық элементтері тікелей саяси (собственно политические) және тікелей емес саяси (несобственные политические) ұйымдар деп бөлінеді. Тікелей саясиға: мемлекет, саяси партиялар және кейбір қоғамдық бірлестіктер жатады. Тікелей саяси ұйымдарда мемлекет шешуші рөл атқарады. Қоғамның саяси жүйесінде мемлекет объективті түрде ауадай қажет және ажырамас құрамды элементі болып табылады. Ал қалғандары белгілі бір функцияларын атқарғаннан соң жойылуы да мүмкін.

Тікелей емес саяси бірлестіктерге: саяси қажеттіліктен емес экономикалық немесе басқадай себептермен құрылатын бірлестіктер жатады. Оларға кәсіподақтар, кооперативтер сияқтылар жатады. Олардың қызметінің негізін саяси мақсаттар емес, өндірістік, әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени, сауда және тағы басқалар құрады.

Көптеген ұйымдардың ішінде жеке мүдделері бойынша құрылатындары да бар: нумизаттар, филателистер, автоәуесқойлар, туристер және басқалары.

Саясаттанушылар қоғамның саяси жүйесін қарастырғанда біреулері: оның құрылымдық элементтерімен қоса әртүрлі қоғамдық-саяси инстиуттармен қоса саяси қатынастарды да қарастырмақшы, екіншілері: құрылымдық элементтеріне, институттарына қоса еңбек ұжымдарын, таптарды, халықты, ұлтты, отбасын, түрлі қоғамдық ұйымдарды, бұқаралық ақпарат құралдарын, демократияның тікелей формаларын және басқаларды жатқызады. Үшіншілері: құрылымдық элементтеріне саяси идеяларды, көзқарастарды, нанымдарды, саяси сананы, саяси идеологияны т.с.с. жатқызады.

Қорыта келгенде, саяси идеялар, көзқарастар, нанымдар қоғамның саяси ұйымының материзацияланған құрылымы болып табылады. Осыдан келіп қоғамның саяси ұйымы материалдық жүйе болғандықтан оның құрамды бөліктері де материалдық болып келеді деп тұжырымдай аламыз. Бірақ олардың барлығы өзара тығыз байланыста ғана комплексті түрде қоғамның саяси жүйесінің элементтері ретінде көрініс таба алады.

Шетелдік саясаттанудағы саяси жүйе проблемалары. Проблеманы толық түсіну үшін шетелдік саясаттанушылардың көзқарастарын білу қажет. Бұл ретте отандық және шетелдік көзқарастар сәйкес келуде. Дегенмен, батыс саясаттануында қоғамның саяси жүйесі туралы бір нақты түсінік жоқ.

Сонда батыс саясаттануында қоғамның саяси жүйесі қалай түсіндіріледі? Бірнеше нұсқалар бар. Әрқайсысы өзінің мүддесін көздейді. Мысалы, Дэвид Истон мен Габриэль Алмонд деген саясаттанушылардың бағыты жиі айтылады. Олар саяси жүйені құратындарды жиыстырып қарастыруды ескерген. Ал К.Дойтчтың «Ұлтшылдық және әлеуметтік байланыс», «Басқару нервілері» деген еңбектерінде саясат саласынла теримнологияның атауларын механикалық жолмен енгізуді және кибернетиканың басты қағидаларын енгізуді көздейді. Бұдан басқа Д.Трумэннің «Американ саяси жүйесінің дағдарысы», «Басқарушылық процесі» деген еңбектерінле саяси жүйе теориясы әлеуметтік плюрализмнің негізгі қағидалары мен «қыспаққа алу топтары» теориясына сәйкес жағдайлар қалыптастырылған.

Мұндай теориялардың көптеп қалыптасуы олардың қоғамның саяси жүйесі туралы бір-біріне қарама-қайшы теориялардың жасалғанын көрсетеді. Олардың біреулерінде саяси жүйе қоғамдағы субъектілердің бірлесе қарым-қатынас жасау арқылы қоғамдағы құндылықтарды билік арқылы бөледі деген ұғым қалыптасқан. Келесі біреулерінде саяси жүйеге анықтама – принциптердің, заңдардың, доктриналардың, т.с.с. комплексі деген анықтама берілген.

Алайда қаншама әркелкі анықтамалар болса да, олардың баршасын ортақ экономикалық, саяси, идеологиялық негіздер біріктіреді. Олардың барлығы бірдей іргелі (әдістемелік) және қолданбалы рөл атқарады.

Осы рөлдер қалай орындалады деген мәселеге келетін болсақ, ең алдымен саяси теориясының әдістемелік аспектісінен бастаған жөн. Батыс саясаттанушылары саяси жүйе теориясын даралап қарағанда оны «әлеуметтік және саяси талдаудың өте бағалы құралы» деп атайды, «саяси ғылымдар саласында ғылыми зерттеулердің жалпы шеңберін» айқындайтын перспективасы бар тұжырымдама дейді, басқалары құрылымдар мен процестерді талдауда басты доктрина болып келеді дейді. Болашақты бағдарлап білуге көмектеседі дейді. Сонда саяси жүйе теориясының қолданбалы, практикалық та маңызы бар болып шығады.

Бұл теорияны батыс саясаттанушылары практикалық проблемалар саясаты саласындағы толғағы жеткен істерлі шешудің маңызды құралы деп қарастырады. Қиындықтарды жеңу үшін адамдар өздерін саясатқа әкеп түсіреді және саяси жүйені не жоюға немесе қалптастыруға бағыттайды дейді саясаттанушы Р.Голдмэн. Саяси жүйе теориясының практикалық шешетін міндеттері:

1) Саяси жүйенің құрылымын жетілдіруге бағытталған нұсқаулар жасауға көмектесу.

2) Бұқара арасындағы тірегінен айырылып бара жатқан саяси жүйенің экономикалық, саяси және әлеуметтік негіздерін нығайтуға, кеңейтуге жәрдемдесу.

3) Саяси жүйе теориясы қоғамдық-саяси институттар, атқарушы-жарлық беруші органдар, қоғамдық бірлестіктер, саяси партиялар, т.с.с. мемлекеттік органдарды оқып-білуге, оларды жетілдіруге кеңінен қолданылады. Бұлардың әрқайсысын батыс зерттеушілері подсистема ретінде қарастырады.

4) Саяси жүйе тұжырымдамасы «қысылшаң» (стрессовый), саяси, әлеуметтік шиеленістерді айқындауға және оларды жоюға қолданылатын теориялық құрал болып табылады.

5) Қай елде болмасын саяси тұрақтылықтың деңгейін айқындауға қолданылады.

Сондықтан басқа елдерде капиталы бар іскер адамдар ол елдің саяси климатын қырағы бақылап отыруы тиіс. Әсіресе революциялар өте қорқынышты, қатерлі екенін олар әр кезде назарда ұстайды.
Категория: Әлеуметтану, Саясаттану | Добавил: Akinfeev
Просмотров: 9693 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Последнии комментарии