Сегодня 19.04.2024
Казахстанское время 02:33
Главная » Файлы » Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина

Өсімдіктектес талшықтылар класс тармағы
29.11.2011, 18:59
Хризомонадалар отряды- Chrysomonadina

Бір-үш талшығы бар, ұсақ талшықтылар, тұщы суларда және теңіздерде тіршілік етеді. Хромотофоралары диск тәрізді сарғыш қоңыр түсті болып келеді. Ассимиляция нәтижесінде- полисахарид-лейкозин пайда болады. Бірнеше колониальды түрлері бар, соның ішінде тұщы суларда кездесетін бұтақ тәрізді колония Dinobryon және шартәрізді-Synura туыстары.

Сауыттылар отряды- Dinoflagellata

Өкілдерінің басым көпшілігінде клетчаткадан құралған сыртқы сауыты болады. Талшықтары екеу: біреуі еркін орналасқан, екіншісі денесін орап жатады. Хроматофоралары қоңыр-сары, кейде жасыл түсті болып келеді. Кейбір түрлері хлорофилл дәндерін жойып гетеротрофты жолымен қоректенуге көшкен (Noctiluca туысы). Ассимиляция нәтижесінде крахмал пайда болады. Тұщы суларда, теңіздерде, судың жоғарғы бетінде қалқып жүріп тіршілік етеді, сол себептен денесінде көп өсінділер жетілген. Негізгі туыстары: Peridinium, Ceratium, Noctiluca.

Эвгленалар отряды- Euglenoidea

Эвгленалар жасыл түсті, бір талшықты, автотрофты және гетеротрофты жолымен қоректенетін талшықтылар. Бұлар көбінесе органикалық заттары мол таза, тұщы және ластанған таяз суларда, ылғалды топырақтарда тіршілік етеді.

Олардың негізгі өкілі жасыл эвглена- Euglena viridis. Сурет 5

5-сурет. Жасыл звглена . 1 -ядро; 2-парамилл туйiршiктерi; 3- хроматофоралар; 4-көзше (ститма); 5-жиырылғыш вакуолi; 6-қорсауьгт (резервуар); 7-талшық.

Денесі ұршық тәрізді болып келеді, екі ұшы сүйірлеу. Денесінің алдыңғы жағында ұзын талшығы орналасқан, осының көмегімен эвглена бұранда тәрізді қозғалыс жасайды.

Гетеротрофты тәсілімен қоректенген кезде талшықтың үздіксіз тез қозғалу нәтижесінде ұсақ органикалық заттар (бактериялар, көк-жасыл балдырлар т.б.) ауыз тесігіне жиналып жұтқыншаққа өтеді. Жұтқыншақтың түбінде ас қорыту вакуольдері пайда болып, солардың ішінде ас қорытылады, ал қорытылмаған заттар ауыз тесігі арқылы сыртқа шығарылып тұрады.

Эвгленаның денесінде көптеген жасыл түсті хроматофоралары болады. Осыған байланысты эвглена автотрофты жолымен қоректенеді, ал негізінде жасыл эвглена миксотрофты организмдер қатарына жатады. Үздіксіз қоректену арқасында цитоплазмада көптеген қор заты ретінде парамил түйіршіктері пайда болады. Денесінің алдыңғы жағында жарық сезгіш көзшесі- стигма орналасқан, қызыл пигмент- гематохромнан құралған. Зәр шығару және осмос қысымын реттеу жұмысын жиырылғыш вакуолі атқарады. Оны бірнеше қосымша ұсақ вакуольдері қоршап жатады. Қосымша вакуольдерінен жиналған сұйық зат және зәр жиырылғыш вакуольден резервуарға құйылады да, жұтқыншақ арқылы сыртқа шығарылады.

Ұзынынан бойлай бөліну арқылы жыныссыз жолмен көбейеді. Қолайсыз жағдайларда эвглена сыртына қалың қабық шығарып, соған қапталып цистаға айналады.

Фитомонадалар отряды-Phytomonadina

Жасыл түсті, екі талшықты, автотрофты не миксотрофты, тұщы суларда және теңіздерде тіршілік ететін қарапайымдылар.

Хроматофоралары тостағанша, ассимиляция нәтижесінде крахмал пайда болады. Кейбір түрлері бір клетка құрылысты, ал басым көпшілігі клетка жиынтығынан құралған колония түзейді. Колониялы формаларына эударина (Eudorina), пандорина (Pandorina), вольвокс (Volvox) туыстары жатады. Эударина-32 клеткадан, пандорина-16, вольвокс мыңнан аса клеткалардан құралған колония.

Вольвокстар тұщы суларда кең тараған, колониясы шар тәрізді, жасыл түсті. Колонияны кілегейлі зат қоршап тұрады, ішінде бір-бірімен цитоплазмалық көпірше арқылы байланысқан клеткалары орналасқан, әрбір клетканың талшықтары колонияның сыртына қарай шығып тұрады. Колониядағы особьтардың саны 500-ден 20000-ға дейін жетеді.

Клеткаларының құрылысы эвгленаға өте ұқсас, айырмашылығы-екі талшықтың болуында. Вольвокстың клеткалары атқаратын қызметтеріне қарай ірілі-ұсақты болып келеді. Ірі клеткалары немесе генеративті көбею қызметін атқарады, аналық және аталық гаметаларды түзейді (макро- және микрогаметаларды). Ал ұсақ клеткалары немесе соматикалық көбеюге қабілеті жоқ, сондықтан барлық қалған қызметтерін атқарады (жылжу, ас қорыту тағы басқаларды).

Вольвокс жыныссыз палинтомия жолымен көбейеді, шар тәрізді колонияның ішінде жас колониялар түзіледі. Олардың ұлғаюынан аналық шардың қабырғасы жыртылады да, жас шарлар сыртқа шығып, өз бетінше тіршілік ете бастайды. Жас колония өсе келе ересек колонияға айналады. Вольвокс жынысты жолмен де көбейеді. Генеративті клеткалардан пайда болған макро және микрогаметалар қосылып зигота түзейді, зиготаның бөліну нәтижесінде колония түзіледі
Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Добавил: Akinfeev
Просмотров: 4842 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Последнии комментарии