Сегодня 19.04.2024
Казахстанское время 18:49
Главная » Файлы » Әлеуметтану, Саясаттану

Қажылыққа барған мұсылмандар Арафат тауында жиналды
27.11.2011, 17:59
Сауд Арабиясында қажылыққа келген мұсылмандар Арафат тауына шыға бастады. Олар тазалық пен адамдар арасындағы тепе-теңдікті білдіретін “иһрам” деп аталатын қарапайым ақ киім киіп алған.

Арафат тауына көтерілу – қажылықтың ең маңызды бөлігінің бірі. Әрбір мұсылман денсаулық жағдайы мен қаражатынан мүмкіндігі болса өмірінде кемінде бір рет қажылыққа баруға міндетті. Мұхаммед пайғамбар өзінің үзеңгілестерімен осы таудың басында тұрып қоштасқан делінеді.

Сауд Арабиясы үкіметінің мәліметінше, қажылыққа келгендердің саны 1,83 миллионнан асады. Қажылық жексенбіде аяқталып, Құрбан айт мерекесі басталады.
Категория: Әлеуметтану, Саясаттану | Добавил: Akinfeev
Просмотров: 1409 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Последнии комментарии