Сегодня 25.04.2024
Казахстанское время 19:02
Главная » Файлы » Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина

Пероксисомалар
29.11.2011, 18:50
Пероксисомалар көлемдері 0,2 мкм-ден 0,5 мкм-ге дейінгі мөлшердегі мембраналы көпіршіктер. Олар лизосомалар секілді Гольджи кешенінің транс-полюсінен бөлініп шығады. Көпіршіктің мембранасының астында неғұрлым тығыз бөлігі мен перифериялық аймағы болады.

Пероксисомалардың мембраналары тегіс эндоплазмалық тордан бүршіктеніп бөлініп шығады, ал ферменттері цитозольдің полирибосомаларында синтезделініп, пероксисомаға келіп түседі деген көзқарастар да бар.

Пероксисомалардың екі түрі бар. Ұсақ пероксисомалар (диаметрі 0,15-0,25 мкм) сүтқоректі жануарлардың (адамның) барлық клеткаларында кездеседі. Олардың құрамынды майда осмиофильді зат болады да, алғашқы лизосомалардан ерекшеленбейді. Диаметрі 0,25 мкм-ден ірі пероксисомалар тек кейбір ұлпаларда (бауыр, бүйрек) ғана кездеседі. Олардың құрамын кристалл тәрізді өзекше түзеді. Оның құрамында қою түрдегі ферменттер болады. Пероксисомалармен қатар басқа да мембраналы, құрамында ферменттері бар, диаметрі 0,5 мкм-нен 10 мкм-ге дейінгі микроденешіктер кездеседі.

Пероксисомада пероксидаза, каталаза және D-аминқышқылдарының оксидазасы ферменттері болады. Пероксидаза клеткаға токсинді әсер ететін сутегі тотығының алмасуларында қатысады. Пероксисомаларда биохимиялық реакциялар үшін молекулярлы оттегі қолданылады. Сондай-ақ пероксисомалар басқа да зиянды заттардың қосылыстарын, мысалы этанолды нейтрализациялауға қатысады. Каталаза пероксисоманың басқа ферменттерінің ішінде барлық ақуыздардың 40% құрайды. Пероксисомалар липидтер, холестерин және пуриндердің алмасуларына қатысады.
Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Добавил: Akinfeev
Просмотров: 1411 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1

Пятница

Автор:

Сообщение #1. [Материал]
Jxbmcj


buy atorvastatin 20mg pills <a href="https://lipiws.top/">lipitor pills</a> order lipitor online


Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Последнии комментарии