Сегодня 28.03.2024
Казахстанское время 14:25
Главная » Файлы » Әлеуметтану, Саясаттану

Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
27.11.2011, 18:00
Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады деп хабарлайды президент баспасөз қызметі.

«Баршаңызды ұлық мереке – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Биыл ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен орайлас келген мүбәрак мерекенің орны бөлек. Бұл – елдің береке-бірлігін бекемдейтін, қанағат пен қайырымдылықты арттыратын мейрам. Құрбан шалу кісіні шүкіршілік пен тәубаға, аманатқа адалдық пен сертке беріктікке шақырады», – деген президент өзінің құттықтауында.

Сонымен қатар Назарбаев осы жылы Қазақстанның Ислам ынтымақтастық ұйымына басшылық жасап отыруын ерекше атап өтті.

Үш күнге созылатын мейрам жыл сайын хижра – мұсылман күнтізбесі бойынша зуль-хиджа айының оныншы жұлдызында басталады. Бұл жолы Құрбан айт мерекесі жексенбіде, яғни қарашаның алтысында басталады.
Категория: Әлеуметтану, Саясаттану | Добавил: Akinfeev
Просмотров: 1883 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Последнии комментарии