Сегодня 25.04.2024
Казахстанское время 23:18
Главная » Файлы » Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина

Зат және энергия алмасу. Тамақтану гигиенасы
29.11.2011, 20:39
Зат алмасуы туралы жалпы түсініктеме. Астың маңыздылығы мен сіңімділігі оның құрамына байланысты. Нанның, ет пен сүттің сіңімділігі мен маңыздылығы олардағы белок, май, көмірсу және витаминдерге байланысты анықталады. Зат алмасуы тірі табиғаттың ерекше маңызды және организмнің негізгі қызметі. Жаңадан қабылданған заттардан организмдегі ұлпалардың клеткаларының өздеріне бейімделген заттар жасалады. Бұл ассимиляция, яғни организмге енген заттарды оздеріне бейімдеп өзгерту. Мұнымен бірге организмде клеткалар мен олардың бөлшектері ескіреді, олар ыдырайды, яғни диссимиляция байқалады. Ассимиляция мен диссимиляцияның нәтижесінде организм ескіріп тозған қажетсіз заттарды сыртқа шығарады және қызметіне қажетті қуат алады.

Зат алмасуы баланың өсіп, дамуы кезінде күшті болады. Бұл адамның жас ерекшелігінің ауқымды бір көрсеткіші. Балаларда ассимиляция диссимиляциядан басым болады, олар тек ересек адамда ғана теңеседі. Бала кезінде ассимимляция басым болса, қартайғанда, керісінше диссимиляция басым болады. Бұл заңдылық түрлі ауруларға, сыртқы ортаның қауырт жағдайларының әсеріне байланысты бұзылады.

Адам организміндегі клеткалардың құрамында көптеген химиялық заттар бар. Олар органикалық және бейорганыкалық болып екі топқа бөлінеді. Органикалық заттарға: белок, май, көмірсу, гормондар мен ферменттер, ал бейорганикалық заттарға: су, түрлі минерал тұздары жатады. Дені саулығы бар ересек, 70 кг салмағы бар, адамның организмінде шамамен 40-45 лсу, 15-17 кгбелок, 7-10 кг май, 2,5-3 кг тұздар , 0,5-0,8 кг көмірсу болады. Бірақ дененің химиялық құрамы біркелкі тұрақты болмайды. Организмдегі үнемі болып жататын синтездеу мен ыдырау қажетті заттармен ұдайы дұрыс және жеткілікті шамада қамтамасыздандыруды талап етеді. Организмге қажетті «құрылыс материалдары» денеге тамақтану арқылы жеткізіледі.

Белоктың алмасуы, жас ерекшелігі. Азықтың ең құнды бөлігі белок. Адамның тіршілігіне қажетті белок мөлшерін б е локтік минимум дейді. Ол жасқа байланысты өзгереді. Қарапайым белоктың құрамында 4 зат қана бар: оттегі, сутегі, көмірсу және азот, ал күрделі белоктарда (мысалы мидың белогында) Бұлар дан басқа күкірт, фосфор, темір т. б. бар. Белоктар мономерлі амин қышқылдарынан тұрады.

Амин қышқылдарының 10% организмнің өзінде өндірілмейді, сондықтан оларды таптырмайтын қышқылдар дейді. Бұлар ға аргинин, триптофан, лейцин, изолейцин, валин, треонин, лизин, метионин мен фенилаланин жатады. Өсіп, дамып жатқан бала организміне Бұларға қоса 10-қышқыл — гистидин аса қажет. Осы аталған ауыстырылмайтын амин қышқылдары жейтін астың құрамында жеткіліксіз болғанда адам денесінде, әсіресе балалар мен жас өспірімдердің организмінде айтарлықтай өзгерістер пайда болады. Денеде белоктың қоры онша көп емес, сондықтан ашығу баланың өсуін мүлде тоқтатады, кейде ұзақ қа созылған жағдайда ақыл кемшілігі пайда болуы мүмкін, баланың жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Өмірге жаңа келген нәресте тек қана ана сүтімен қоректенеді. Сүт табиғаттың нәресте үшін арнап жасаған дайын тағамы. Нәресте тәулігіне 600 мл сүтті анасының емшегінен сорып алады. 3-6 айлығында оған 700-800 мл сүт керек. Ана сүтінің құрамында белок, май, қант, минерал заттары, витаминдер т. б. бала тірлігіне қажетті заттардың бәрі бар және олар сапалы болады. Әсіресе биологиялық өте құнды – альбумин, гамма-глобулин, т. б. – белоктың түрлері, ферменттер, гормондар, иммунды денешіктер жеткілікті мөлшерде болғаны баланың дұрыс өсуіне өте қажет. Белокты бала ана сүтінен ғана ала алады. 1-3 жасар баланың жейтін тамағының белоктың 75 % жануар текті, ал 25 % өсімдік текті болуы қажет. 5 жасар балалар үшін Бұлар тең мөлшерде қажет болса, жас оспірімдер үшін өсімдік белогының мөлшерін көбейте түсу қажет.

Май мен көмірсуының алмасуы, жас ерекшеліктері. Май мен көмірсудың құрамдары белоктан гөрі қарапайым, Бұлар химиялық үш заттан түзіледі: көмірсутегі, оттегі және сутегі. Бұл екеуінің құрылыс ының бірдей болуы организмге бірі жеткіліксіз болғанда оның орынына екіншісін пайдалануға мүмкіндік береді. Қажет болғанда майдан көмірсу, ал көмірсуден май оңай түзіледі. Орта есеппен алғанда денедегі майдың мөлшері 10-20 %, ал көмірсудың мөлшері 1% шамасында. Майдың көбі май ұлпасындағы организмнің қуат қоры. Аздаған мөлшері жаңа клетканың мембранасының құрылысына және соларды ауыстыруға пайдаланылады. Дененің кейбір клеткалары өз құрамында майды өте көп мөлшерде жинайды да, организмнің жылу және механикалық изоляторы ретінде пайдаланылады, яғни ол қорғану қызметін атқарады.

Дені сау ересек адамның тамағында 30 %-дай май болуы тиіс. Олай болса, адам күніне 80-100 г май жейді. Тамақтың құрамында жануар майы да, өсімдік майы да болуы тиіс. Олардың ара қатынасы шамамен 2:1 қатынасындай болуы керек. Өсімдік майының линоль, линолен, арахидон іспетті кейбір май қышқылдарының түрлері организмде ондірілмейді. Бұлар дың жейтін тамақта жеткіліксіз болуы зат алмасуын бұзады және жүрек-қан тамырлар жүйесінде атеросклерозды дамытады. Көмірсулары адам организмінде глюкоза, фруктоза, галактоза, лактоза т. б. іспетті моносахаридтерге дейін ыдырайды. Глюкозаның мөлшері адам қанында шамамен тұрақты 0,1 %. Глюкозаның қандағы мөлшері 0,11-0,12 %-ға дейін көбейгенде ол қаннан бауырға және бұлшық еттерге тасылады да, онда жануар крахмалы деп аталатын зат -гликогенге айналады. Егер 0,12 %-дан асып кетсе, артық қантты денеден шығаруға бүйрек кіріседі. Мұны глюкозурия деп атайды. Бұл ауру ұйқы безінің Лангерганс аралшаларының ішкі секрециялық қызметі бүзылып инсулин гормоны жетіспегенде байқалады.

Көмірсуының көбі денеде сол организмге тән бейімделіп қайтадан өндіріледі. Олар клетканың цитоплазмасы мен ядросының құрамына кіреді. Көмірсуы нуклеин қышқылдарының күрделі тізбектерінің құрамының негізгі бөліктерінің бірі саналады.

Балалардың майға мұқтаждылығы ересек адамдардан көбірек болады. Жарты жастағы нәрестелерге қажетті қуаттың 50 % майдың алмасуынан алынады. Бұл кезде дененің массасының әрбір килограмына 6-7 г, 2-4 жаста — 3,5 г, мектепке барар алдында 2,5 г май қажет.

6 айдан 4 жасқа дейіші балаларға қажетгі қуаттың 30-40 %, ал одан үлкенірек балаларға – 25-30 % майдан алынады.

Май қышқылдары баланың жүйке жүйесінің дамуына аса қажет, әсіресе нәрестелердің жүйке жүйесінің қалыптасуында, дамуында май қышқылдары маңызды орын алады, сондықтан баланы емізетін аналардың азығында май жеткілікті болуы тиіс.

Өсу барысында балалардың көмірсу қажеттілігі жоғары, себебі ыдырау қарқыны Бұл кезде үздіксіз жоғары деңгейде болады. Және жас өспірімдерде көмірсу белок пен майдан өте аз мөлшерде түзіледі, сондықтан оның қоры көп болмағандықтан жылдам жұмсалады. Ал, жалпы алғанда, бала денесінде көмірсу тиімді түрде сіңеді. Дене массасының 1 кг-ына шаққанда көмірсуының мөлшері емшектегі нәрестеде 10-12 г, 1-3 жаста – 12-13 г, 4-7 жаста – 13-14 г, 8-13 жастағы балаларда – 10-11 г болады. Ересек адамдарда оның мөлшері 3 г/кг-нан аспауы керек.

Су мен тұздардың организмдегі маңызы мен молшері, жас ерекшеліктері. Тұздар адам тамағына қажетті. Бірақ олар қуат көзіне жатпайды, клеткалар мен организмнің Сұйық ортасының құрамына кіреді, сөйтіп шкі ортаның тұрақтылығын және тіршілікті сақтауға қажет. Олар барлық ұлпаларда, әсіресе сүйекте жеткілікті болуы тиіс. Тұзсыз нервтің, еттің қозу белсенділігі мүмкін емес. Организмдегі ұлпалардың құрамында 3,45 % калыдий, 1,58 % фосфор, 0,65 % калий, 0,45 % хлор, 0,1% магний болады. Бұларға қосымша иод, темір, бром, мыс, цинк сияқты микроэлементтер бар. Олар қан өндіруге, гормондардың түзілуіне қатысады. Тұздар денедегі осмостық қысымды реттейді, қанның сілтілі-қышқылды реакциясын бір қалыпта сақтауға қатысады, катализаторлық қызмет атқарады, сүйек, шеміршек т. б. ұлпалардың құрамына кіріп, олардың беріктілігін қамтамасыз етеді. Фосфор мен күкірт мидың құрамына кіреді, натрий мен калий жүйке жүйесінің қызметінде маңызды орын алып, электрофизиологиялық жағдайын қалыптастырады. Темір гемоглобиннің құрамына қажет. Фосфор, күкірт, натрий калий, кальций т. б. организмге айтарлықтай шамада қажет.

Молибден, мыс, кобальт қан өндіру қызметіне қатысады, йод қалқанша безінің гормонының құрамына кіреді, фтор тіс ұлпасы ның, әсіресе эмалінің дұрыс қалыптасуына қажет. Бұлар организмге аз мөлшерде қажет болады, сондықтан микроэл ементтер деп аталады.

Жалпы алғанда микроэлементтер зат алмасуын реттейді. Көптеген микроэлементтер белөкпе н қосылып ферменттер, гормондар мен витаминдердің түзілуіне қатысады.

Балалар мен ересек адамның минерал заттарына мұқтаждығы әртүрлі. Минерал заттарының тамақта жеткіліксіз болуы бала организміндегі зат алмасуын бүзады, олай болса баланың өсуі мен дамуы кешігеді. Кейбір элементтердің организмге қажетті мөлшері 20-шы кестеде берілген.

1 жасқа дейінгі балалар үшін кальций көп мөлшерде қажет, Бұл кезде оның қажет мөлшері 2 жастағыдан 8 есе артық. Кальций мен фосфор тұздары ның ара қатынасы мектеп жасына дейінгі балаларда 1:1. 8-10 жаста 1:1,5 жас өспірімдер мен жоғарғы сынып оқушыларында 1:2. Мұндай арақатынаста қаңқа дұрыс өсіп, жетіледі. Кальций мен фосфордың ара қатынасы сүттің құрамында өте жақсы теңестірілген, сондықтан балалардың тамақ мәзіріне сүтті міндетті түрде енгізу қажет. Организмге қажетті тұздар көбінесе жеткілікті мөлшерде тамақтың құрамында болады (1-ші кесте).

1-ші кесте. Балалар организміне қажетті кейбір элементтердің мөлшері, (күніне, мг)Баланың жасы кальций фосфор магний
1 жасқа дейін 1000 1500 -
1-3 1000 1500 140
4-6 1000 1500 220
7-10 1200 2000 360
11-13 1500 2500 400
14-17 1400 2000 530
Ересек 4500 2000 -

Организмнің тірлігі үшін аса маңызды заттардың бірі -су. Ол организмнің ішкі ортасын құрады. Ересек адамның дене салмағының әрбір килограмм массасына 0,4 л су қажет. Ал нәрестелерде. Бұл мөлшер 5 есе артық. Егер баланың денесінде су жетіспесе, оның өсуі тежеледі. Жалпы ер адамның денесінің 61 %, әйел адамның 50 % судан тұрады.

Нәрестенің дене салмағының 75% – су. Оның ұлпаларының клеткасындағы судың мөлшері – 80 %. Мектеп жасына дейінгі балаларда өсу, даму қарқыны жоғары болғандықтан, денесіндегі судың мөлшері де көп. 1 жасқа дейінгі сәби тәулігіне 800 мл, 2-4 жаста – 950 мл, 5-6 жаста – 1200 мл су ішуі керек. Ұл балалар қыздарға қарағанда суды көбірек ішеді, өйткені олардың дене қимылдары кезінде бұлшық еттеріне су көбірек қажет болады. Жалпы, бала организмінде зат алмасу күшті болғандықтан, суды көп қажет етеді.

Қуаттың алмасуы мен негізгі зат алмасуы. Ұлпадағы клеткаларда белок, май, көмірсу оттегінің қатысуымен тотығып ыдырайды және осы заттар денеге бейімделіп қайтадан өндіріледі. Қоректік заттардың тотығу нәтижесінде бөлініп шығатын қуаттың мөлшері бірдей емес. Белгілі бір қоректік заттың 1 г тотыққанда шығаратын қуаттың мөлшерін сол заттың калориялық коэффициенті деп атайды. Бұл мөлшер калориямен (кал), килокалориямен (ккал) немесе джоульмен (Дж), килоджоульмен (кДж) өлшенеді. 1 кдж = 4,187 ккал. 1 г белок = 4,1 ккал (17,17 кДж), 1 г май = 9,3 ккал (38,39кДж), 1 г. көмірсу = 4,1 ккал (17,17 кДж).

Тәуліктегі жұмсалатын қуат мөлшері адамның жасына, денсаулығына, азығына және іс-қимылына байланысты. Жеңіл дене еңбегінде тәулігіне 2000-2300 ккал қуат жұмсалады, ал ауыр жұмыс кезінде Бұл мөлшер істеген жұмыс қа сай 2-3 есе артады. Атқарған жұмыстың ауыр-жеңілдігіне, күрделілігіне, денеге түсетін жүктеменің салмағына қарай қуат мөлшері әр деңгейде өзгеріп отырады (2-кесте). Ми еңбегінде дене еңбегінен гөрі қуат аз жұмсалады. Мамандығына сай адамдардың қуат жұмсау мөлшері әркелкі болады.

Адамның жасына сай тәуліктік қуат жұмсау мөлшері әртүрлі, жас ұлғайған сайын азаяды. Ер балалардың тәуліктік қуат жұмсау мөлшері қыздардан жоғары.

Өсуге жүмсалатын қуат молшері неғүрлым бала жас болса, солғүрлым жоғары болады. Мысалы, бұл мөлшер азық қуатының 3 айда – 36 %, 6 айда – 26%, 9 айда – 21%-ына тең болады.

Гликолиз және аэробты тотығуы кезінде, яғни қуатқа бай фосфорлы заттар түзілген кезде сутегінің атомдары және құрамында азоты бар заттар да босайды. Олар амин қышқылдарының синтезінде пайдаланылады, сондықтан балалардың қуат алмасуы ересек кісілерден анағүрлым жогары болады.

Адам толық тыныштықта болғанның өзінде белгілі мөлшерде қуат жұмсайды. Денедегі физиологиялық қызметтерге тынымсыз үнемі қуат жүмсалып жатады. Қалыпты жағдайда адам организміндегі ең төменгі деңгейлі зат алмасуы мен қуаттың жүмсалуын негізгі зат алмасуы дейді. Негізгі зат алмасуы кезіндегі қуат тыныштық жағдайдағы тіршілікті сақтайтын жүрек-қан тамырлар, бүйрек, бауыр сияқты мүшелердің үздіксіз қызметі үшін, клеткалардағы зат алмасуын қамтамасыз етуі үшін жұмсалады.

2-ші кесте. Дененің 1 кг массасына жұмсалатын тәуліктік қуаттың мөлшері
Жұмсалатын қуаттың

Жасы
тәуліктік мөлшері,


кДж/кг

1-3 ай
462-504

3-6 ай
420-462

6-12 ай
378-420

2-6 жас
294-315

7-11 жас
252-294

11-15 жас
189-281

Ересек адам
147-168

Витамиңдер туралы жалпы түсініктеме. (лат. вита - өмір + аминдер – құрамында азоты бар химиялық заттар). Витаминдер – аз мөлшерде кездесетін органикалық заттар. Олар тіршілікке өте қажетті. Витаминдерді латын әрпімен А, В, С, Д, Е, К, Р, РР деп белгілейді және химиялық қүрамдарына сай атайды (Мысалы, аскорбин қышқылы немесе С витамині). Барлық витаминдерді екі топқа бөледі: майда еритіндер және суда еритіндер. Майда еритіндер тобына А, Д, Е витаминдері, ал суда еритіндер тобына басқа қалған витаминдер (В, ВІ2, С, Р т. б.) жатады. Витаминдердің біразы гормондардың, ферменттердің т. б. биологиялық белсенді заттардың құрамына кіреді. Ал біразы (Е, С, Р витаминдері) клетка мембранасының құрамына кіріп қорғаныс, яғни антиоксиданттық қызмет атқарады.

Көптеген витаминдер адам денесінде өндірілмейді. Олар ішкен, жеген тамақтың құрамында провитамин (витамин алды) түрінде болады. Провитаминдер витаминдердің белсенді түрі емес, Бұлар адам организмінде ғана белсенді түрге ауысады. Кейбір витаминдер организмде химиялық жолмен түзіледі. Инозит, пангам қышқылы, убихинон, холин т.б. витамин тәрізді органикалық қосындылар да витаминдердің ролін атқарады.

Ұзақ мерзім бойы жеген тамақтың құрамында витаминдер мүлде болмаса, онда авитаминоз, ал жеткіліксіз болса гиповитаминоз, мөлшерден артық болса гипервитаминоз деп аталатын сырқаттар пайда болады. Гипервитаминоз көбінесе майда еритін витаминдердің денеде көп болуына байланысты туады. Витаминдердің мөлшеріне байланысты сырқаттар көпке созылса, адам өліп те кетуі мүмкін. Ал жетіспеген витаминдерді тағамдарға қосып немесе жеке өзін қабылдаған жағдайда адам ауруынан сауығады.

Өсіп келе жатқан бала организміне витаминдер оте қажет, сондықтан баланың жасына лайық витаминдердің молшері ішіп-жейтін тамақтың құрамында болуы тиіс. Қазіргі кезде баланың жасына лайық витаминдердің қажетті молшері толық анықталған.

А витамині (аксерофтол) майда ериді, қыздырғанда ыдырамайды, тек оттегі мен күннің күлгін сәулесінің әсерінен ыдырайды. Сырт көрінісі сары май түсті зат. Сәбіздің құрамында к а р о т и н түрінде болады.

А витамині жетіспесе, онда баланың өсуі тежеледі және көзінің өткірлігі нашарлайды халық арасында «соқыр тауық» деп аталатын, яғни іңірде көрмеушілік пайда болады. Оған қоса қуықтың, жатырдың, ішектің, өкпенің кілегей қабығы бұзылады. Балалардың жұқпалы ауруларға төзімділігі төмендейді. Бұлар құрамында А витаминдері бар балық майын, жұмыртқаны, сәбізді жесе біртіндеп жойылады.

В витамині (тиамин). Ас қорыту, жүрек, жүйке жүйесінің қызметіне өте қажет. Ол белок, май, көмірсу алмасуына қатысатын ферменттердің құрамына кіреді, өсу мен даму, жүрек, қан тамырларының т. б. ішкі мүшелердің қызметінің нервтік реттелуіне қатысады. Бұл витамин ішкен тамақта болмаса, не жеткіліксіз болса адам «бери-бери» (аяғын сүйретіп басу) немесе полинефрит деген сырқатқа үшырайды.

В2 витамині (рибофлавин) - сары түсті кристал зат. Суда жақсы ериді. Рибофлавин авитаминозы кезінде адамның көзі ауырып катаракта, анемия, яғни қан аздылық, өкпе сырқаты және әлсіздік пайда болады.

Рибофлавин жануарлар текті тамақта көп болады. Әсіресе бауыр, бүйрек, ми және бұлшық еттерде көбірек. Оның адамға қажетті тәулік мөлшері 2-3 мг.

В6 (пиридоксин) витамині табиғатта пиридоксаль және пиридоксамин түрінде болады. Олар тотықтырғыш ферменттердің құрамында болады және зат алмасуына қатысады. Пиридоксин жануар текті және өсімдік текті азықтың құрамында жиі кездеседі: бауырда, бұлшық етте, балықта, бидайда, картопта, капустада, күріште, сәбізде және ашытқыда мол болады.

Бұл витаминнің қажетті мөлшері тәулігіне 1,5 мг.

В12 витамині (цианкобаламин). Бұл витаминді антианемиялық витамин деп те атайды, себебі оның организмде жетіспеуінен анемия, яғни қан аздылық пайда болады.

Бұл витаминді тағаммен бірге әдеттегідей қабылдағанда оның витаминдік қасиеті азаяды, өйткені ішек-қарындағы микроорганизмдер оны бойына сіңіріп, адамға пайдасы болмайды, сондықтан оны таза қарын сөлімен бірге ішкізу керек, сонда қарын сөліндегі апоеритеинмен қосылып, оны микробтардан сақтайды да қанға өтіп, қан өндіру мүшелеріне барып, өз қызметін атқарады. Адамның Бұл витаминге тәуліктік қажеттілігі 10-20 мкг. Мөлшері аз болғанымен, оның тіршіліктегі маңызы зор.

С витаминін (аскорбин қышқылын) антицингалық фактор деп те атайды. Бұл организмде жетіспесе, құрқұлақ (цинга) ауруы пайда болады және қан тамырларының, әсіресе капилляр тамырларының серпімділігі төмендейді. Сондықтан қүрқүлақпен ауырған кісі қансырайды, алдымен қызыл иектері қанағыш болады. Мұның нәтижесінде тіс босап, түсіп қалады және терінің қан тамырларының серпімділігі бүзылып, бетінде қоңыр дақтар пайда болады. Ең қиыны сүйек ұлпасы ның белок коллагені бүзылып, сүйек сынғыш болады. С гиповитаминоз қыста, көктемде азық-түліктің қүнарлығы азайғанда пайда болуы мүмкін, сондықтан оның алдын алу үшін жылдың бұл мезгілінде қосымша аскорбин кышқылын ішу қажет.

Д витамині (кальциферол) организмде жетіспеуінен мешел немесе рахит (грек. рахис - омыртқа) ауруы пайда болады. Мешелмен ауырған балада кальцидің және фосфордың алмасуы бұзылады, сондықтан олардың сүйектері дұрыс өсіп жетілмейді. Сүйектері жұмсарып, борпылдақ болады, дене салмағының ауырлығынан аяқ сүйектері қисаяды, бас сүйегі мөлшерден тыс үлкен болып, тістері кешігіп өседі.

Бұл витаминнің тәуліктік қажетті мөлшері 25 мкг.

Е витамині (токоферол). Токоферол жыныс мүшелерінің өсіп, дамуы үшін қажет. Ер азаматтарда оның мөлшері азайғанда сперматогенез, яғни ерлердің ұрық клеткасының өндірілуі тежеледі, сперматозоидтардың жіпшелері жоғалып, қозғалу қабілеті жойылады. Жүкті әйелдің Е авитаминозы пайда болса, дұрыс бала табуы мүмкін, бірақ сүті болмайды және аналық мейірімі дамымайды. Тәуліктік қажет мөлшері 1 – 1,5 мг

К витаминінің филлохинон (К) және фарнохинон (К) деген екі түрі бар. Екеуі де қанның үюына қатысады. Бұл витамин денеде аз болғанда протромбиннің өндірілуі тежеледі, қанның үю қабілеті мен белоктың түзілуі нашарлайды, адам қансырайды. К витамині азық-түліктің бәрінде дерлік бар, әсіресе шпинатта, капустада көп болады.

Р витамині (флавин, цитрин) С витамині іспетті қан тамырларының беріктігін сақтайды. Р авитаминозы кезінде қан тамырларының серпімділігі төмендеп, қан айналысы бұзылады. Бұл витаминнің молекулалық құрамы флавонға негізделген, сондықтан оның флавон және полифенол түрлері де бар. Бұлар эвкалипт ағашының, қышаның, шайдың жапырақтарында, т. б. өсімдіктерде көп болады.

Тамақтану. Тамақтану мөлшері. Тамақтану мөлшері астың қуаттылығына негізделеді. Бірақ тіршілік үшін бұл жеткіліксіз. Организмнің қажеттілігін толық қамтамасыз етуге белок, май, көмірсу, су, витаминдер және минерал тұздары міндетті түрде жеткілікті мөлшерде болу керек. Олардың қатынас мөлшері де есте болуы керек, әсіресе бұл балалардың тәулік мәзірінде ескеріледі (3-ші кесте). Бастауыш сынып оқушылары үшін органикалық заттардың қатынас мөлшері мынадай: белок – 1, май – 1, көмірсу – 6 есе. Ал мектепке дейінгі балаларда Бұл көрсеткіштер 1:2:3.

3-ші кесте. Органикалық заттардың тәулік мөлшері, гЖасы Белок Май Көмірсу
2-3 ай 8-10 25-30 55-55
5-6 ай 12-15 30-40 60-75
1-1,5 жас 34-38 40-50 90-120
3-4 жас 42-46 60-70 180-230
5-7 жас 45-48 75-80 250-300
8-11 жас 55-57 80-95 350-380
12-14 жас 61-63 90-110 380-400
15-16 жас 66-70 90-110 420-450

Балалардың тәулік азығында витаминдер мен амин қышқылдары мол болғаны жақсы. Тәуліктік азықтың барлық мөлшері жасына қарай 2000-2600 г шамасында болуы шарт. Піскен ас буы шығып, иісі аңқып, дәмді және көрер көзге жағымды болса, сілекей шұбырып, қарын сөлі көбірек бөлініп, тағам жағымды болып, бойға жақсы сіңеді.

Тәуліктік азықта минерал тұздары, әсіресе кальций мен фосфор тұздары ның мөлшері жеткілікті болуы тиіс, себебі балалардың сүйегінің өсіп жетілуіне Бұл минералдар аса қажетті. Егер кальций, фосфор және Д витамині жеткіліксіз болса, сүйек ұлпасы ның өсіп, жетілуі нашарлайды да, баланың бойы еркін өспейді, нәрестелер ауруға шалдығады. Кальций мен фосфордың өзара қатынасы мектеп жасына дейінгі балаларда 1:1,5, бастауыш сыныптағыларға 1:1,7 жоғары сынып оқушыларына 1:1,4 болуы керек.

Тамақтану тәртібі сақталмай, қалыпты жағдайдан бұзылса, гастрит, қарын мен ішектің жаралы науқасы, атеросклероз, дененің мөлшерден тыс толуы және т. б. сырқаттар пайда болуы мүмкін. Мұндай сәтсіздік ересектерде де, балаларда да байқалады, әсіресе жұмыс істемей, қозғалмай бір жерде отыратын адамдарда сырқат өршіп кетеді.

Күндіз тамақ ішу арасы 4-5 сағат болуы тиіс. Түнде тамақ ішпей, ас қорыту мүшелерінің демалуы 8-10 сағатқа созылады. Әрине, бұл тәртіп, жұмыс істеу уақыты мен жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін. Тамақтанудың ертеден қалыптасқан тәртібі бойынша таңертеңгі ас тамақтың тәуліктік мөлшерінің 20-25 %, 2 сағаттан кейінгі жеңіл тамақ 10-15 %, түскі тамақтану 40-45 %, ал кешкі 20-25 % болу керек. Ал 3 мезгіл тамақтанғанда таңертеңі ас 25-30, түскі – 45-50, ал кешкі 20-25 % болады.

Өсіп, дамуына байланысты балалардың тамақтану тәртібі ерекше. Олардың тамағының тәуліктік мөлшерінің құрамында белоктың үлесі жасына лайық болуы тиіс: 1-3 жаста – 55 г, 4-6 жаста – 72 г, 7-9 жаста – 89 г, 10-15 жаста -100-106 г.

Балалар бақшасында тамақтану әрбір 3-3,5 сағаттан кейін, ал мектеп жасындағыларда 3,5-4 сағатта, жас өспірімдерде тәулігіне 4 рет болады. Тәулік тәртібі мен тамақтану үлесі балалардың жасына байланысты.
Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Добавил: Akinfeev
Просмотров: 8825 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Последнии комментарии