Сегодня 29.03.2024
Казахстанское время 19:00
Главная » Файлы » Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина

Эпифиз, оның маңызы
29.11.2011, 13:20
Эпифиз немесе пинеальдық без омыртқалы жануарлардың барлық класында кездеседі. Ол тек қолтырауын (крокодил) мен кит тәрізділерде ғана болмайды, бірақ бұл жануарлардың ортаңғы миының үстінде эпифиздік ұлпалар табылған.

Салқын қанды жануарлар эпифизі фоторецепциялық аппарат болса, сүт қоректілерде ол эндокриндік без болып есептеледі. Мысалы, кесірткенің төбелік көз деп аталатын мүшесінде көз бұршағы мен көздің торлы қабығының элементеріне ұқсас құрылымдар табылған. Бұл құрылым жарық өзгерістерін қабылдап, жануардың сыртқы орта жарықтығының өзгерістеріне байланысты реакцияларын туындатып отырады.

Сүт қоректілерде эпифиз ортаңғы мидың төрт төмпешігінің алдыңғы екі төмпешіктерінің арасында орын теуіп, мидың үшінші қарыншасымен арнаулы сабақша арқылы жалғасады. Ол дәнекер ұлпалы қабықпен қапталғаны, көмескі бөлшектерге бөлінген тығыз құрылым. Оның бөлшектері пинеальдық және глиялық торшалардан құралады. Бұл торшалар фоторецепциялық қабілетін жоғалтып, бездік ұлпаға айналған.

Эпифиз серотонин және мелатонин деген биологиялық белсенді заттар бөледі. Безде күңдіз серотониннің, түңде мелатониннің мөлшері көбейіп отырады. Бұл заттар терінің пигменттік торшаларына әсер етеді.

Эпифиз жыныс бездеріне тежеуші ықпал етіп, жыныстық жетілу процесін реттейді. Жастық (ювенильдік) кезеңде без мезгілсіз жыныстық жетілуден сақтайды, организмнің жалпы (физиологаялық) жетілуі мен жыныстық жетілуінің арасыңдағы үйлесімдікті қалыптастырады.
Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Добавил: Akinfeev
Просмотров: 3324 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Последнии комментарии