Сегодня 24.04.2024
Казахстанское время 06:05
Главная » Файлы » Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина

Вестибулярлық аппарат, оның атқаратын қызметі
29.11.2011, 21:24
Ішкі құлақ сағасы мен жартылай дөңгелек түтікгер вестибулалық аппаратты құрайды. Вестибулалық аппарат дененің жазықтықтағы жағдайын бағдарлауды және тепе-теңдікті сақтауды қамтамасыз етеді.

Жартылай дөңгелек түтіктер бір-біріне перпендикуляр үш бағытта орналасады. Әр түтіктің бір үшында ампула тәрізді аздап кеңейген бөлік болады. Жарғақты түтіктің осы бөлігінде ескек пішіндес, жар-тылай мөлдір іркілдек затпен оралып жататын кірпікті ұзын рецепторлық жасушалар орын тебеді. Осы құрылым бастың кеңістіктегі жағдайын қадағалап отырады. Бастың кеңістіктегі жағдайы, қозғалыс бағыты өзгерсе, немесе айналмалы қозғалыс басталса, эндолимфа осы рецепциялық жасушаларды толқытады, қозу тудырады. Осыдан ми құрылымдарына қимыл бағытының езгерістері жайлы ақпарат жіберіледі.

Сағаның (кіреберістің) қапшықтарында сезімтал жасушалар шоғырланған дақ деп аталатын дөңестеу бөлік болады, Бұл сезімтал жасушалардың бір бөлігі цилиндр пішінді келеді де, екінші ұшы сүйірлене бітеді. Оның сүйір ұшында бос тұрған бір қимылдағыш және бір-біріне жабысқан 60-80 кірпікшелер орналасады. Бұл жасушалар ерекше іркілдек зат массасына батып жатады. Осы массаны отолит жарғағы (отолит мембранасы) деп атайды. Оның беткейінде көптеген алты қырлы өте майда фосфор-көмір қышқылды кальций кристалдары – құлақтас (отолиттер), – жатады, ал жарғақ сезімтал жасушалар кірпікшелерін қысып тұрады. Қимыл үдегенде не баяулағаңда, дененің, бастың кеңістіктегі қалпы өзгергенде отолит өз салмағын жасуша кірпіктерін не кереді, не басады, не бір бүйірге тартады, Осыдан сезімтал жасушалар тітіркеніп, жағдайды орталық жүйке жүйесіне хабарлайды.

Вестибулалық аппараттың рецепциялық жасушалары вестибулалық түйін түзетін қос өрісті жасушалар өсіңцілерімен синапс арқылы жалғасады. Осы қос өрісті жасушалар аксондары есту жүйкесінің вестибу-лалық тармағын түзеді. Вестибулалық аппаратта пайда болған им-лульстер есту жүйкесінің талшықтарымен сопақша мидағы вестибулалық ядроға беріледі. Осы жерде қимыл сипаты, дене мен бастың кеңістікгегі жағдайы жайлы ақпаратгар алғашқы талдаудан өтеді. Сопақша мидың вестибулалық ядроларынан өткеннен кейін вестибулалық аппараттың афференттік жолы айқасады да, таламустың вентробазальдық құрылымдарына бағытталады. Бұл құрылымдардан афференттік импульстер үлкен ми жарты шарлары қыртысының самай бөлігіне жіберіледі.
Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Добавил: Akinfeev
Просмотров: 5279 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 2

Воскресенье

Автор:

Сообщение #2. [Материал]
Exiime


brand atorvastatin 10mg <a href="https://lipiws.top/">order atorvastatin 20mg sale</a> lipitor price


Четверг

Автор:

Сообщение #1. [Материал]
Fscbfl


purchase atorvastatin pill <a href="https://lipiws.top/">atorvastatin 80mg sale</a> order lipitor


Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Последнии комментарии