Сегодня 19.04.2024
Казахстанское время 01:52
Главная » Файлы » Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина

Клетканың тіршілік ету жолы
29.11.2011, 20:24
Клеткалар басқа клеткалардың екіге бљлінуінен пайда болады. Бљліну үрдісінен кейін пайда болған жас клеткада барлық құрылымдық элементтерінің түзілуіне және қажетті ферменттердің синтезделінулеріне белгілі бір уақыт қажет. Осы уақыт аралығы клетканың пісіп-жетілуі деп аталады.

Жетілген клетканың тіршілік ету уақыттары әр түрлі. Мысалы нейрондар ағзаның љмірі бойы сақталады. Бірақ мұндай клеткалар түрлері аз. Кљпшілік клеткалар белгілі бір уақыт љткеннен кейін љліп, жаңа клеткалармен алмастырылып отырады.

Клеткалар сыртқы ортаның түрлі әсерлерінен (мысалы, ауырсыну, химиялық немесе радиациялық әсерлер) љлулері мүмкін. Мұндай жағдайларда клеткалардың бүлінуі қалыпсыз жүреді де, олардың ырыраулары ағзаға тіріккендіргіш ретінде әсер етеді. Соның салдарынан қабыну үрдістері басталады. Клеткалардың осындай байкаусыз љлімі некроз деп аталады.

Кљптеген клеткалар табиғи генетикалық механизмдердің әсерінен тіршіліктерін жояды. Клеткалардың генетикалық бағдарланған љлімін апоптоз деп атайды. Апаоптоздан љлген клеткалардың айналасында қабыну үрдісі байқалмайды.

Клетканың бљлінуі – барлық тірі ағзалардың кљбеюлері мен жеке дамуы негізінде жатқан биологиялық үрдіс. Клетканың кљбеюі әр уақытта ядроның бљлінуінен басталады. Мұның мынадай үш түрі бар: амитоз, митоз және мейоз.

Амитоз – клетканың қарапайым жолмен тікелей екіге бљлінуі, оны дұрыс бљліну деп те атайды. Амитоз (тура бљліну) кезінде аналық ядро, сол сияқты клетканың қалған органеллалары ешқандай құрылымдық љзгеріске ұшырамай жай ғана екіге бљлінеді. Соның нәтижесінде екі жас клетка пайда болады. Бұл клеткаларға ядро заттарының бљлінуі тең қатынаста емес, сондықтан олардың биологиялық тепе-теңдігі қамтамасыз етілмейді. Амитоз арнайы ұлпалардың клеткаларында (картоптың крахмал түзгіш клеткалары), патологиялық клеткаларда (қатерлі ісік клеткалары) және қарапайымдыларда кездеседі.
Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Добавил: Akinfeev
Просмотров: 1421 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Последнии комментарии