Сегодня 24.04.2024
Казахстанское время 01:20
Главная » Файлы » Әлеуметтану, Саясаттану

Бәсекелестікке қабілетті болудың жобасы
27.11.2011, 15:53
Жуырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресейдің «Известия» газетінде жарияланған «Еуразиялық Одақ: идеядан болашақтың тарихына» деп аталатын мақаласы шықты. Осыған орай Елбасының мақалада көтерген «Еуразиялық Одақ» идеясына байланысты мәдениеттанушы, ғалым Тұрсын Ғабитовтың пікірін ұсынып отырмыз.

Кезінде 1994 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Мемлекеттердің Еуроазиялық Одағын» құру туралы жобасын ұсынды. Елбасының көптеген құнды идеяларының арасында шетелдерде де, біздің елімізде де көп талқылауға түсіп, қолдау тапқан бұл идеяның маңызды әрі құнды жағы Қазақстан үшін даму модельдерін таңдаумен де байланысты болатын. Мәселен, Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Сындарлы он жыл» атты еңбегінде осы жобаға қатысты былай дейді: «Бүгін тоталитарлық және либералды қоғам арасындағы дау жойылған кезде либералдық қоғам модельдерінің әртүрлі болатыны және әр елдің өзіндік ерекшеліктері болатындығы анықталып отыр… Біз – өзіміздің белгілі тарихымыз бен өзіндік болашағымыз бар еуразиялық елміз. Сондықтан біздің моделіміз басқа ешкімнің моделіне ұқсамайтындай болады. Ол өз бойына әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіреді». Яғни Нұрсұлтан Назарбаев «Еуразиялық Одақ» идеясын бәсекеге қабілетті жаһандық экономикалық бірлестік ретінде құрылуы тиіс бірегей жоба ретінде қарастырады. Елбасы өз мақаласында: «Бүгінде біздің халықтарымыз өздерін қалыптасу үстіндегі еуразиялық біртектіліктің, оның мәдени, діни және тілдік көпқырлылығы бөлшегі ретінде барынша айқын сезіне бастады. Мұнда жемісті экономикалық өзара іс-қимыл мен ізгі көршілестікке деген ортақ ұмтылыс та анық байқалады», – дейді. Расында, Еуразиялық одақ құру үшін қатысушы елдердің бәсекеге қабілеттілігі, модернизациялық және инновациялық жобалары қарқынды жұмыс істеуі қажет.
Елбасы аталған мақаласында: «Еуразиялық Одақты мен басынан-ақ теңдік, бір-бірінің ішкі ісіне араласпау, егемендікті құрметтеу және мемлекеттік шекараға қол сұқпау секілді қағидаларға негізделген мемлекеттердің бірлестігі ретінде елестетемін», – деп отыр. Демек, «Еуразиялық Одақ» идеясы жүзеге асқан жағдайда әр мүше-мемлекеттің мүдделерін есепке алатын, нақты әрі шынайы құзыры бар уағдаластықтың негізінде жұмыс істейтін интеграциялық бірлестік болатыны сөзсіз.

Тұрсын Ғабитов,
мәдениеттанушы,
әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ-дың профессоры
Категория: Әлеуметтану, Саясаттану | Добавил: Akinfeev
Просмотров: 1411 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Последнии комментарии