Сегодня 28.03.2024
Казахстанское время 11:44
Главная » Файлы » Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина

Ұлпадағы зат алмасудың негізгі реакциялары
29.11.2011, 18:16
Клеткаларда үздіксіз метоболизм (грек. metabole – алмасу, өзгеру) үрдісі, яғни ассимиляция (неғұрлым қарапайым биологиялық молекулалардан күрделі молекулалардың биосинтезі) мен диссимиляция (ыдырау реакциялары) үрдістерінен тұратын зат алмасу жүріп отырады. Диссимиляция нәтижесінде қоректік заттардың химиялық байланыстарында болатын энергия бөлініп шығады. Бұл энергия клетканың түрлі жұмыстарына, сондай-ақ ассимиляция үрдісіне жұмсалады.

Зат алмасу өзара тығыз байланысқан екі үрдістен – катаболизм мен анаболизмнен құралады.

Катаболизм. Жасушада органикалық қосылыстардың ыдырап, қарапайым молекулаларға айналуын катаболизм (грек. katabole – бұзылу, диссимиляция) деп атайды. Жасуша сыртқы ортадан энергиясы мол органикалық заттарды қабылдайды. Олар ферменттердің көмегімен тотыға отырып, энергиясы аз қарапайым заттарға ыдырайды. Мысалы, ақуыздар аминқышқылдарына, майлар май қышқылы мен глицеринге, көмірсулар моносахаридтерге. Бұл қарапайым заттардың ең соңғы өнімдері СО2 мен Н2 О. Аминқышқылдары ыдраған кезде оның құрамынан аммиак (NH3) бөлініп шығады. Катаболизм кезінде бөлініп шыққан энергияның бір бөлігі АТФ түрінде сақталады. Екінші бөлігі – энергияға бай сутегі атомын қосып алған кофермент НАДФ*Н түрінде сақталады.

НАДФ (никотинамидадениндинуклеотидфосфат) – барлық тірі жас ушаларда болатын дегидрогеназа тобының ферменттерінің коферменті. Энергетикалық және пластикалық алмасудың маңызды тотығу-тотықсыздану реакцияларын катализдейді. Ол энергияға бай сутегі атомын үнемі тасымалдайды.

Анаболизм. Ағзада қарапайым молекулалы заттардан (аминқышқылдары, моносахадиртер, май қышқылдары мен азотты негіздер және т.б.) үлкен, күрделі молекулалы заттардың (ақузыдар, полисахаридтер, майлар, нуклеин қышқылдары және т.б.) түзілу үрдісін анаболизм деп атайды. Ол катаболизмге қарама-қарсы үрдіс.
Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Добавил: Akinfeev
Просмотров: 4657 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1

Воскресенье

Автор:

Сообщение #1. [Материал]
Cwrgqy


cheap lipitor 80mg <a href="https://lipiws.top/">atorvastatin 80mg price</a> order lipitor 20mg without prescription


Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Последнии комментарии