Сегодня 29.03.2024
Казахстанское время 18:03
Главная » Файлы » Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина

ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАР ТИПІ
29.11.2011, 20:59
Жалпы сипаттама.
Бұлар денесi жалпақ жапырак, лента тәрiздi, кейде ұршық пiшіндi төменгi сатыдағьт құрттар. Жалпақ құрттардың iшiнде паразиттiк және өз бетiмен тiршiлiк ететiн түрлерi бар. Өз бетiмен тiршiлiк ететiн өкiлдерiн тұщы сулардан, теңiз суларынан ылғалды топырактардан кездестiруге болады. Паразиттiк түрлерi адам мен жануарлардың әртүрлi мүшелерiн мекендейдi. Жалпақ құрттардың көптеген түрлерi паразитгiк тiршiлiк етуге бейiмделген. Олардың барлығына тән ортақ белгiлерi бар. Ондай белгiлерiне:

1. Барлығьның дене пiшiнi ұршық тәрiздi, жапырақ және таспа тәрiздi болады.

2. Жалпақ құрттардың дене қуысы болмайды. Iшкi мүшелерi борпылдақ ұлпалар – паренхимаға батып жатады.

З. Нерв жүйесi бас нерв түйiндерiнен және екi құрсақ нерв тiзбегiн құрап, олар өзара көлденең нерв тiзбегi арқылы байланысып жатады.

4. Ас қорыту жүйесi атқаратын қызметi мен пiшiнiне қарай айқын жiктелген. Жұтқыншақ пен өңеш. Одан кейiн орналасқан ортаңғы iшек тұйық тармақтармен аяқталады да, олардың ыдырау өнiмдерi ауыздан шығады. Аналь тесігі мен артқы ішегі болмайды. Кейбiр паразиттiк түрлерiнде (сиыр цепенi) ас қорыту мүшелерi мүлде болмайды.

5. Жалпақ құрттардың зәр шығару жүйесi протонефридия деп аталады, протос – қарапайым “нефрос” – бүйрек.

6. Жалпақ құртгардың тыныс алу, қан айналу жүйелерi болмайды. Тыныс алу процесi паразит түрлерiнде анаэробты түрде, ал өз бетiмен тiршiлiк ететiн түрлерiнде бүкiл денесi арқытлы жүзеге асады.

7. Жалпақ құрттардың барлығы қос жынысты — гермафродиттi организмдер.

Дамуы күрделі жағдайда түрленіп дамиды.

Жалпақ құрттар типi: Кiрпiкшелi құрттар (Тuгbеllагiа). Моногенетикалық сорғыштар (Моnоgеnеа), дигенетикалық сорғыштар (Digеnеа) немесе (Тгеmatоdа), таспа құ рттар (Сеstodа) деп аталатын кластарға белiнедi.
Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Добавил: Akinfeev
Просмотров: 5805 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 3.5/2
Всего комментариев: 2

Четверг

Автор:

Сообщение #2. [Материал]
jkljlbjl


l

;kl
';
;
;'


Воскресенье

Автор:

Сообщение #1. [Материал]
жаннұр


нефтему бұнда тек жалпақ құрттар жайында ғана маған паразиттік құрттар ғана керек еді


Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Последнии комментарии