Сегодня 25.04.2024
Казахстанское время 19:13
Главная » Файлы » Әлеуметтану, Саясаттану

Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік – құқықтық мәртебесі
27.11.2011, 15:01
Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік – құқықтық мәртебесі

Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік – құқықтық мәртебесі – мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының, міндеттерінің және шектеулердің жиынтығы.

«ҚР мемлекеттік қызметі туралы» заңының 8 бабына сәйкес мемлекеттік қызметкер мынаған құқылы:

1) ҚР Конституциясында және өзге де заңдарымен белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;

2) өз өкілеттілігі шегінде мәселелерді қарауға және шешім қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды тұлғалардың оларды орындауларын талап етуге;

3) белгіленген тәртіпте лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдар алуға;

4) лауазымдық міндеттерді атқару үшін белгіленген тәртіппен меншік нысандарына қарамастан ұйымдарда болуға;

5) басшыдан мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкес қызметтік өкілеттілік міндеттері мен көлемін дәл белгілеуді талап етуге;

6) жеке басының қадір-қасиетінің құрметтелуіне;

7) өзі атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжірибесіне және заңда белгіленген өзге де негіздерге қарай ынталандырылуына және еңбегіне ақы төленуіне;

8) тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануға және біліктілігін арттыруға;

9) өзінің мемлекеттік қызмет өткеруіне қатысты материалдармен кедергісіз танысуға, қажет болғанда жеке түсініктеме беруге;

10) қызметі бойынша жоғарылауға;

11) қызметшінің пікірінше негізсіз айып тағылғанда қызметтік тексеру жүргізілуін талап етуге;

12) еңбегінің қорғалуына, денсаулығынң сақталуына, қауіпсіз және жоғарғы өнімді жұмыс істеуі үшін қажетті еңбек жағдайына;

13) әлеуметтік және құқықтық қорғалуға;

14) мемлекеттік қызметтен өз қалауы бойынша босатылуға;

15) зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандырылуға;

16) жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға мемлекеттік қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

Мемлекеттік қызметшінің мынадай негізгі міндеттері болады:

1) ҚР Конституциясы мен заңдарын сақтауға;

2) ҚР Президенті бекіткен тәртіпте ант беруге;

3) азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгіленген тәртіп пен мерзімде азаматтардың өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;

4) өзіне берілген құқықтар шегінде және қызмет міндеттеріне сәйкес өкілеттілігін жүзеге асыруға;

5) мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға;

6) өзіне заңда белгіленген шектеулерді қабылдауға;

7) басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғарғы органдар мен лауазымды адамдардың өз һкілеттіліктері шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындауға;

8) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, соның ішінде мемлекетті қызметті тоқтатқаннан кейін де заңмен белгіленген белгілі бір уақыт ішінде, ол жөнінде қолхат бере отырып сақтауға;

9) қызметтік әдеп нормаларын сақтауға;

10) қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, азаматтардың жекеөмірін, ар – намысын және қадір -қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат беруді талап етпеуге;

11) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге;

12) мемлекеттік қызметкердің жеке мүдделері оның өкілеттілігінен түйісетін немесе қайшы келетін жағдайларда. оларды тағайындауға құқығы бар лауазымды адамды дереу хабардар етуге;

13) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға міндетті.

Мемлекеттік қызметте болуға байланысты қойылатын шектеулер:

1) өкілді органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға;

2) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға;

3) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде, егер коммерциялық ұйымды басқаруға тікелей қатысу ҚР заңдарына сәйкес оның қызметтік міндетіне кірмейтін болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;

4) үшінші тұлғалардың істері бойынша өзі қызмет істейтін не өзіне тікелей бағынысты немесе өзінің бақылауыдағы мемлекеттік органдарда өкіл болуға;

5) өзінің қызметтік іс-әрекетін материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсатта пайдалануға;

6) ереуілдерді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерді орындауға кедергі келтіретін әрекеттерге қатысуға;

7) лауазымдық өкілеттілігін орындауға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалар көрсететін қызметті жеке мақсатына пайдалануға құқығы жоқ.

Мемлекеттік қызметкер белгіленген тәртіпке және заңдарға сәйкес, қызметке кіргеннен кейін бір ай ішінде мемлекеттік қызметті өткеру уақытына өзінің меншігіндегі коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлесті және осы адамдарға заңды тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүлікті жалға берген өзге де мүлікті қоспағанда, пайдалану табыс алуға әкеп соғатын өзге де мүлікті сенім білдірілген басқаруға беруге міндетті. Осы мүліктен, соның сыйақы, дивидендтер, ұтыстар, мүлікті жалға беруден және басқа да заңды көздерден түскен табыс нысанында табыс алуға құқығы бар.

Мемлекеттік қызметкер өзінің жақын туыстары (ата – анасы, жұбайы, аға – інісі, апа -сіңілісі, балалары) немесе жекжаттары атқаратын қызметке тікелей бағынысты лауазым атқаруына болмайды.

Мемлекеттік қызметті өткеру

Мемлекеттік қызметті өткеру – бұл лауазымдық өкілеттіліктерін практикада жүзеге асыруда көрінетін, қызметкердің күнделікті жұмысы және қызмет ету барысында қызметкердің құқықтық мәртебесіндегі өзгерістер.

Лауазым – бұл заңнамада көзделген бастапқы ұйымдық-құқықтық бірлік немесе белгіленген тәртіпте мемлекеттік орган құрған бірлік. Ол оған орналасқан тұлғаның өкілеттілігінің мазмұны мен көлемін білдіретін категория болып табылады.

Қызметкер лауазымға кірген сәттен бастап мемлекет белгілеген және кепіл болатын нақты құқықтар мен міндеттерді тасушы болып табылады. Құқықтар мен міндеттер қызметкер істейтін органның міндеттерінен, функцияларынан және құзырлығынан туындайды.

Мемлекеттік қызметті өткеру элементтері:

1) мемлекеттік қызметке кіру;

2) сынақ мерзімін белгілеу;

3) мемлекеттік қызметшілерді аттестациялау;

4) қызметті ауыстыру;

5) қызметті атқару кезінде берілетін жеңілдіктер және ынталандырулар;

6) мемлекеттік қызметшінің жауаптылығы;

7) мемлекеттік қызметтің тоқтатылуы.

Мемлекеттік қызметке кіру. «Жасақтау» ұғымы мемлекеттік қызметкерлердің кадрларын дайындауды, іріктеуді және орналастыруды білдіреді. Мемлекеттік қызмет кәсіби қызмет болғандықтан, онда орналасатын азаматтар кәсіби даярланған болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкердің білім деңгейі, біліктілігі мемлекеттік басқару аппаратындағы нақты лауазымдардың талабына жауап беруі тиіс.

Кадрларды дайындау – бұл жауапты басқарушы лауазымдарда жұмыс істеу үшін арнайы оқыту, біліктілік деңгейін көтеру, кадралрдың резервін қалыптастыру.

Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту арнайы оқу орындарында,сондай-ақ тікелей мемлекеттік қызметкер істеп жүрген мемлекеттк органның шегінде де өтуі мүмкін.

Резервті қалыптастыру кадрларды жаңарту процесінде сабақтастықты, жалғастырушылықты, орын басушылықты қамтамасыз ету үшін қажет болып табылады. Резервпен жұмыс қызметтік перспектива қағидасына сай келуі тиіс.

Іріктеу, ереже бойынша, басқару органдарын жаңа қызметкерлермен толтыру. Мемлекеттік қызметке кадраларды іріктеу кезінде басшылыққа алынатын, практикада қалыптасқан және нормативті бекітілген нақты талаптар болады.

Мемлекеттік қызметке кіру кезінде мынадай талаптар қойылады:

1) ҚР азаматы болуы қажет;

2) егер ҚР заңдарында тиісті лауазымдар жөнінде өзгеше белгіленбесе, 18 жастан кем болмауға;

3) қажетті білімі, кәсіби даярлығы және белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс;

4) мемлекеттік қызметке кірген кезде салық қызметі органдарына өзі алған табысы мен өзіне меншік құқығымен тиесілі, салық салу объектісі болып табылатын мүлкі туралы мәліметтерді табыс етуге міндетті;

5) арнайы тексеруден өтуі тиіс;

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік органдар лауазымдар санаттарына қойылатын үлгі біліктілік талаптары негізінде әзірлейді және бекітеді.

Кадрлармен жұмыс істеудің бір түрі болып – оларды орналастыру. Орналастыру – бұл әркімге оның мамандығына және біліктілігіне, жеке бас ерекшеліктеріне және ұжымдық мүдделеріне сәйкес, өз уақытында адамдарды анағұрлым білікті немесе жауапты лауазымға пайдалану үшін қалыптасқан мүмкіндіктерін ескере отырып орын беру.

Мемлекеттік органдарда лауазымға орналасудың төрт ұйымдық – құқықтық тәсілі жалпыға мәлім:

1) қабылдау;

2) тағайындау;

3) сайлау;

4) конкурс.

Осылардың әрқайсысы еңбек шартын жасасумен байланыстырылатын әкімшілік актіні шығарумен аяқталатын өзіндік процедураны білдіреді.

Қабылдау – мемлекеттік қызметке тұлғаны алған кезде жинақтайтын тәсілдердің бірі. Мемлекеттік қызметкерлердің көпшілігі қызметке қабылдау тәртібінде алынады.

Тағайындау – бұл мемлекеттік органдардың жеке құрамын жинақтаудың негізгі тәсілдерінің бірі. Тағайындау тәртібінде мемлекеттік органдардың және олардың құрылымдық бөлімдерінің жетекшілерінің, олардың орынбасарлары және басқа да лауазымды тұлғалар лауазымға алынады. Тағайындау бірнеше тәсілдер арқылы жүзеге асырылады: тиісті орган немесе лауазымды тұлға дербес түрде (ҚР Президентінің ҚР Мемлекеттік хатшысын тағайындауы); ұсыну бойынша (Президенттің ұсынысы бойынша Сенат – Жоғарғы Соттың Төрағасын, ҚР Жоғарғы Сотының коллегиялар төрағасын және судьяларын); келісім беру бойынша (Парламенттің келісімі бойынша Президент Премьер-Министрді тағайындайды).

Сайлау – мемлекеттің, тұрғындардың белгілі бір саны бойынша немесе қандайда болмасын органның тапсырмасы бойынша құзырлықты жүзеге асыруға нақты бір тұлғаларды уәкілетті ету. ҚР заңнамасы бойынша Президент, барлық деңгейдегі депутаттар сайлануға жатады. Сайланушылық өзінің артынан көп құқықтық салдарларға әкеледі: саланған тұлғаны бақылау құқығы; оның есебін тыңдау, жұмысын бағалау. Сайлаудың өзіне тән процедурасы болады: талқылау, дауыс беру, дауыстарды санау және т.б. Сайлау белгілі бір уақытқа ғана есептеледі, осы мерзім өткеннен кейін осы лауазымға қайтадан сайлау жүргізіледі.

Конкурс – лауазымға орналасудың дербес, ерекше тәсілі. Сайлауға ұқсас болып келеді. Конкурстың мәні – барлық қатысушылар үшін тең жағдайда жарысу тәртібінде бос лауазымға ораласу. Конкурс үшінші санаттан жетінші санатқа дейінгі лауазымдарға орналасуға мүмкіндік береді. Ол құжаттардың конкурсы түрінде жүргізіледі. Арнайы құрылған конкурстық комиссия конкурсқа қатысушыларды білімі туралы, мемлекеттік қызметті өткеру немесе өзге де қызметтерді атқару туралы құжаттардың, сонымен қатар тестілеу нәтижелерінің, ұсыныстардың негізінде бағалайды. Конкурстық комиссияның шешімі азаматпен контракт жасасу үшін немесе осындай контракт жасасудан бас тарту негізі болып табылады.

Мемлекеттік қызметкерлердің лауазымына жинақтаудың қандайда болмасын тәсілін таңдау қызмет түріне, қызметкердің санатына, сондай-ақ нақты лауазымдық өкілеттіліктерге байланысты болады.

Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке кіруі тағайындау не сайлау негізінде, сондай – ақ ҚР заңдарында белгіленген басқа да реттерде, тәртіп пен жағдайларда жүзеге асырылады.

2) Мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған немесе оғарғы санаттағы мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылданған азамат үшін 3 айға дейін мерзімге сынақ белгіленуі мүмкін. Егер сынақ мерзімі өтіп, мемлекеттік әкімшілік қызметкер мемлекеттік қызметті жалғастыра берсе, ол снақтан өткен болып саналады және сынақ мерзімі мемлекеттік қызмет стажына есептеледі («ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» заңының 15 бабы).

3) Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер олардың кәсіби даярлығы, құқықтық мәдениеті, азаматтармен жұмыс істеу қабілеттілігі деңгейін анықтау үшін кемінде 3 жылда 1 рет аттестациядан өтеді. Оны жүргізу тәртібі мен талаптарын уәкілетті органның ұсынысы бойынша ҚР Президенті бекітеді. Аттестациядан жоғарғы, 1 және 2 санаттағы мемлекеттік лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлер өтпейді.

4) Жұмысында жетістіктерге жеткені үшін, бастамашылдығы үшін, өзінің кәсіби деңгейін үгемі көтеретін мемлекеттік қызметкерді қызмет бабы бойынша ктермелеу жоғарғы лауазымға ауыстыру немесе одан да жоғары біліктілік класын беру арқылы жүзеге асырылады;

5) жұмыс уақытының ұзақтығы, сонымен қатар күні бұрын болжанбаған жұмыс күні үшін өтем ақы төлеу кепілі мен тәртібі және мемлекеттік қызметкерді демалыс және мереке күндері қызметке келуге міндеттеу ҚР еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді;

6) мемлекеттік қызметте болудың шекті жас мөлшері 60 жас белгіленген. Кәсіби біліктілік деңгейі жоғары және денсаулық жағдайы сай тұлғалардың мемлекеттік қызметте болу мерзімі ұзартылуы мүмкін. Бұл мерзім 5 жылдан аспауы тиіс.

7) Мемлекеттік қызметкердің еңбегіне төленетін ақы қызметтік міндеттерін сөзсіз және тиянақты атқаруы үшін жеткілікті материалдық жағдайды қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдарды білікті және тәжірибелі кадрлармен жасақтауға жәрдемдесуге, олардың адал да бастамашыл еңбегін ынталандыруға тиіс.

8) Мемлекеттік қызметкерлердің еңбек ақысын төлеудің бірыңғай жүйесін Үкімет әзірлейді және Премьер – министр ҚР Президентіне бекітуге береді; Олардың жалақысы бюджет қаражаты есебінен не болмаса Ұлттық банк қаржысынан төленеді. Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің жалақысы мен оларға төленетін басқа да төлемдер ҚР заңдарында белгіленген тәртіпте индекстелуге тиіс.

9) Мемлекеттік қызметкерге сауықтыру үшін 2 лауазымдық айлық ақысы мөлшерінде жәрдемақы төленіп, ұзақтығы отыз күнтізбелік күнге ақы төленетін жыл сайынғы демалыс беріледі.

Өткізілген аттестация мемлекеттік қызметкерді ынталандыру негізі болып табылуы мүмкін. Оны 3 топқа бөлуге болады:

1) моралдық (алғыстар, ҚР мемлекеттік наградалары, кезекті біліктілік класын мерзімінен бұрын беру);

2) материалдық (ақшалай сыйақылар, құнды сыйлықтар);

3) ұйымдық (қызмет бабы бойынша көтермелеу).

Мемлекеттік қызметкердің жауаптылығы (ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының 28 бабы). Мемлекеттік қызметкер өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін, лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, сондай ақ осы Заңда белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін мемлекеттік қызметкерге мынадай тәртіптік жазалар қолданылады:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатаң сөгіс;

4) қызметке сәйкес еместігі туралы ескерту;

5) атқаратын қызметінен босату:

Мемлекеттік қызметкерлер қылмыс және өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда ҚР заңдарында белгіленген тәртіпте тиісінше қылмыстық, әкімшілік, материалдық жауаптылыққа тартылады.

Мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік қызметі тоқтатылады.

Мемлекеттік саяси қызметкердің отставкаға шығуы және қызметтен бостылуы:

1) оның жазбаша арызы негізінде жүзеге асырылады;

2) оның отставкасын қабылдау немесе одан бас тартылу туралы шешім жазбаша арыз берілген күннен бастап 1 ай мерзімде қабылданады. Саяси қызметші отставкадан бас тартылған жағдайда қызметтік өкілеттілігін атқаруды жалғастыруы тиіс және ҚР заңдарында көзделген тәртіппен қызметтен босауға құқығы бар. Лауазымдық өкілеттілігін өрескел бұзу, мемлекеттік қызметте болуға лайықсыз қылықтар жасау мемлекеттік саяси қызметкрдің отставкаға шығуы үшін негіз бола алмайды, қайта жұмыстан босату үшін негіз болады. Оларды қызметтен босату негіздері мен тәртібін ҚР Президенті белгілейді (ҚР мемлекеттік қызметі туралы заңның 26 бабы).

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің мемлекеттік қызметінің тоқтатуының негіздері:

1) өз тілегі бойынша жұмыстан босату туралы арыз беруі;

2) зейнеткерлік жасқа толуы;

3) келісім – шарт мерзімінің бітуі не болмаса ҚР заңдарында көзделген көзделген негіздер бойынша келісім-шарт бұзылуы;

4) өз табысы мен мүлкі туралы көрінеу жалған мәлімет беруі;

5) заңда блгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамауы;

6) меншім құқығымен титесілі мүлікті сенім білдірілген басқаруға бермеуі;

7) ҚР азаматтығын жоғалтуы;

8) сыбайлас жемқорлықпен айалысуы;

9) мемлекеттік әкімшілік лауазымды конкурстан тыс атқаруы;

10) аттестациядан өткендегі көрсеткен теріс нәтижелері.
Категория: Әлеуметтану, Саясаттану | Добавил: Akinfeev
Просмотров: 8239 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Последнии комментарии