Сегодня 24.04.2024
Казахстанское время 13:11
Главная » Файлы » Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина

Шырмауықтар тұқымдасы
28.11.2011, 15:35
1500 дей түрлері бар (50 туыс). Дүние жүзінің тропиктері мен субтропиктерінде, аздап екі еңдіктің де қоңыржай климаты облыстарында өседі.

Негізінен шөптесін өсімдіктер, сиректеу бұталар немесе ағаштар. Жапырақтары кезектесіп орналасады, түтас, қалақты немесе қауырсынды тілімделген, қосалқы жапырақшалары болмайды. Жапырақтары мен сабақтарында сүтті шырындарды бөліп шығаратын клеткалары болады. Гүлдері 5-мүшелі, сиректеу 4-мүшелі, әдетте қос жынысты, гүл асты жапырақшалары болады. Гинецейі 2 (3— 5) жемісжапырақшасьшан түрады, гүлтүйіні жоғарғы, жемістері қауашақ тәрізді, жаңғақша тәрізді. Шырмауық туысы (вьюнок-СОПУОГШІШ). Тропикалық және субтропикалық елдерде, сиректеу қоңыржай климатты облыстарда (барлығы үш түр) өсетін 200-дей түрі бар. Түрлерінің көп кездесетін орталығы Жерорта теңізі жағалауы. Өмірлік формалары бұталар, жартылайбүталар, көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. БОР-дың флорасыңца 30 түрі (шөптесін өсімдіктер, сиректеу тікенді бұталар), ал Қазақстаңца 14 түрі кездеседі. Сабақтары оральш немесе тік өседі. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүлдері жапырақ қолтықтарынца 1—3-тен, дихазиялы немесе шоқпарбасты гүлшоғында орналасады. Гүлінің формуласы.
Жемістері қауашақ тәрізді. Қоңыржай климатты зонада далалық шырмауық (вьюнок полевой — С. агуеше) (217-сурет) атпа тамырлы көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабағы шырмалып өседі және 100—120 см дейін ұзындыққа жетеді. Гүлдері ақ немесе ақшылдау, ашық-қызғылт түсті болып келеді және аздап жағымды иіс шығарады. Егістіктің аса қаушті күресуге қиын арамшөбі, кейде егілген астықтың сабағының жатып қалуына өкеліп соқтырады, сүтті шырындарының көп болуына қарамастан оны мүйізді ірі қарамал жақсы жейді.
Шырм ау ы қг үл туысының (ипомея-Іротоеа) 300-дей түрі бар. Біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер, негізінен тропикалық елдерде өседі. БОР-дың территорриясында табиғи жағдайда 2 түрі және мәдени жағдайда 2 түрі кездеседі. Батат шыр-мауық гүлін (І.ЬаІаШз) (218-сурет) крахмал беретін түйнектері үшін («сладкий картофель») себеді. Түйнектері жанама тамырларында пайда болады жөне салмағы 1—3 кг дейін жетеді; оның шыққан жері Орталық Америка, егілетін жерлері Орта Азия мен Кавказ. Қарақошқыл шырмауық гүл (ипомея пур-пурная — І.ригригеа) біржылдық шырмалып өсетін өсімдік, гүлдері ашық-қызыл, көк және сия көк түсті болып келеді, сәндік өсімдік ретінде себіледі.
Арамсояулар тұқымдасы (повиликовые)
Монотипті1 тұқымдас, осыған дейінгі тұқымдасқа өте жақын және көп жағдайда онымен тұқымдастармағының немесе жекелеген туыстың деңгейінде біріктіріліп қарастырылады. Негізгі айырмашылығы — паразитті өмір сүруіне байланысты вегетативтік органдарының редукцияға ұшырауы. Бұл тұқымдаста 170-тей түрі бар. Барлық континенттердің тропикалық және субтропикалық елдерінде, аздап қоңыржай климатты облыстарда да өседі. БОР-дың флорасында 36 түрі, ал Қазақстанда 19 түрі кездеседі, олардың көпшілігі — екпелі жөне жабайы өсімдіктердің сонымен бірге ағаштардың да аса қауыпты паразиттері болып табылады. Жапырақтары қабыршақтармен алмастырылған, тамырының оймақшасы жоқ, ерте өледі, сабақтарының камбийі, ұрығының тұқым жарнағы болмайды. Репродуктивтік органдары редукцияға ұшырамаған. Гүлдері үсақ, қызғылт, ақ, сары түсті болып келеді. Гүлінің структурасы диаграммада берілген Бір ғана туысы бар.
Гүлшоғыры дихазиялы шоқпарбас немесе қысқа масақ тәрізді. Гүлінің формуласы.
Арамсояу туысы (повилика). Беде арамсояу (повелика клеверная) — негізінен бедедеде паразит ретінде өмір сүретін (БОР-дың европалық бөлігінде, Кавказда,) өсімдік. Тимьян арамсояуы (повелика тимьяновая —— біржылдық өсімдік, гүлдері ашық-қызғылт түсті, сабақтарында емшекшелері (присоски) болады, бедеде), жоңышқада паразит ретінде өмір сүреді; Европада, Кавказда, Сібірде, Орта Азияда, Алдыңғы Азияда кең таралған, Америкаға өкелінген. Европа арамсояуы (повелика европейская-С.еигораеа, 219-сурет) — аса кең таралған біржылдық өсімдік, кенепшөпте (конопля), темекіде (табак), құлмақта (хмель), қарақатта (смородина), бұршақтар тұқымдасында және көптеген жабайы өсімдіктерде паразит ретінде өмір сүреді. Зығыр арамсояуы (повелика льняная) зығырда (лен), сиректеу арамшөптерде, дүние жүзінің барлық зығыр өсіретін аудандарында паразит ретінде өседі.
Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Добавил: Akinfeev
Просмотров: 3790 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1

Суббота

Автор:

Сообщение #1. [Материал]
Dyapti


buy lipitor 40mg without prescription <a href="https://lipiws.top/">order atorvastatin 10mg pills</a> buy lipitor 10mg online cheap


Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Последнии комментарии