Сегодня 19.04.2024
Казахстанское время 17:59
Главная » Файлы » Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина

Оқушылардың денсаулығы басты назарда
28.11.2011, 22:17
Кіріспе
Оқушылардың денсаулығы басты назарда
Балалардың салауатты өмір сүруін отбасынан, балабақшадан бастап, одан кейін мектепте жалғастыруымыз керек.
Мектебіміздегі жан-жақты жабдықталған валеологияға арналған оқу бөлмесіне оқушылар қызығушылықпен келіп, сабақ барысында көп ақпарат алғылары келеді.
Оқушыларды дәрігерлік бақылаудан өткізгеннен кейін әр оқушыға жеке денсаулық паспорты арналды. Бұл жұмысты дәрігер, валеология пәнінің мұғалімі және сынып жетекшісі бірігіп атқарды. Нәтижесінде денсаулығында кінәраты бар балалар анықталды: көз жанары нашар, есту қабілеті төмен, дене сымбаты бұзыла бастаған, жүйке жүйесі ауыратын, асқазаны мазалайтын оқушылардың денсаулық мәселесі мұғалімдерді де ойландырды. Осының барысында оқушылардың денсаулық диагностикасын біле отырып алдын алу, сауықтыру жұмыстарын жүргізе бастадық. Мысалы, жүйкеге әсер ететін кикілжіңді жағдайлардың алдын алу, өзіңді өзің тануға арналған сабақтар, аутотренинг, жаттығу жасау, т.б.
Ата-ана, мұғалім және оқушыларды біріктіріп дөңгелек стол ұйымдастырылды, кеңес беру жұмыстары оқушылардың жас деңгейлеріне сәйкестендіріліп жүргізілді. Бұл жұмыстар СӨС қалыптастыруың Ұлттық орталығы ұсынған «Қалай ауырмауға болады» бағдарламасы бойынша, ҚР Ғылым минибтрлігі бекіткен 1-11-сыныпқа арналған оқу-әдістемелік құралдар негізінде іске асырылуда.
Көптеген СӨС қалыптастыру бағдарламарымен жұмыс істеп, өз іс-тәжірибеме сүйеніп 5-8-сыныпқа арналған бағдарлама дайындадым. Онда оқушылар тақырыпты толық меңгеруі үшін тақырыптар бөлімге бөлінген.
Бағдарламада, блок-схемалар, сабақ конспектілері берілген. Күнделікті сабақ беруде модульдік технологияны пайдаланамын.

Жеке бас гигиенасының тәрбімі мен дағдысы
Осы педагогикалық техниканы пайдалану барысында оқыту, білім беру тәсілдерін әбден жетілдіріліп, сабақтақырыбын шығармашылық деңгейге көтеріп, сабактың әр түрін қолданамын: пресс-конференция, ойын, дифференциалды сабақ. «Ашық есік» күндерін ұйымдастырып, диспут өткіземін, оқушылар СӨС тақырыбына арналған қалалық, облыстық конкурстарға арнап шығармалар жазады.
Өткен оқу жылында валеология оқу бөлмесіне паспорт арналып, түрлі әдістемелік қосымша құралдармен жабдықталды. Оқушылардың жан-жақты білім, дағды алуына арналған карточкалар, схемалар, видеоматериалдар, кітапшалар жинакталды, дайындалды.
Модульдік жүйемен білім беру оқушылардың білімді терең игеруіне мүмкіндік береді. Тәжірибемде практикалық жұмысты да іске асырамын:
• Оқушылардың мінез-құлқын, үлгерімін, денсаулығын бақылап, жеке паспортын толтыру;
• Денсаулығы нашар оқушылардың дене шынықтыру сабағына қатысуын бақылап, анализ жүргізу;
• Көрме, конкурс, конференция, пресс-клуб ұйымдастыру.
Салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған жарнама шараларын жүргізу жұмыстарын оқу жылы бойы жүзеге асырып, барлық мектеп ұжымының, оқушылардың ат салуына мүмкіндік жасаймын.
Валеология пәні мектебіміз ашылғалы бері жүреді. Жыл сайын мониторинг жүргізіп, жасалып жатқан жұмыстармен оқушыларды таныстырып отырамыз. Оқушылардың барлығы (денсаулығы төмен оқушыларға да) дене шынықтырумен айналысуы үшін барлық жағдай жасалған: спорт зал, арнайы алаңдар, керекті құрал жабдықтар т.б.
I және II ауысымға арналған таңертеңгі, түстен кейінгі ыстық тамақ ұйымдастырылған, онда көп балалы отбасының балалары мен тұрмысы төмен отбасы балалары (70 бала) тегін тамақтанады. Асханада санитарлық талапқа сай жабдықталған ішуге арналған су қойылған.
Мектепте қоршаған ортамен қарым-қатынас, адамдармен қарым-қатынас, жағымсыз эмоциялардың денсаулыкқа әсері, күйзеліске ұшырау себептері жөнінде тоқсан сайын жалпы тест жұмыстарын жүргіземіз. Бұл жұмыстың қорытындысы маған психолог, валеолог ретінде оқушылармен жеке жұмыс жасауыма көмектеседі. Окушылармен жеке әңгімелесу арқылы аурудың алдын алуға болады. Эмоционалды көңіл күйін бақылап, кикілжіңді жағдайдан қалай шығуға болатыны туралы әңгіме, кеңес оқушыларды қызықтырады. Барлық жұмыстар оқушылардың денсаулығын сақтап, нығайтуға арналады, нәтижесі де көңіл қуантарлық. Суық тиіп ауыру, жұқпалы аурулар деңгейі, сколиоздың динамикасы төмендеді. Есірткі заттарын пайдалану, темекі тарту, мінез-құлықтың қауіп факторының алдын алу шаралары тұрақты өткізіліп, оқушылардың белсенді ат салысуын мақсат етеміз. Мектепте екі психолог қызмет атқарды, арнайы оқу бөлмелеріміз де бар. Оқушылармен әр түрлі формада, әдісте сабақ жүргіземіз: әңгімелесу, кеңес беру, аутотренинг, тест, түрлі жағдайларды мысал ретінде көрсету. Оқушылар өздерін мазалаған сұрақтары жөнінде психолог мамандармен қысылмай әңгімелеседі.
Егер мектеппен учаскелік дәрігер тығыз байланыста болып, бірігіп қызмет етсе онда оқушының жеке басының денсаулығы туралы толық біліп, мұғалімдерді хабардар етіп, қарым-қатынасты, білім беру дұрыс жолға қойған болар едік.
Валеология сабағына да оқушылардын қызығушылығы жоғары. Сабақ барысында аға-бауырларының, өздерінің денсаулықтары туралы сұрақ қойып, себебін талқылап жатады. Денсаулықтары өз қолдарында екенін оқушылар түсініп, өз-өздеріне, іс-әрекеттеріне жауапкершіліпен қарауға үйренуде. Ал валеология сабағының басты мақсаты да осы, салауатты өмір сүруге үйрету, оқыту, білім беру, қалыптастыру.
Жеке бастың және қоғамдық гигиенадан хабардар болып, гигиена талаптарын білу әр түрлі жұқпалы аурулардың алдын алуға көмектеседі және адамның мәдениетті болуына тәрбиелейді. Гигиена тәртібін сақтамайтын ұқыпсыз адамның айнала қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететінін балалар болуы тиіс.
Егер баланың гигиенадан алған білімі тұрмыста, адамдармен қарым-қатынаста, жеке өмірінде мықты гигиеналық әдет-дағды қалыптастырса онда гигиенадан білім берген мұғалімнің еңбегінің нәтижелі болғаны деп есептеледі. Тақырыпты оқушылар жетік меңгеріп, түсініп, қаншалықты маңызды екенін түсіну үшін тақырыпқа сай иллюстрацияны, суреттерді, кесте мен қосымша әдебиеттерді сабақтың ұтымды кезеңінде пайдаланған дұрыс. Баланың жас ерекшелігіне сай мақал-мәтелдер, ертегілер, нақыл сөздер, жұмбақтар да мұғалімнің жұмысын жеңілтедеді.
Бастауыш сыныпқа арналған бірнеше «гигиена сабағын» мұғалімге көмек ретінде ұсынамыз.
1-сабақ. Денені күту
Сабақтың мақсаты: «Жеке бастың гигиенасы» деген түсініктің мәнін ашу, оқушыларды жеке бастың гигиенасының ережелерімен таныстыру, гигиена ережесін сақтау – өз денсаулығын сақтаудың ең басты қағидасы екенін түсіндіру.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
Мұғалім. Бүгін балалар «Оқушының жеке басының гигиенасы» деген жаңа тақырыппен танысасыздар. Қалай ойлайсыздар, «жеке гигиенасы» деген не? Гигиена ілімі туралы не білесіздер?
Дұрыс жауап. Гигиена деген – денеңді, үсті басыңды таза ұстау.
Мұғалім. Ал «дене» деген не?
Мұғалім тақта алдына бір оқушыны шақырып, оның басын, кеудесін, қолын, аяғын көрсетіп, осының бәрі бір сөзбен «адамның денесі» деп аталатынын түсіндіреді.
- Біздің денеміздің сыртында не бар?
Дұрыс жауап. Біздің денемізді тұтастай тері қаптап тұр. Мұғалім оқушылардың назарын қол терісіне аударып, өздерінің қолдарының терісінің жұмсақ, иілгіш, қозғалтқан кезде созылатынына тоқталады.
- Тері біздің денемізді аурудан қорғайды. Ал сендер секіріп, жүгіргендерінде тері терлейді. Сонымен бірге теріде жұқа май қабаты бар. Егер теріні ұзақ уақыт жумаса, тері саңылауларында май мен тері жиналып, шаң-тозаңды ұстап қалады. Бұдан тері кірлеп, денені микробтан қорғау қасиетінен арылады.
Кір, лас тері денсаулыққа зиян. Сонымен бірге, жуынбаған, салақ адам өзінің жүрген ортасына, жақындарына ұнамсыз, жағымсыз болады. Оның артық қасиеттерін жоғалтып өмірде алдына қойған мақсатына жетуге кедергі жасауы әбден мүмкін. Сондықтан теріні, денені күтіп, өз-өзін таза ұстап жүрген адамның, ең алдымен, өз денсаулығына жауапкершілігі зор деген сөз.
Денені күтудің ережелері.
1. Таңертең ұйқыдан оянған соң беті-қолды, мойын мен құлақты жуу. Серуендеп келген соң, кешке ұйқыға жатар алдында да жуыну қажет.
2. Ұйықтар алдында аяқты жууды ұмытпау керек.

ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ?
Салауатты сөзінің негізгі мағынасы — парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді, зерделі және сабырлы деген ұғымды білдіреді.
Өмір салты дегеніміз — әрбір жеке адамнан бастап, букіл қоғамның қалай еңбек етіп, қалай тұрмыс құрып, бос уақытында демалатыны, қысқасы, олар-дың қалыптасқан өмір тіршілігі. Яғни, адамның өмір салты қандай болса, әзі де сондай.
Сонымен, еліміздің кез келген азаматы салауатты өмір сүру үшін парасатты, зерделі және білімді болуы керек. Әсіресе денсаулық жайында білімді болғаны жөн.
Байқап-байыптап қарасақ, адам деген ұлы ғажайып күш қой!
Биологияда, медицина мен психологияда қаншама түсініксіз жайлар бары танданарлық. Әрине, адам миының жұмысын түсіндіру қиынақ: 15 миллиард жүйке жасушалары (нейрондар) бар, олардың әрқайсысы мыңдаған, тіпті миллиондаған басқа жасушалармен байланысқан және жүйелі жұмыс атқарады. Адам гендерінде не жазылғанын оқу да оңай емес. Денсаулыққа қатысы бар ең қарапайым нәрсенің қайшылықтарының өзі қаншама?!
Немесе салмақ мәселесін алайық. Жас ұлғайған сайын салмақ өсуі керек пе, жоқ жас кезіндегідей қалыпта қалуы керек пе? Әрбір ғылым өзінше фактілер келтіріп, дәлелдеп жүр ғой. Бұл жерде қалайша шатаспассың?
Қалай болғанда да адам ерекше құбылыс! Әсіресе оның ақыл-есі ешбір қайталанбас дүние. Ол адамның бақыты әрі қайғысы… Алайда адамдардың ауыруына сыртқы әсерлер мен адам табиғатының әлсіздігінен гөрі, көбінесе, өздерінің теріс мінез-құлқы себеп болады. Мінез-құлық дегеніміз — істелген іс-қылықтар, әрекеттер, психика.
Іс-қылық дегеніміз не? Бір жағынан ол – қол, аяқ, кеңірдек бұлшық-еттерінің қимылдары. Қимылдар жай және қысқа, күрделі және ұзақ болуы мүмкін. Оның мақсаттары да әрқилы, соған жету үшін іс-қылықтардың, әрекеттердің көптеген түрлері жасалады.
Адам үшін денсаулықты сақтап қалу – мақсат. Дәмді тамақтану – мақсат бірдеңені істеу – мақсат. Мақсаттар көп, ал уақьгг пен күш шектеулі. Таңдауға тура келеді. Мақсаттар бесекеге түседі. Қажеттісі қайсы: өкпе рагінен өлмеу ме, не болмаса қыздардың алдында сигарет тартып кербездену ме? Әрине, өлмеу екені сөзсіз.
Ертедегі ата-бабаларымыздан бізге шынығуды қажет ететін дене мен емістікке бейім биологиялық сезімдер немесе психика қалды. Олардың біріншісі
— жалқаулық. Адам жануарлар сияқты, ынталандыру (стимулдар) болса ғана күш алады. Босаңсу әрқашан да жағымды. Тек балалар ғана ерекше: олар ешбір мұқтаждықсыз жүгіреді, айнайды.
Екішиі кемшілік – қомағайлық. Тамақ ішіп-жеуден қанағат табу – аса маңызды құбылыстардың бірі. Дәмді тамақ ішіп, оны басқа сезімдер сияқты, жаттықтыруға болады. Адам әлдеқашан етгі қуыруды үйреніп, оны дәмді ету тәсілін пайдаланғаннан бері өзінің тамақ сіңіру орталығын жаттықтырады.
Үшінші кемшілік — қорқыныш. Хайуандармен салыстырғанда адамда қорқыныш күшейе түседі, өйткені ол есіне жақсы сақтайды, оның кейіннен болар салдарьш да болжай біледі. Сондықтан оны тек өзінің аурулары ғана емес, басқа біреулерден көргені, оқығаны немесе естігені де үрейлендіреді.
Қорытып айтқанда, адам баласы ақылды, бірақ жалқау әрі қомағай. Табиғат оны тоқ және жеңіл өмір үшін жаратқан жоқ. Мол және дәмді тағам ішіп-жеп, рақаттанып, жылы жайда демалғанының есесін аурумен өтеуіне тура келеді. Егер алғашқыда, яғни қанағат алуда асыра сілтесе, оның төлемі тым көбейіп кетуі ықтимал. Дене азабы өркениет игілігінен келген барлық рақатты жоққа шығаруы мүмкін. Әрине, денсаулық сақтау режимін барлық адам қатаң ұстайды деп санауға болмайды, бірақ оған адамдардың көзін жеткізуге тырысу қажет: қауіпті ауруларға ұшырамас үшін, өзіне-өзі қажетті шек қоя білген кім-кімге болса да тиімді. Мұны салауатты, дұрыс мағынаға жетелейтін ғылым ғана іске асыра алады.
Денсаулық — ауруларға қарама-қарсы құбылыс екені әркімге түсінікті сияқты. Бүкіл медицинаның даму кезеңінде оның екі бағыты анықталды: біріншісі – бұзылған денсаулықты дәрі-дәрмектің көмегімен қалпына келтіру, екіншісі — сол мақсатқа «организмнің табиғи қорғаныс күштерін» жұмылдыру арқылы жету. Әрине, екі тәсілді бірдей қолданған дәрігерлер әрқашан да болды, бірақ, әдетте, іс жүзінде біреуі ғана басымырақ қолданылды. Өкінішке қарай, көпшілік адамдар, кейбір дәрігерлер де организмнің ауруға қарсы күресетін табиғи күшін ескере бермейді. Сол табиғи күштерді толықтырып, шынықтыруға көңіл бөлмейді: Енді осы мәселелерге келейік.
Ең алғашқы сөз — тамақтану мәдениеті жөнінде.
«Ас — адамның арқауы» дейді халқымыз. Сол айтқандай-ақ, денсаулықты сақтау дұрыс тамақтанудан басталады. Тамақтағы қоректік заттар сапасы жағынан адам организмінің мұқтажын өтеуі қажет. Әсіресе тамақ нормасын әркім өзі ақылымен мөлшерлеуі тиіс. Әрине, дастарқандағының бәрін тауыса ішіп-жеу мақсат емес. Мешкейлікті ата-бабамыз о бастанақ жек көріп, ең жағымсыз қылықтардың біріне санағаны бәрімізге белгілі. Сол себепті, тамақты бойға мөлшерлеп ішіп-жеген дұрыс. «Ас десе, асты-үстіне түсіп, құлқыны құру — хайуандық болса, керісінше, кекірейіп тамақ татпау — ноқайлық, тым құнықпа және ас ішуді де ұмытпа», дейді белгілі академик, физиолог И.П. Павлов.
Жасыратын несі бар, қазір елдегі ересек адамдардың арасында екінің бірінің асқазаны ауырады және колитке (тоқ ішектің қабынуына) шалдыққан. Мұның сыры неде? Осы ауруларға әкеліп соқтыратын экономикалық-әлеуметтік факторлар көп, әрине. Бірақ соның бәрін емес, өзімді қынжылтатын бір жайды ғана айтайын. Демалысқа шығып, ел аралағанда көзіміз жетіп жүр — кейбір үйлерде жеңіл машинасы болғанымен отбасына күнделікті ең қажет тоңазытқыштары жоқ. Сондықтан асқазандары ауырып жүрсе де, ұнның ішінде сақталып, кептірілген немесе сүрленген еттермен тамақтанып отыр. Әсіресе оңтүстікте, жаздың аптап ыстығында ет сияқты асқа қажет тағамдарды тоңазытқышсыз бүлдірмей сақтау өте қиын. Тоңазытқыштың жоқтығынан тамақ бүлініп, улануға да әкеліп соқтыратынын естен шығармаған жөн.
Қарынды кере тамақ ішіп, орындарынан зорға көтерілетіндер де аз емес. Ол, әрине, өте зиян. Мөлшерден артық ішіп-жегендер түнді ұйқысыз өткізеді, мазасы қашады. Соның салдарынан кейде ауырып, хирург пышағына да ілігіп жүргендері аз емес. Диетологгардың айтуынша: «Кез келген ауру-сырқаттың әкесі белгісіз болғанымен, шешесі белгілі: ол — орынсыз, артық ішкен ас!». Сондықтан қанағат — табиғаттың одақтасы және денсаулықтың сақшысы. «Батпайтын ас — жеген адамның өзін жейді. Сол себепті, жегенің бойға сіңсін десең, шамадан аспа», деп жазды Абдуль Фарадж.
Біздегі тағы бір жағымсыз жай — кейбір ата-аналар, әсіресе сәбидің әжелері сәбилерге жөнсіз, мөлшерден тыс күштеп тамақ ішкізеді. Соның салдарынан сәбилердің физиологиялық ас қорыту немесе тамақты бойға сіңіру үрдісі бұзылады. Және кейбір ата-аналар баласы толып, семіре бастаса ғана дені сауға санайды. Ол, әрине, дұрыс емес.
Қазіргі кезде белең алып отырған тағы бір жаман әдет — гиподинамия, адамдардың күнделікті өмірде аз қимылдауы. Ол, әрине, жалқаулық пен жатыпішерліктің салдарынан болады. Жаяу жүруге ерінеміз, жақын жер болса да, баратын жерімізге көлікпен барамыз. Қимыл азайған сайын дене ауырлай береді, жүрек пен қан тамырларының қызметі нашарлап, адам семіреді. Өз ықтиярымен семіздік дертіне шалдығады. Ал дана халқымыз: «Семіздікті қой ғана көтереді», — деп бекер айтпаса керек.
Семіздік әр түрлі ауруларға — қан қысымының көтерілуі (атересклероз) және тағы басқа күрделі, емделуі қиын жүрек пен қан тамырларының созылмалы сырқаттарына әкеліп соқтыратыны баршаға аян. Олардың (семіз адамдардың) өмірі сау адамдарың өмірімен салыстырғанда 10—15 жылдай қысқа болады. Өйткені семіздік, зат алмасу үрдістері бұзылғандықтан, адамдарды гипертония, қант диабеті, бауыр циррозы, өтте және бүйректе тас пайда болу сияқты сырқаттарға душар етеді. Буын-буындарында да тұз жиналып, сырқырап қақсайтын артриг сияқты әр түрлі буын ауруларына да әкеліп соқтырады. Денені май басқандықтан және асқазанды кере тойып тамақтанудан адамның кеуде мен іш қуысын бөліп тұратын диафрагма сияқты көк еті жоғары көтеріліп, әкпеге және жүрекке қысым түсіреді. Сол себепті ол организмдердің қан айналымы нашарлайды, өкпе мен жүректің қызметі нашарлағандықтан, адам организмін оттегімен қамтамасыз ету қабілеті төмендейді, оны гиповентиляция дейді. Жоғарыда айтылғандай, оттегі — адам денесіндегі жасушаға қажет «жанармай». Осындай қысым жиі қайталана берсе, ондай адам пневмония, бронхит және т.б. сияқты, әр түрлі созылмалы өкпе ауруларына шалдығады.
Семіздіктен адам бойындағы ет пен терінің арасындағы қан тамырлары қысылып, қан айналымына үлкен кедергі жасайды. Сол себепті, әсіресе қанды бойға тарататын «насос» қызметін атқаратын жүрекке үлкен күш түседі. Семіз адамның жүрегін де май басады, сондықтан да қысылып, қан айналымы нашарлайды, осыдан келіп, әр түрлі қысылмалы — стенокардия, инфаркт сияқты — жүрек аурулары пайда болады. Сондай-ақ ми жасушаларының да жұмысы нашарлайда, атеросклерозға шалдығып, адамның есте сақтау қабілеті нашарлайды.
Кейінгі жылдары, адам организмі есейіп жетілген сайын, гипофиз «кәрілік гормонын» бөліп, оны қан арқылы денеге тарата бастайтыны анықталады. Алайда американдық ғалым Денкльдің дәлелдеуінше, тамақты мөлшерден асырмай тарта жеу арқылы да «кәрілік гормонының» организмге таралуын тежеуге болады екең. Демек, мұның, әсіресе, жасы ұлғайған адамдар үшін айрықша маңызы бар.
Осы жерде айта кететін бір жайт: соңғы 70—80 жылдың ішінде біздің тек менталитетіміз бен психологиямыз ғана өзгерген жоқ, сонымен қатар ішіп-жейтін тамағымыз да еуропашаланып, өзгерді. Зауыт-фабрикадан шыққан, рафинадтанған және қолдан жасалған, шайнамай, ауызға салып, қылғыта беретін тамақтар көбейді. Ас қорыту жолдарының медицинада дәлелденген екі негізгі жауы бар: тым бапталған (рафинадталған) тамақ және «кернеу жүйесі». Ұсақталған, жұмсақ тамақ ішек қабырғаларындағы ферменттердің бөлінуін нашарлатады және бұлшықеттерінің жаттығуын төмендетеді. Функциясын жоғалтқан кез-келген организм бірте-бірте әлсіреп, ауруға шалдығатыны физиологиядан белгілі. Сонымен қатар ұзаққа созылған жағымсыз эмоциотармен немесе стресстермен ұштасқан психикалық күш түсу, екі бөлімнің, көбінесе орталық жүйке жүйесімен байланысқан асқазан және тоқ ішектің жүйкелік реттеуіне кері әсерін тигізеді. Бұл фактор, әсіресе, өте балтаған ас ішкеннен кейін білінеді.
Ішектер атониясы деп аталатын бұлшықетгер жаттығуының нашарлауына байланысты, оның перистальтикасының (қимыяының) әлсіреуі тоқ ішекке жиналатын индол, скатол сияқты улы заттардың (токсиндермен) организмді уландырлғанына, зиянды микробты флораның дамуына әкеліп соқтырады.
Біздің асқазанымыз бен ішектеріміздің кез келген түрпілеу, қатты тамақтың бәрін қорытуға қабілеті бар. Сондықтан, егер «жоғарыдан» немесе жоғары жүйке жүйелерінен олардың реттеуі бұзылмаса, олар өз қызметін ойдағыдай атқара береді. Ішек-қарынның қызметін, негізінен, вегетативті жүйке жүйелері атқарады.
Қандай тағамдарды қалай пайдаланған жөн? Енді осыған тоқталайық. Осы уақытқа дейін тамақтар қуатына қарай топқа бөлінетін. Ал сонғы ғылыми жетістіктердің нәтижесіңде, тағамдарды оның құрамындағы адам организміне өте қажет зат алмасу үрдістерін жақсартатын биологиялық заттарына қарай бөлудің тиімділігі айқындалып отыр. Ондай биологиялық заттар биосинтез кезінде организмдегі қажетті химиялық қоздырғыш заттарды, атап айтқанда ферментгерді, гормондарды және жүйке жасушаларының бойымен жүретін жүйке тітіркенулерін өткізетін медиаторларды түзуге қатысады. Асқа пайдаланылатын тағамдардың химиялық құрамын осылай тексерудің нәтижесінде мамандар тағамдардың жалпы тағамдық (барлық пайдалы жақтарын ескеріп) құнына/қуаттық немесе калориялық құнына және биологиялық құндылығына байланысты үш топқа бөлетін болды. Мұндай топқа бөлу несімен тиімді? Осы арқылы соңғы жылдары организмге тек қана калория беретін, ал витаминдерден, микроэлементтерден және тағы басқа пайдалы заттардан жұрдай — қант және тағы басқа кондитерлік тағамдар сияқты «бос калориялы» заттар белгілі болды. Ал арақ пен шараптарда адам организмін уландыратын улы калория да болатыны анықталды.
Сондай-ақ үнемі бірыңғай тағамдармен тамақтану немесе астағы организмге керекті тағамдық (нәруыз, көмірсу, май, микроэлементтер мен витаминдер) заттардың кейбіреулерінің үнемі жетіспеуі немесе мөлшерден артық болуы әр түрлі тамақтан пайда болатын алиментарлық ауруларға шалдықтырады. Сол үшін асқа пайдаланатын тағамдардың құрамын үнемі өзгертіп отырған жөн.
Енді біздің қазақ халқының ең көп жейтін тамазғы — етке тоқтала кетейік. Ет туралы ғалымдар арасында әр түрлі пікірлер айтылып жүр. Натуропаттардың еттен жасалған тамаққа өте қарсы екені бәрімізге белгілі. Олар көкөністермен жасалған тағамдарды ғана асқа пайдалануды жөн көреді. Ал Ф. Энгельс: «адамның эволюциялық даму кезінде, әсіресе оның миының толықсып жетілуіне еттен жасалған тамақтардың көп пайдасы болды.,.», деп жазды.
Ғалым А.И. Андрианов мынадай тәжірибе жасады. Әр түрлі жәндіктерді екі топқа бөліп, бір тобын үнемі құрамына 46% , ал екінші тобын — 6% қана нәруыз бар тамақтармен қоректендіреді. Біраз уақыт өткен соң бірінші топтағы нәруызды көп қабылдаған жәндіктердің баяу қимылдайтындарын байқайды. Ал, керісінше, нәруызды аз қабылдаған екінші топтың жәндіктері жылдам қимылдайтын, сергек қалпында сақталған. Ғылым академиясы тамақ институтының тұжырымы бойынша, адам организміне күн сайын 80—100 грамм ғана нәруыз жеткілікті екен. Профессор Н.А. Капланский: «Әр организмге керекті нәруыздар сол организм қабылдаған тағамдардағы нәруыздардың арзымайтын бөлігінің аминқышқылдарынан ғана түзіледі. Ересек адамдарда бұл, әдетте, ішкен тамағымен келген аминқышқылдарының түкке тұрмайтын бір бөлігінен ғана құралады, ал қалған артық нәруыздар мен аминқышқылдарының көпшілігі сол адамның бауырында, буйрегінде және аздап болса да ішектерінде өз қасиетін жояды», деп жазды. Қорыта келгенде, тіршілік үшін адам организміне шамалы нәруыздың өзі ғана жеткілікті. Әрине, нәруыздың күнделікті мөлшері әрбір адамның жасына, істейтін қызметіне қарай өзгеріп отырады. Әлі де жетілмеген жас организмдерге және ауыр қол еңбегімен айналысатын адамдарға тамақтың құрамындағы нәруыздың мөлшері күнделікті мөлшерден (80—100 г) кем болмағаны жөн.
Нәруыздың биологиялық қасиеті оның құрамындағы аминқышқылдарына байланысты. Тағамдағы нәруыздардың құрамы, адамның өзінің бойындағы нәруыздарының құрамына неғұрлым ұқсас болса, олардың биологиялық қасиеті де соғұрлым жоғары болады. Ас арқылы келетін нәруыздардың құрамында аминқышқылы жетіспесе, организмде нәруыз синтезі бұзылады және басқа да кері үрдістер жүреді. Оның әркелкілігі сол аминқышқылдарының әрқайсының адам организміне тигізер әсеріне байланысты. Мысалы, сүттің не ірімшіктің құрамында мол болатын метионин аминқышқылы зат алмасу үрдісінде пайда болатын улы заттардың уын жойып, залалсыздандырып, адам организмінің қызметін жақсартады, бауыр циррозымен ауыруынан сақтайды.
Адам организмі етті тағамдарды шамадан тыс көп қабылдаса, әсіресе аз қимылдайтын адамдарда, зат алмасу үрдісі бүзылады. Оның организмінде зәр қышқылы сияқты улы заттар мөлшерден көп түзіліп, одан әр түрлі тұздар тізбегі құралады. Соның зардабынан өтте, бүйрекге тас қиыршықтары пайда болып, буын-буынға тұздар жиналады, яғни буын-буын сырқырап ауырады немесе бүйрегі не бауыры түйнеп ауыратын болады. Мұндай сырқаттар етті мөлшерден көп тұтынатын адамдардың арасында жиі кездеседі. Ал, керісінше, жеміс-жидекгерде және көкөністерде зәр қышқылын түзетін пурин негіздері болмайды.
Соңғы жылдардағы ғылыми жұмыстардың қорытындысы мынаған көз жеткізген шығар. Күнделікті тағамдардың құрамында май жетіспесе, организмдегі нәруыздың синтезі нашарлайды да, жас организмнің өсуі төмендеп, әр түрлі ауруларға қарсы күресу қабілеті төмендейді екен. Тамақтың құрамындағы майлардың адамның ми қыртыстарына да пайдалы әсері бар екені дәлелденді.
Бір күнде әр адам салмағының әр килограмына орта есеппен 0,6—1,0 –грамнан май жеуі керек екен. Мысалы, салмағы 70 кг тартатын адамның күнделікті тамағының құрамында 60—70 г май болуы тиіс. Мәскеудегі бір медицина институтының тамақ гагиенасы кафедрасының меңгерушісі, профессор К.С. Петровский былай деп жазады: «Әрине, тамақтагы майды тарта пайдаланган жөн, бірақ… осы уақытқа дейін «атеросклероз ауруына соқтырады» деп жүрген майларымыздың құрамында, керісінше, атеросклерозга қарсы тұратын ерекше заттар бар екені анықталды. Сол себепті, кәбірек пайдаланып, мал майы мен сары майды аз жеу керек дейтұғын «ақыл-кеңестердің» терістігі дәлелденіп отыр. Тамақ институтының ұйғарымы бойынша, күнделікті асқа пайдаланатын тағамдардың құрамында мал майы мен сары май көкөніс майымен салыстырғанда, екі еседей мөлшерде көбірек болғаны жөн. Өйткені тамақпен бірге майда жақсы еритін витаминдер организмге тез тарайды. Әсіресе зойтун майын тамаққа пайдаланған тиімді».
Енді тамаққа күнделікті пайдаланатын көмірсуларға көшейік. Оның ең басты рөлі – организмнің күш-қуатын сақтау. Сондықтан көмірсудың қажет мөлшері адамның күнделікгі қимыл-әрекеттеріне байланысты. Ауыр «қара жұмыс» істеп, көп қимылдаса, тамақтағы көмірсулардың мөлшерін көбейту керек те, керісінше, қимыл-әрекет аз болса, азайтқан дұрыс. Қазір ғалымдар бұған көп көңіл бөліп отыр. Себебі таза көмірсуға күнделікті өзіміз шайға салып ішіп жүрген қант жатады. Соңғы жылдардағы ғылыми деректерге қарағанда, қанттың адамға пайдасынан гөрі зияны көбірек екен.
Ағылшын ғалымы Дж. Юткиннің қант туралы: «Таза, аппақ және қатерлі» деген кітабы жарық көрді. Сол кітабында ғалым қанттың адам организміне тигізетін зияны, мөлшерлеп пайдаланбаған жағдайда жүрек пен қан тамырлары ауруларына әкеліп соқтыратыны туралы тәптіштеп жазған. Қанның құрамында қанттың көбейіп, адамның қант диабеті ауруына ұшырауының, шамадан тыс семіріп, салмағының өсіп кетуінің сыры да осында. Тамақ институты ғалымдары мұның тіпті миға немесе орталық жүйке жүйесіне де тигізетін кері әсерін анықтады.
Алайда бұдан қант мүлдем зиянды деген ұғым тумаса керек. Оның адамның бұлшықеттерін және бауыр, жүрек еттерін қоректендіретін гликоген түзу үшін қажет екенін ұмытпаған жөн. Сондай-ақ қант орталық жүйке жүйесінің бір қалыпты жұмыс істеуі үшін де қажет. Егер біз бұрынғы ата-бабаларымыздың қалай тамақтанғанын зерттеп, ой жүгіртетін болсақ, сол кездегі адамдар мен қазіргі адамдардың тамақтануында жер мен көктей айырмашылықтың барын байқаймыз. Бұған соңғы кездері жарық қөрген диетолог-ғалымдар Г.П. Малаховтың «Здоровое питание», профессор Шаталованың «Правильное питание» және Э.А. Степановтың «Раздельное питание» деген ғылыми кітаптарымен танысқанда көзіміз жетті. Аталған авторлардың ұсынған диетасы бойынша, ағарғанды, мәселен сүтті, ешқашан басқа (шай және кофе сияқты) нәрсемен қосып ішуге болмайды. Сүтті сүт күйінде ішу керек. Сондай-ақ, айранға нан турап ішуге болмайды және құрттың да құр өзін жеу керек. Соңғы кездері біздің дастарқан мәзірінде бал қосып, әр түрлі тағам жасау орын алды. Ал температуралық өңдеуден өткен бал өзінің табиғи құндылығынан айырлатыны ғылыми түрде дәлелденген. Ондай балды жеген адамның организміне ол у сияқты әсер етіп, қорытылмайтын, керексіз және зиянды затқа айналады. Балды да бал күйінде нанмен қосып жегенде организмге пайдалы әсері зор болатыны белгілі болып отыр. Сондықтан дастарқан мәзіріндегі чак-чак, бал торттарының және басқа балдан жасалатын тағамдардың денсаулыққа пайдасынан гөрі зияны басым екенін білген жөн.
Диетологгардың пікіріне жүгінсек, біз көбінесе тамақты оңды-солды араластырып ішіп-жеп, ауру-сырқауды өзіміз тудырып алатын сияқтымыз. Ал шыныңда, бір-бірімен сәйкес бола алмайтын тағамдар адам организмінде іру-шіру үрдістерін туғызып, ас қорыту жолдарында улы заттар (токсиндер) түзіп, ас қорыта алмайтын комплекстердің пайда болуына жағдай жасайды екен. Сол комплекстер қан тамырлары арқылы бүкіл денеге тарап, әр түрлі аурулардың келіп шығуына себепші болады, яғни организмді зақымдайды. Аурудың көпшілігі осыдан туындайды.
Тағамдардың бір-бірімен сәйкес келу-келмеуі деп нені айтамыз? Барлық тағамның құрамы, жоғарыда айтқанымыздай, нәруыз, көмірсу (крахмал) және майлардан тұратыны белгілі. Осылардың ішінде нәруызды заттар мен крахмалдық заттар ешқашан бір-біріне сәйкес келмейді. Сол себепті нәруызды тағамдарды крахмалмен бірге қабылдауға болмайды.
Осыған қатысты, ұлттық дастарқандағы басты тамағымыз туралы айтатын болсақ, етті қамырмен қосып жеуге болмайды екен. Өйткені қамыр — крахмал, ал ет — нәруызды тамақ. Сол себепті ас дұрыс қорытылмағандықтан, организмге өзінің ауырлығын түсіреді. Сонымен қатар қажетсіз нөрсеге айналып, организмді уландырады. «Батпайтын ас — жеген кісінің өзін жейді» дегенді шығыстың ғалымы Абдуль Фарадж осыны білгеннен жазса керек. Тағы да ата-баба салтына жүгінбеске амал жоқ. Ас дүрыс қорытылу үшін баяғы аталарымыз сияқты, ештеңе қоспай, еттің құр өзін жеу керек, қосқымыз келсе, сәбіз, капуста, помидорды (яғни крахмалсыз көкөністер мен жемістерді) қосып жеуге болады. Ал қамыр мен картопты араластыруға әсте болмайды. Өз тәртібімен желінген астың организмге пайдасы зор. Міне, ата-бабалар дәстүрі қайда жатыр.
Осы ретте тамақты қай кезде жеу керек деген мәселені де қарастыра кетсек дейміз. Қайтадан ата-бабамыздың тамақтану мәдениетінс зер салсақ, олар таңертеңгісін ауыр (күшті) тамақ жемеген. Жеңіл-желпі сүт, айран, кейінгі кездері шай ішіп, организмін үлкен асқа дайындаған. Ал негізгі тамағын (қазіргіше кешкі асты) күн батпай тұрып (күн батардан бір-екі сағат бұрын) ішетін болған. Себебі, күн батқаннан кейін желінген ас жақсы қорытылмайды. Өйткені тәуліктің адам организміне әсер ететін уақыттары бар (биоритм қағидасы бойынша). Күн батқаннан кейін бүкіл табиғат мүлгіп, ұйқыға бет алған кезде адам организмі де табиғаттың ырғағымен демалуға талпынады. Мұны организмнің өзі де «айтып» отырады: тәбет болмайды, ас батпайды. Мұны табиғатпен біте қайнасқан көшпенділер жақсы білген. Біздің біріміз біліп, көбіміз біле бермейтін қарапайым қағидаларды ата-бабаларымыз бұрыннан білген, олар үшін қалыптасқан жайт — табиғи ілім ретінде келген. Осы кездері біз еуропалық «өркениеттің әсеріне беріліп, табиғилыққа қарсы шықтық, соның салдарынан организмді өзіміз уландырып жатырмыз.
Кейінгі жылдары байқасаңыздар, диетологтар да бұрынғыдай «кешкі асқа бір стақан айран немесе сүт қана іш» деп ақыл-кеңес бермейді. Ал иогтар «таңертең ұйқыдан ояна салып, бір стақан салқын су ішу керек» дейді. Қазір әсіресе шығыстың медицинасымен танысқан соң, көп нәрсеге көзіміз ашылды.
Ішкі организмдердің барлығы, соның ішінде ас қорыту ағзалары да орталық жүйке жүйесіне аса бағына бермейтін — вегетативтік жүйке жүйелері арқылы өз қызметгерін атқарады. Вегетативтік жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық болып бөлінеді. Симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелері арқылы барлық ішкі организмдердің (жүректің, қан тамырларының, асқазанның, ішектің, т.б.) қызметтері іске асырылады. Ішіп-жеген тамағымыздың қорытылу патогенезі бойынша түнде адам ұйықтаған кезінде барлық ішкі организмдер де дем алып, өзінің қызметін азайтады. Тек қана парасимпатикалық жүйке жүйесі немесе вагус жүйкесі (X пар жүйке) ғана өз жұмысын тоқтатпайды. Вагус жүйкесі ұйықтамайтын жүйке (блуждающий нерв) деп тегін аталмаса керек. Аурудың көпшілігінің түнде қозатыны да сондықтан. Симпатикалық жүйке жүйесі адам ұйықтағанда толық дем алады, бұл кезде асқазанның ас қорыту сөлі де бөлінбейді. Бірақ адам ұйықтағанда вагус жүйкесі жұмыс істейтіндіктен, ас қорыту үрдісі де баяу (жүректің баяу жұмыс істейтіні сияқты) жүре береді. Таңертең адам ұйқыдан оянып, жуынып – шайынып, дастарқанға отырғанда, әдетте, асқа тәбеті болмайды, кейін тіптен «жүрегі айнып», ас батпайды. Оның себебі — таңертең адам ұйқыдан ояна салысымен симпатикалық жүйке жүйесі де өз қызметіне толық кіріседі. Бірақ асқазан сөлінде болатын тұз қышқылы қорытатын зат болмағандықтан, асқазанның ішкі қабырғасын күйдіреді. Сондықтан асқазанның қабырғасының еттері жиырылып, адамның тәбеті болмай, ас батпайтындығы сондықтан. Сол себепті де кешке жақын, лажы болса күн батпай тұрып тамақ жеген дұрыс және таңертең ұйқыдан ояна салысымен бір стақан су ішкен жөн. Ішкен су асқазанның сөлін залалсыздандырып, асқазанды және ішектердің қызметін жақсартып, адамның төбетін ашады. Сонымен қатар ас қорыту сөлінің құрамында болатын тұз қышқылының әсерінен асқазанның ішкі қабырғасының күюін болдырмай, гастрит пен асқазан жарасынан алдын ала сақтайды.
Сондықтан біздің ата-бабаларымыздың негізгі асты кешке қарай, күн батпай тұрып ішкені де дұрыс екені дәлелденіп отыр. Бірақ, әсіресе ұйқыға жатар алдында асқазанға көп күш салмаған дұрыс. Сонымен қатар бір-біріне сәйкес келмейтін астарды араластырмай тамақтанған жөн. Сонда ғана шын мәнінде «ас — адамның арқауы» болады.
Балласты заттар. Не себепті етті тағамдарға қарағанда көкөністерді тамаққа көбірек пайдалану қажет? Себебі көкөністерді тамаққа пайдаланғаңда олардың құрамында асқазан мен ішектерде қорытылмай қалатын «балласты» заттар — клетчатка мен пептиндер мол болады. Ол заттардың адам организміне тигізер пайдасы орасан зор. Ішек-қарында ас қорытылу үрдісінде (әсіресе етті тағамдар мен көмірсулары көп, сәйкес келмейтін тағамдарды араластырып жегенде), ферменттер мен ас қорыту сөлдерінің әсерінен, әртүрлі улы заттар мен газдар бөлінеді. Осы улы заттар етті тағамдар мен көмірсулы тамақты жиі пайдаланатын адамдардың асқазандары мен ішектерінің жұмыстарын нашарлатады, гастрит және колит (тоқ ішектің қабынуы) сияқты ауруларға душар етеді. Сөйтіп, тоқ ішектің қызметі бұзылып, үлкен дәреті жүрмей қиналады. Ол бірте-бірте геморрой ауруына ұласады. Онымен қоймай, қанға сіңген ішектегі улы заттар адам организмін уландырып, бауырдың, мидың, жүректің және бүйректің жұмысын нашарлатып, әр түрлі кеселдерге душар етеді. Ал енді, керісінше, көкөністерді тағамда жиі пайдаланғанда, жоғарыда айтылған «балласты» заттар- ішек-қарында мол жинақталып, ондағы улы заттар мен газдарды өз бойларына сіңіреді де, ішек-қарынның ішек рецепторларын қоздырып олардың жиырылып-созылу (перстальтикалық) қабілеттерін жақсартады және қорытылмай қалған зиянды заттарды ішекпен тез жылжытып, сыртқа шығуын жылдамдатады. Сонымен қатар жоғарыда айтылған ішектердегі улы заттар мен газдарды өз бойына сіңіріп, организмді уландырудан және ішектің шырышты қабын да уланып-бүлінуден сақтайды.

ДЕНСАУЛЫҚ МОНИТОРИНГІ
Денсаулық – адамның ең қасиетті де, құнды қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін немесе орны толмас асыл қазынасы.
Біз, болашақ Қазақстан Республикасының азаматтары бүгінгі мектеп табалдырығындағы оқушылар денсаулығымызға жастайымыздан қамқор болуымыз қажет. «Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы» деп Т.Корлейль атап көрсеткендей табиғат төрінен жоғарғы сатыда орын алған біздерде тек күшті денсаулық болу керек. Егер 6-9 сынып оқушылары өз денсаулық деңгейлерін өздері анықтап, бағалап сол деңгейлеріне арналған жаттығулармен үнемі шұғылданып, емдік гимнастика, фитотерапиямен бірге жүргізсе, салауаттылық өмір саптын сақтаса жылма-жыл денсаулық деңгейлері жоғарылап, нағыз салауатты адам қатарына қосылады.
Елімізде ғылым мен техниканың қарыштап дамуы, экономикалық және саяси дағдарыстар мен қоғамда болып жатқан елеулі және табиғи өзгерістер, атом мен өндірістің дамуы адам ағзасына әсерін тигізбей қойған жоқ. Қазіргі кездегі Адам-Табиғат-Қоғам тізбегі мәнінің өзгерісі мен бұзылуынан адам денсаулығының нашарлауы да байқалады. Барлығымызға ой салатын мәселелердің бірі – орта экологиясының бұзылуы, адам денсаулығына кейбір технологияның және басқа да факторлардың әсер етуі болып отыр, осындай салдар әсерінен адамның физиологиялық, психологиялық және адамгершілік қасиеттері мен денсаулығының бұзылуына әкеп соғады. Көптеген жағдайда денсаулықтың бұзылуы осындай әсерлер көзінде адамның өзін-өзі дұрыс ұстай алмауы әсерінен туындайды. Атап айтсақ: ішімдіктерді қолдану, есірткі және таксикомандық заттарды пайдалану, темекі шегу, насыбай ату т.б. Сондай-ақ жасөспірім денсаулығына күнделікті күн режимін дұрыс құрмау, демалыс уақытын дұрыс пайдаланбау, таза ауамен демалмау, ой және дене еңбегінен кейін ағзаны дұрыс дем алдырмау, дұрыс тамақтанбау, психологиялық жүктеменің шектен тыс көбеюі немесе стресс жағдайынан шыға алмау т.б. барлығы кері әсерін тигізері сөзсіз. Адам денсаулығын дұрыс сақтау жолында тұрған ең басты мәселе, оларды салауатты өмір сүруге және денсаулық үшін күресу жолдарын үйрету, яғни өз денсаулығының нағыз қожасы болу, оны сақтау және нығайту жолдарын білу деп айту да қиын.
XXI ғасыр азаматы – білімді, яғни жоғарғы санатты, техниканы толық меңгерген, білікті, жан-жақты маман болуымен қатар, салауатты өмір салтын сақтайтын жоғары парасатты болуы тиіс.
Қазіргі кезде жас жеткіншектердің денсаулығын сақтау және салауатты өмір сүруін қалыптастыру қажеттілігіне байланысты бүкіл оқу-тәрбие жүйесін валеологизациялау қажеттілігі туындап отыр. Өйткені валеология – жас шәкірттің өз сана-сезімін, өз денсаулығын, өз психологиясын және өзінің ғана жан дүниесін зерттеуші ғылым. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша адам денсаулығының 10% – дәрігерлік көмектен, 15% – тұқым қуалаушылықтан, 25% – қоршаған ортадан, ал 50% – адамның өзіне, өмір сүру қалпына байланысты екен.
Барлығымызға белгілі өткен ғасырдың 90-жылдарынан басталған еліміздегі экономикалық және экологиялық жағдайлардың құлдырау салдарынан, еліміздің әлеуметтік жағдайы, мәдени, адамгершілік қасиеттері күрт төмендеп кетті.
Ал бұл жағдайлар адамның денсаулығының да нашарлауына үлкен әсерін тигізді, соның нәтижесінде туылған балалардың 15% , ал мектеп бітірушілердің 4% -ның ғана денсаулығы жақсы болған, 2000-нан астам ауру түрлері пайда болған, азық-түлік, медициналық дәрі-дәрмек сапасы күрт төмендеп кетті. Халықтың әлеуметтік жағдайы өзгерді. Жұмыссыздық өсті, ауылдар жаппай жабылу хапінде тұрды, мәдениет пен әдебиет ошақтары мен мектептер мен спорттық мекемелер жабылды. Ал, бұл жағдайлар жастар мен жасөспірімдер сондай-ақ ересектердің ерте ішімдікке, төмекі шегуге, нашақорлыққа, баруға тура жол салып, өз өміріне деген мағынасыз көзқарас тудырды. Қоғамда ұрлық, кісі тонау, сияқты кері жайттар тек жағдайы нашар отбасында ғана емес, жағдайлары жақсы отбасында да орын алды. Бұл өткен ғасырдың соңғы онжылдығынан алынған мысалдар. Шүкір, қазір экономикалық, экологиялық қалыпқа келу, әлеуметтік жағдайдың да жақсарып қалғаны да шындық. Бірақ, денсаулыққа кері әсер етуші факторлар осылармен шектеле ме? Күнделікті теледидар компьютер алдында шектен тыс көп отыру жасөспірімнің тек психикасына ғана әсер етіп қана қоймайды, көз ауруына, күні кешке дейін құлақтарына іліп алып жүретін арзанқол магнитафон ызыңы – құлақ, бас ауруына, аз қозғалу немесе гиподинамия – жүрек, қантамыр, жүйке ауруына, дұрыс тамақтанбау – асқорыту жүйесінің түрлі ауруына т.б. әкеп соғып жатыр.
Осындай келеңсіз жағдайларды азайту немесе жою мақсатында жасапынған зерттеу жұмыстарында диагностика, компьютерлі диагностика, сауалнамалар, тест жұмыстары жүргізіліп алынған материалдар жүйелі түрде қорытындыланды.
Зерттеу жұмыстары интернат жағдайында аса қымбат құралдармен емес, күнделікті өмірде медициналық кабинеттерде қолданылатын қарапайым құралдармен өткізілді. Зерттеу жұмыстарының қарапайымдылығы, бірақ олардан алынатын көрсеткіштердің құндылығы – зерттеу жұмыстарының гимназия қабырғасында толығымен өткізілуіне мүмкіншілік берді. Апанасенко тесті оқушыларды жан-жақты зерттеп олардың бойының ұзындығы, салмағы, қан қысымы, қолдың күші, кеуденің ауа сыйымдылығы, кеуде қуысының аумағы, тыныс алу жиілігі және жүректің соғуы мен жүктемелер бұру арқылы қан қысымының, жүректің соғуының өзгерістерін шығару арқылы оқушының осы жағдайдағы денсаулық деңгейін көрсететін тест. Осы тест бойынша қыркүйек айында 6-8 сыныптар арасында толығымен диагностикалық зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Тест қорытындысы шығарылған соң, облыс орталығындағы Республикалық валеологиялық орталықта компьютерлік сараптаулардан етіп, әр деңгейдегі оқушыларға денсаулық ерекшеліктеріне байланысты емдік, шынықтыру гимнастикапары, фитотерапиялық емдеу жолдары белгіленді. Берілген ұсыныстармен гимназистер жыл бойы шұғылданып, ата-аналарымен байланыс жасалынып, Апанасенко тесті оқу жылының аяғында, сәуір айында қайтадан алынды. Жылма-жыл осындай зерттеу жұмыстары арқылы оқушылардың өз денсаулығын көтеріп отыруына жағдай жасалынған.
Көрсеткіштер компьютерлік базаға салынып, оқушылардың әрқайсысына жеке-жеке ұсыныстар, әр деңгейдегі оқушылар үшін арнайы 10 түрлі жаттығулар түрі беріліп, жұмыс жылдың аяғында қайталанып қорытындысы шығарылады.
Гимназистердің интернат жағдайында оқып тәрбиеленуіне байланысты алғаш келген күннен бастап денсаулық жағдайын толық өзін-өзі бағалау да жүйелі түрде жүргізіледі. Ағзаның функционалдық көрсеткіштеріне байланысты бағалау балдарын өздері қойып, содан кейін тәрбиеші, мұғалімдер, психолог, валеолог, дәрігер бағалайды.
Эксперимент – гимназия-интернатымызда 3 жыл өткізілді, нәтижесі қуантарлық. Мектепте ауру балалар саны күрт азайды, жаппай спорттық секцияларға жазылып, шұғылдану өріс алды соның нәтижесінде, соңғы 2 жылда гимназиямыздың;
- 7 оқушысы облыстық, 3 республикалық спорттық сайыстарда жеңімпаз атанды.
- білім сапасы жоғарылады, соңғы 3 жылда мектеп түлектерінің жоғарғы оқу орнына түсу көрсеткіштері, атап айтсақ 50% -дан 64%-ға өсті.
- гимназистердің білімге деген құштарлығы артты, ғылыми жоба қорғау, олимпиадаларға қатысушылар саны өсті, 7 оқушымыз облыстық, 5 республикалық жеңімпаз атанды.
Оқушылар денсаулық деңгейіи анықтап қана қоймаи, денсаулық дегеніміз – ағзада аурудың не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық) рухани және әлеуметтік толық аман-есендік деген дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) анықтамасын жақсы түсініп, өмірде қолдануда.

ҰРПАҚТЫ УЛАНДЫРМАЙЫҚ.
Экология — табиғатты және қоршаған ортаны қорғау туралы ілім болса, валеологияны адам организмінің экологиясы деуге ешкімнің таласы жоқ екені даусыз. Ал валеологияның негізгі міндеті — адам денсаулығын қалай күтудің, темекі және нашақорлықган, алкогольді ішімдіктерден ЖҚТБ-дан және т.б. қоғамдағы жұқпалы дерттерден қалай сақтанудың жолдарын үйрететін ғылым екені бәрімізге мәлім. Қазіргі таңда халық арасында зиянды әдет-ғұрыптардың ішінде кең етек алып отырган процестің бірі — насыбай ату.
Бұл бүгінгі жастардың арасында кең таралып, асқынып бара жатқан зиянды дерттердің бірі болып саналмақ. Атына сай «Насыбай» сөзін ой талқыға салатын болсақ, кір, лас, нас, қоқыс немесе бір сөзбен айтқанда кір-қоқысқа толы деген мағынаны береді екен. Ауыз қуысына яғни, ерін мен тіс арасына салып ататын насыбай затын, темекі жапырағынан дайындайтыны сөзсіз. Ал оны дайындауда негізгі қоспа компоненттер мыналар болып табылатыны мәлім:
1. Май; 4. Сексеуіл күлі;
2. Спирт; 5. Сөндірілген әк;
3. Темекі жапырағы; 6. Түйе немесе тауықтың қиы.
Ал бұл қоспалардан нені көруге болады? Қоспа әсері әсіресе ауыз қуысындағы, тілдің шырышты қабатының жалаңданып сыдырылып түсуіне, сонымен қатар сілекей бездерінен бөлінген сілекейдің және тіс түбіне тіс қатарының түзілуіне септігін тигізсе, ал насыбайды байқаусызда жұтып қоятын болса, ол ас қорыту мүшелерін зақымдайтыны айдан анық. Соңғы жылдары Орта Азия елдерінде насыбай ату ттроцесі кең етек жайғалы қашан. Әсіресе ол орта жастағы адамдар мен әр нәрсеге еліктегіш жасөспірімдерді қамтитъю болды. Бұл күндері көше бойындағы ғимарат баспалдақтарында, сонымен қатар мектеп дәліздерінің едендерінде жасыл түстес ауыздан умаждалып түскен насыбай қалдықгарын әр жерден жағымсыз иіс шығып жататынын көзіміз көріл те жұр. Әдетте көпшілік балалар насыбай атуды жасөспірім кезінде достар арасында бастайды.
Аз мөлшерде қабылдаған бұл улы зат әсерінен дәрігерлердің кеңесі бойынша адамдардың денсаулығына мынадай зияңды әсерлер біртіңдеп біліне бастайтынын сөз еткеніміз жөн болар.
1. Улы зат әсерінен ауызда пайда болған сілекей әсерінен азпыз қуысы уылады.
2. Көз қарауытады.
3. Бас ауырады.
4. Жас шағында бетте терең әжімдер пайда болады.
Ая егер насыбай тұтынушы насыбай атуды көп мөлшерде қабылдаса:
1. Ми құрғап, еріксіз бас ауырады.
2. Көз коньюнктивитінің қозуы.
3. Жас ұлғаю кезінде тамақтың жұтындырмауы.
4. Бастың жиі айналуы.
5. Жүректің ишемиялық ауруына шалдығуы.
6. Тіл рецепторларының дәм сезу нейрондарының әлсіреуі.
7. Тістің сарғаюы.
8. Ауыздан жағымсыз иістің шығуы.
9. Иіс сезімдерінің нашарлау және т.б. аурулар зардабына ұшырауы сөзсіз.
Насыбай атуды әдетіне айналдырған адам уақытында өзіндік үйреншікті мөлшерін қабылдамаса, көңіл-күйі бұзылып, айналасына деген немқұрайлы көзқарас қалыптасады. Бойындағы әлсіздікті сезінеді, ұйқысы бұзылады.
Ғасыр дертіне айналып бара жатқан наша, көкнөр, темекі және насыбай зардаптары жайлы пайғамбар хадистері:
1. Дүниеқұмар болады, бірақ еш уақытта қанағат етпейді.
2. Үнемі рахат іздейді, бірақ еш нәрседен рахат, ләззат таба алмайды.
3. Ысырап еткені үшін, есеп беруі өте қиын болады.
4. Қияметте ауыр азапқа салынады.
5. Қайғы -қасіреті көп болады, пайда көрмейді.
6. Өзін күнәдан пәкпін деп есептейді.
7. Дүниедегі ең бақытты адам өзім деп ойлайды.
8. Өте көп тағам жейді, мешкей болады.
9. Асқазан ауруына шалдығады.
10. Тағамды парық етпейді, тойсам болды деп ойлайды.
11. Қымбат өмірі босқа өтеді.
12. Бала- шағасының нәпақасын арамға жұмсайды.
Насыбайға әбден үйренген адамның одан бой тартуы, арақты қоюдан да қиын. Осы тұрғыда Тұрмағамбет жыраудың мына өлең жолдары дәлел болғандай.
Атпаңдар, тіл алсаңдар насыбайды,
Нас атсаң, нас боласың басыбайлы.
Желді күн «түп» деп жерге түкіргенде,
Нәжістей бет-аузыңа шашырайды.
Аптықпай ақылы толы азаматтар,
Өз-өзін таза етіп асырайды.
Қоғамға да адамның денсаулығына да, зор кесапат әкелетін насыбай қоспасында темекі жапырағы бар екенін жоғарыда атап өттік. Осы орайда вирусология ғылымының негізін қалаған орыс ғалымы Д.И. Ивановский XIX ғасырдың аяғында темекі жапырағынан ауру тудыратын вирустың бар екенін әлемге әйгілі еткен болатын.
Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Добавил: Akinfeev
Просмотров: 6663 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1

Суббота

Автор:

Сообщение #1. [Материал]
Bwbnvn


order lipitor 10mg sale <a href="https://lipiws.top/">buy lipitor without a prescription</a> cheap atorvastatin 80mg


Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Последнии комментарии