Сегодня 29.03.2024
Казахстанское время 07:55
Главная » Файлы » Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина

Ядро
29.11.2011, 13:19
Анық ядро тек қана эукариоттарда кездеседі. Прокариоттарда хромосома секілді ядро құрылымдары бар, бірақ олар арнайы компартмент түзбейді. Көпшілік клеткаларда ядроның пішіні шар тәріздес, дегенмен кей кездерде сақина, таяқша, ұршық, бұршақ тәрізділерді де кездестіруге болады. Ядролардың мөлшері 3-тен 25 мкм-ға дейінгі аралықта ауытқиды. Ең ірі ядро жұмыртқа клеткасында болады. Адам жасушаларының көпшілігінде бір-ақ ядро болады, дегенмен екі ядролы клеткалар да кездеседі. Кей жағдайларда екі немесе көп ядролылық полиплоидиямен байланысты (грек. polyploos – көп реттілік, eidos – түр). Полиплоидия дегеніміз клетка ядросының хромосома сандарының көбеюі. Ал, бірнеше бір ядролы клеткалардың бірігіп кетуінен пайда болған көп ядролы құрылымдарды – симпластар деп атайды. Симпластар көлденең-жолақ бұлшық ет талшықтарының құрамында кездеседі.

Эукариоттардың хромосомалары ядроның ішінде орналасып, цитоплазмадан ядро қабықшасы немесе кариотека арқылы бөлінген. Кариотека эндоплазмалық тордың цистерналарының кеңейіп, бір-бірмен қосылуынан туған. Сондықтан да кариотекада екі: сыртқы және ішкі мембрана болады. Екі мембрананың аралығындағы қуысты перинуклеар қуысы деп атайды. Оның ені 20-50 нм және ол эндоплазмалық тордың қуыстарымен байланыста болады. Цитоплазма жағынан ядроның сыртқы мембранасы көбінесе рибосомалармен қапталады (31-сурет).

Кей жерлерде кариотеканың сыртқы және ішкі мембраналары қосылып, сол жерде саңылау пайда болады. Саңылау қуыс болмайды, олардың қуысында белгілі бір ретпен ақуыз молекулалары орналасады да, саңылау кешенін түзеді.

Саңылау кешенінің құрылымы күрделі (32-сурет), ол ақуыз гранулаларының өзара байланысқан екі қатарынан түзілген. Осындай әрбір қатарда ядро қабықшасының екі жағында бір бірінен бірдей қашықтықта орналасқан 8 гранула болады. Бұл гранулалар пішіндері жағынан рибосомалардан ірі келеді. Саңылаудың цитоплазма жағында орналасқан гранулалар саңылауды қоршап тұрған осмофильді материал қызметін атқарады. Тесіктің орталығында кей жағдайда осыған дейін сипатталған гранулалармен байланысқан ірі орталық гранула болады (бәлкім, бұл ядродан цитоплазмаға тасымалданушы бөлшек). Саңылаудың тесігі жұқа диафрагмамен жабылған.

Саңылау кешені арқылы ядродан цитоплазмаға және керісінше молекулалар мен бөлшектердің тасымалдануы жүреді. Саңылаулар ядро бетінің 25% – ын алады. Бір ядроның саңылаулар саны 3000-4000-ға дейін жетеді, ал олардың тығыздығы 1 мкм2 ядро қабықшасына 11-ден келеді. Ядродан цитоплазмаға түрлі РНК тасымалданады. Ал цитоплазмадан ядроға РНК-ның синтезіне, осы синтездердің жылдамдылығын реттеуге қажетті барлық ферменттер, кейбір клеткаларда РНК синтезінің белсенділігін реттейтін гормондар молекулалары тасымалданады.

Кариотеканың ішкі беті көптеген аралық филаменттермен байланысқан (“Цитоқаңқа” бөлімін қараңыз). Олар біріге келе ядро ламинасы деп аталатын жұқа пластинка түзеді (31-сурет). Оған хромосомалар бекінеді. Ядро пластинкасы саңылаулар кешенімен байланысқан және ядроның пішінін сақтауда маңызды роль атқарады. Ол ерекше құрылымды аралық филаменттерден түзілген.

Нуклеоплазма коллоид тәрізді. Ол арқылы түрлі молекулалар тасымалданады. Оның құрамында көпшілік ферменттердің түрлері болады, оған хромосомадан РНК келіп түседі. Тірі жасушаларда ол сырттай гомогенді.

Тірі клеткалардың нуклеоплазмасының (кариоплазма) сырттай көрінісі (ядрошықтан басқасы) гомогенді. Жарық немесе электронды микроскоптан қарау үшін ұлпаларды фиксациялап, өңдегеннен кейін кариоплазмада хроматиннің (chroma грек тілінен ауд. – бояу) екі типі көрінеді. Біріншісі бояуды жақсы сіңіретін, электронды тығыз, мөлшерлері 10-15 нм осмиофильді гранулалардан түзілген – геторохтоматин. Екіншісі жуандығы 5 нм-дей құрылымы фибрилярлы, ашық түсті – эухроматин.

Гетерохроматин ядро қабықшасының ішкі мембранасына жақын орналасады, саңылаулар мен ядрошық маңын бос қалтырып, ядро пластинкасымен байланысады. Эухроматин гетерохроматин жинақтарының арасында орналасады. Хроматин дегеніміз – хромосоманы түзетін ДНҚ, ақуыз, РНҚ заттарының 1 : 1,3 : 2 қатынасы. Хромосоманың негізін молекуласы серппе (спираль) түрінде болатын ДНҚ құрайды. Серппе гистонды және гистонсыз деп бөлінетін ақуыздармен қапталған. ДНҚ-ның ақуыздармен бірігуінен дезоксинуклеопротеидтер (ДНП) түзіледі.
Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Добавил: Akinfeev
Просмотров: 5533 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Последнии комментарии