Сегодня 16.04.2024
Казахстанское время 23:47
Главная » Файлы » Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина

ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
28.11.2011, 22:26
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ 4
1.1 Экологиялық қауіпсіздіктің мәні, қажеттілігі 4
1.2 Нарық жағдайында экологияның экономикалық-құқықтық мазмұны әр түрлі нысандары 10
1.3 Экологиялық қауіпсіздік және оның экономикалық аспектісі 12

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 15
2.1 Қазақстан Респбуликасындағы экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру тетіктері 15
2.2 Экологиялық қауіпсіздік және экономиканың тұрақты дамуы 17

ҚОРЫТЫНДЫ 22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 24

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi мен жағдайлары бүгiнгi таңда маңызды орын алып тұр. Мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiмен бiрге жаңа экологиялық қауiпсiздiк жүйелерiн басқару да бой көтерiп келедi. Дұрыс басқару қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттiк саясатын уағыздап, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану үшін өте қажет. Өкiнiшке орай Қазақстанда көптеген жылдар бойы өндiрiсте табиғи шикiзаттарды өндiргенде, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығару көп мөлшерде болды.
Елiмiзде экологиялық қауiпсiздiктi және тұрақты экономикалық дамуымызды қамтамасыз ету мақсатымен, 2003 жылдың 3 желтоқсанында Президенттiң Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауiпсiздiк концепциясы жарияланды. Бұл концепция қабылдағаннан бастап көптеген маңызды өзгерiстер болып жатыр. Қоршаған ортаны қорғау заңдылықтар негiзi құрылды. Бiрқатар халықаралық келiсiмдерге қол қойылды. Қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесi құрылды. Концепция қоршаған ортаны қорғау мониторингiнiң бiркелкi жүйесiмен iске асыруды ұсынады. Экологиялық қауiпсiздiк ол – халық қауіпсiздiгiнiң маңызды бiр бөлiгi.
Экологиялық қауіпсiздiк бағытында Мемлекеттiк саясаттың мақсаты, ол – табиғи жүйенi қолданудың қорғалуы. Адам өмiрiндегi ең маңызды жағдайларды ескере отырып, табиғатқа зиян тигiзбеу. Өндiрiстi дамытумен қатар ғылыми-техникалық зерттеулердi күшейту. Экологиялық қатердi болғызбау үшін халық шаруашылығын, өндiрiстi байланыстыра отырып, экологиялық-экономикалық талдаудың әдiстерiн пайдаланып, қоршаған ортаға шығарылатын ластағыштар деңгейiн салааралық модель арқылы талдап көрсету қажет-ақ.
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін технологиясы бар мемлекеттің келешегі зор. Қазақстан Президент Н.Ә. Назарбаев 2006 жылғы Жолдауында халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде тоқтала келіп былай деді: «2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экология кодексі қабылдануға тиіс.
Тұтас алғанда, біз 2010 жылы қоғамның тұрлаулы дамуының негізгі экологиялық стандарттарын жасауға тиіспіз»/1.
Экономика және экология проблемаларына, соның ішінде экологиялық қауіпсіздік туралы теориялық ізденістер туралы айтар болсақ, онда отандық ғалым М.С.Тонкопийдің «Экономика и экология» еңбегін атап өтуге тура келеді.

1 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ
1.1 Экологиялық қауіпсіздіктің мәні, қажеттілігі

Әлемде адамзат тіршілігі бар ортаға біздің білуімізше әзірше тек Жер ғана жатады. Табиғатпен оның байлықтары адамдардың өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы әл-қуатын арттырудың негізі болып саналады. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау проблемасы қазіргі заманның маңызды, қажетті мәселелерінің бірі.
Қоршаған ортаны қорғау дегеніміз табиғат пен адамның өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, жер мен оның қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін тағы басқа табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, сауықтыру, сапасын жақсарту, молықтыру. Бұл іс-әрекеттердің бәрі мемлекеттер заңымен, тиісті нормативтік-құқықтық актілермен, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің белсенді араласуымен, мемлекеттік және мемлекетаралық келісімдермен, конвенциялармен реттеліп жүзеге асырылады.
Қазақстанда «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заң 1991 жылы қабылданған. Осы заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты тиімді пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері:
• халықтың денсаулығына, өміріне, еңбегі мен демалысына қолайлы түрде қоршаған табиғи ортаны сақтау мен қалпына келтіру;
• қазіргі және болашақ ұрпақтардың салауатты өмір сүруіне қажетті қоршаған ортаны сақтау үшін әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешіп отыру;
•экологиялық аймақтарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын кеңінен қолданумен қатар, бұзылған табиғи жүйелерді қалпына келтіру;
• табиғи ресурстарды толық тиімді түрде пайдалану және молықтыру;
• қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандыру және табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін ақы төлеуді енгізу;
• биологиялық алуан түрлілікті, ғылыми және мәдени маңызы бар сирек объектілерді, ерекше құнды табиғи аймақтарды сақтауды қамтамасыз ету;
• қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды реттеп, олардың орындалуына мемлекеттік тұрғыдан бақылау орнату;
• табиғатқа нұқсан келтіруге жол бермеу;
• халықтың, қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктер мен жергілікті басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысуы;
• халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге асыру.
Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар, адам басқа тірі организмдерден айырмашылығы, табиғи ортадан өзгеше, өз өмір сүру ортасын жасай алады. Сондықтан болуы ықтимал қатерлер табиғи қатерлердің қатарына жатпауы да мүмкін. Адамдар өздерінің ойлы іс-әрекеттерін пайдалана отырып, өте тез арада антропогендік орта жасап үлгерді. Бұл ортаға тірі организмдер, оның ішінде адамдардың өзі де, толық бірігіп кете алатын емес.
Міне, сондықтан адамның кез келген іс-әрекеті әкелетін пайдасымен бірге кері нәтиже де әкеліп жатыр, мысалы, экологияның бұзылуы, жарақат алу, ауыру, тіпті қазаға ұшырау. Сондықтан қауіпсіздікті, нақты іс-әрекеттен болатын, адамды және өмір сүру ортаны кешенді қорғау шаралары деп түсінуіміз қажет. Іс-әрекеттің түрі күрделенген сайын, кешенді қорғану шаралары қажет болады. Кешенді қорғану шаралары мынаны қамтиды: құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, техникалық, санитарлық- гигиеналық, емдік шаралар.
Адамның іс-әрекетінің қауіпсіздігі – адамның іс-тіршілігі мен қауіп-қатер бір-бірімен кездеспейтін тұйық шеңбер.
Әрине, адамның іс-әрекетінің процесінде қауіп-қатер әр уақытта болғанымен, ылғи да бола бермейді. Ондай қауіп болуы үшін үш жағдай болуы керек: қауіп нақты бар; адам қауіп-қатер аймағында; адамның қолындағы қорғану құралдары жеткіліксіз.
Сонымен, қауіпсіздік – бұл іс-әрекет кезінде қауіп-қатердің болмайтындығы айқын болған жағдай
Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында экологиялық қауіпсіздіктің басымдықтары экологиялық, энергия және ресурс сақтаушы технологиялар негізінде табиғат пайдаланудың стратегиясы мен құрылымына принципті өзгерістер енгізу қажеттігін алға тартады.
Экологиялық қауіпсіздік Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің табиғи-тарихи негізі және құрамдас бөлігі ретінде жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қоршаған ортаға шамадан тыс антропогендік әсердің салдарынан, сондай-ақ дүлей апаттардан өнеркәсіптік авариялар мен күйреулерден қорғалу дәрежесімен айқындалады.
Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы осылардың экологиялық құқығының тетіктері болып саналады.
Экологиялық қауіпсіздік – жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі.
Сондықтан Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің 1) табиғи-тарихи негіздері, 2) принциптері (қағидаттары), 3)стратегиялық мақсаты, 4) басқару жүйесі; 5) экологиялық талаптар және өтпелі кезеңнің басымдылықтары бар.
1. Табиғи-тарихи негіздерге – Қазақстан Республикасының табиғи ерекшеліктері, оның жартысынан астамы шөл және шөлейт аумақтар, табиғатты пайдаланудың ресурстық-шикізаттық жүйесі, халық шаруашылығы кешені өнеркәсіптердің, әскери объектілердің, табиғи техногендік процестердің зиянды әсерлері мен шетін табиғат жүйелері жатады.
2. Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің принциптері Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында Жер планетасының тұтастығы мен табиғатының өзара байланыстылығын мойындай отырып, Рио-де-Жанейро Декларациясының принциптеріне сәйкестендірілген.
Олардың қатарында мыналар бар: адамдардың табиғатпен үйлесімдікте салауатты және жемісті өмір сүру құқығы, мемлекеттің өз табиғи ресурстарын игеру жөніндегі егеменді құқығын іске асыруы және ұлттық юрисдикцияның қолдануы шегінен тыс басқа мемлекеттердің немесе аудандардың қоршаған ортаға келтірілген залалы үшін жауапкершілікті мойындауы; мемлекеттің қоршаған ортаны дамыту мен қорғау жөніндегі құқығын іске асыру қазіргі және болашақ ұрпақтардың қажеттіліктерін әділетті қанағаттандыруды қамтамасыз етуі, мемлекеттің экологиялық тұрғыдан мейлінше шетін ел ретінде Қазақстан саясатында оның қажеттіктері мен мүмкіндіктерін пайдалану және басым түрде еске алуы; жердің экологиялық жүйесін сақтау, қорғау және оның салауатты жай-күйімен тұтастығын қалпына келтіру мақсатындағы ауқымды әріптестік пен ынтымақтастық, өндіру мен тұтынудың тіршілік етуге қабілетсіз үлгілерін азайту және істен шығару әрі тиісті демографиялық саясатты қуаттау негізінде тұрақты даму мен неғұрлым жоғары өмір сүрудің дәрежесіне қол жеткізу; қоршаған ортаны тиімді пайдалануда әйелдердің маңызды ролі және олардың тұрақты дамуға қол жеткізу үшін жан-жақты қатысуының қажеттілігі; барлық мүдделі азаматтардың экологиялық мәселелерді шешуге пәрменді қатысуы үшін жағдайлар туғызу, мемлекеттің қоршаған ортаның сапасы мен оған әсер ететін қауіпті материалдар жөнінде ресми ақпараттың ашық болуын, жұртшылықтың шешімдер қабылдау процестеріне қатысу мүмкінділігін қамтамасыз ету, жұртшылықтың хабарлылығын дамыту және қуаттау.
3. Экологиялық қауіпсіздіктің стратегиялық мақсаты мен міндеті: халықаралық қатынастарда, интеграциялық процестерде экологиялық мәртебенің ерекшеліктерін тиісінше есепке алу;
- қоршаған ортаның жай-күйіне жүргізілетін бірыңғай мониторинггің жүйесін енгізу;
- экологиялық қауіпсіздік пен табиғат тұрақты пайдалану жөніндегі аса маңызды, соның ішінде, іргелі (фундаментальный) проблемалар жөніндегі ғылыми зерттеулердің өзара орнатылуын қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының табиғи орта сапасының жай-күйін бағалауды, оның аумағын экологиялық аудандастыру мен арнаулы картаға түсіру;
- қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды басқаруды реттейтін табиғат қорғау заңының жүйесін жасау, экологиялық бақылау жүйесін жетілдіру;
- табиғат пайдалану жоспарларын қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты пайдаланудың экологиялық бағдарламаларын, жүйелерің әзірлеу;
- экологиялық білім және тәрбие беру жүйесін дамытуды;
- қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдаланудың экономикалық тетігін (механизімін) жасау;
- қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану мен дүлей апаттардан сақтану проблемалары жөнінде халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын әзірлеу.
Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасын іске асырудың негізгі стратегиялық бағыттары – ресурс сақтаушы экологиялық таза технологиялар әзірлеу және енгізу, жұмыс істеп тұрған өндірістік процестерді моделдендіру және жетілдіру жолымен республиканың әлеуметтік-экономикалық және адам тұрмысының дамуын қамтамасыз ету.
1998 жылғы 26 маусымда күшіне енген Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңында «экологиялық қауіпсіздік – жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік және өзге де әсерлер салдарынан туындайтын қауіп-қатерден қорғалуының жай-күйі» деп анықтама берілген/5/.
Сонымен экологиялық қауіпсіздік дегеніміз не? Шамамен экологиялық қауіпсіздіктің 500-ге тарта анықтамасы бар екен. Бірақ кәдімгі қарапайым деңгейдегі түсінікке аударсақ, онда бұл дегеніміз халықтың антропогенді және табиғи факторлардан тұратын теріс мәнді биологиялық жүйеден қорғалуы.
Жалпылама шама ретінде қазіргі таңда экологиялық тәуекелді атап отыр, ол организмнің немесе популяцияның, бір сөзбен айтқанда биологиялық жүйенің күйреуінің ықтималдығы болып табылады. Осы шама қазіргі таңда БҰҰ-ның қарамағындағы ұйымдарда, атап айтсақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында, сондай-ақ Қазақстан Республикасында да ресми шама болып табылады
Қазіргі әлемде экологиялық процестер жаһандық масштабтарға ие бола түсуде. Бұл туралы мамырдың 25-інде Астанада ашылған қоршаған орта және даму жөніндегі Азия-Тынық мұхиты форумының 5-ші отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-Mинистрі Даниал Ахметов айтты. Сондай-ақ, Премьер-Mинистр Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне үлкен көңіл бөліп отырғандығын жеткізді. Атап айтқанда, республикада 2004-2005 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік Тұжырымдамасы құрылған. «Бүгіндері Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады. Біз экологиялық қауіпсіздік проблемалары жөніндегі негізгі келісімдерге қосылдық. Азия-Тынық мұхиты аймағында біздің ел Шанхай ынтымақтастығы ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары секілді ұйымдардың аясында табысты қарым-қатынастар орнатуда», – деді ол/6/.
Қазақстан егемендік алған соң көптеген экологиялық проблемалармен бетпе-бет қалғанын айтты. Көз алдымызда жоғалып бара жатқан Арал мәселелері, ядролық сынақтар шарпыған кең байтақ елді мекендер, мұнай-газ секторындағы және басқа да өндіріс орындарының зиянды қалдықтармен күресу кеңес өкіметінің Қазақстанға мұраға қалдырған еншісінің бірі болды. «Қоршаған орта мен халықтың денсаулығына зиянды мәселелердің басым бөлігі құпия түрде сақталып келген болатын. Дегенмен, бүгінгі күні Арал, Каспий маңы және еліміздегі сынақ алаңдарының зардаптарын ғаламдық проблемаларға жатқызуға толық қақымыз бар», деді экология министрі. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының қолдауымен 2003 жылы қауіпсіздік кеңес отырысында алғаш рет экологиялық қауіпсіздік мәселесі көтеріліп, ол бойынша маңызды шешімдер қабылданды. Сонымен қатар, 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздікті сақтау тұжырымдамасын Елбасы мақұлдады.
«Елің сенің ертегі, жерің сенің ертегі!» деп «Қыз Жібек» жырында Шеге ақын суреттейтін еліміздің сұлу табиғатын сақтап қалу мәселесі енді қандай маңызға ие болатындығын мына жайт жақсы аңғартады: жақында ғана Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі болған Нұрлан Әбділдаұлы Исқақовтың мәлімдеуінше, Қауіпсіздік Кеңесінің күздегі отырысының күн тәртібіне экология мәселесі шығарылмақ. Таяуда елді елең еткізерлік тағы бір жаңалық естідік: «Биыл біз тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш «экологиялық атласын» жасауды аяқтап оны басып шығарды. Бұған дейін мемлекет сонау 1983 жылғы мәліметтерге құрылған Қазақ ССР-нің атласын пайдаланып келген болатын». Осылайша, жыл соңында әр қазақстандық көсілген кең-байтақ қазақ даласының өзі тұратын атырабында экологиялық ахуал дәл қазір қандай деңгейде екендігін, сондай-ақ Қазақстанның қай аймақтары тіршілік етуге мейлінше қолайлы болатындығын нақты біле алады.
Нұрлан Исқақов бұдан былай экологиялық талаптар жоғарылайтынын нықтайды. Мысалға, егер өзен-көл тазаланатын болса, түпкі нәтиже – сондағы су сапасын «таза ауыз су» дәрежесіне жеткізу болмақ. «Біз өзендерді таза ауыз су сапасына дейін тазартуға тиіспіз, – дейді қоршаған ортаны қорғау министрі. – Мысалға, қазір Нұра өзенін улы сынаптан арылту жобасы даярлануда, соған қатысқан жапондық делегация озық дамыған Еуропа елдерінде дәл осы мақсатты көрсеткіш нысанға алынатынын мәлім етті. Ол нақты айқындалған, осыған біз ұмтылатын боламыз, осыны біз инвестициялық қаржымен қамтимыз». Әйткенмен, Қазақ жерінің табиғатын бір демде жаппай түлетіп жіберуге ел қазынасының қауқары әзірге жетпесі анық. Оған, тіпті дәулетті елдер де батылы жетіп, бара алмауда. Сондықтан Қазақстан Германияның тәжірибесін әжетке жаратпақ. – Германияда «таза зоналар» әдісі қолданылады, – деп баяндайды Нұрлан Әбділдаұлы. – Мысалға, Рейн кезінде әлемдегі ең лас өзендердің бірі болғанын білесіздер, қазір ол әлемдегі ең таза өзенге айналды/7/. Немістер алдымен өзеннің флора және фаунаның тіршілік кешуі үшін қолайлы, ең таза бөліктерін таңдап алған және сол тұстардан тазалықты ақырын-ақырын өзеннің бүкіл бойына жайған. Қазір біздің осы бағытта жоспарлаған қадамдарымыз бар.
«Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі кезеңдегі даму жағдайында экономикалық қауіпсіздікпен қатар экологиялық қауіпсіздікті сақтаудың маңызы ерекше. Егер экологиялық қауіпсіздік тұрғысынан қарасақ, Қазақстанның дамуында төмендегідей экономикалық өзгешеліктер және әлеуметтік ерекшеліктерді бөліп көрсетуге болады:
- табиғи ресурстарды біржақты пайдалана отырып, шикізаттарды есепсіз, орасан зор көлемде шығару және сату, тұрмыстық және өндіріс қалдықтарын өңдеу жүйесінің жоқтығына қарамастан, ауылшаруашылығына пайдаланатын жерлердің тозғанын айналымнан шығарып тастап, тек қана жаңа жерлерді игеру арқылы экономиканы экстенсивті өркендету;
- экологиялық жүйеге үнемі кері әсер ететін табиғи өндіріс орындарын пайдалануға басымдық беру арқылы халық шаруашылығының құрылымын өзгерістерге ұшырату;
- экономиканы милитаризациялау;
- техникалық жүйенің осалдығы және экологиялық қауіп-қатері жоғары кәсіпорындардағы кадрлар мамандығының жетімсіздігі;
- өндіріс орындарында технологиялық процестерде қолданылатын табиғат қорғау жабдықтарының ескіруі және тиімсіздігі;
- қала халқының өсуі, табиғи ресурстарды пайдалану есебінен экономиканың мемлекеттік және жекеменшік секторларында тауарларға және қызметке сұраныстың өсуі;
- стихиялық және антропогендік апаттар, апатты жағдайлар және түрлі бақытсыздықтар»/8/.
Адамның бірінші байлығы – денсаулық. Демек, қоршаған ортаның экологиялық дағдарысқа ұшырауы адам денсаулығына орасан зиян келтіретіні анық. Қазақстан аумағында жүргізілген зерттеулер көрсеткеніндей, біздің азаматтардың денсаулығына кері әсер ететін ең зиянды факторлардың арасынан ерекше алаңдататыны экологиялық фактор (42,1 пайыз) болып отыр.
Адамзаттың, әсіресе, планетаның биосфера региондарындағы экологиялық жағдайы қиын мемлекет халықтарының (оның ішінде Қазақстан да бар) экологиялық қауіпсіздігіне төнген жалпы қауіп-қатерін ғаламдандыру, сондай-ақ соғыс қауіпсіздігі қатерін бәсеңдетуді ескере отырып, реформалардың экономикалық мүдде пирамидасын және иерархиялық әлеуметтік басымдыктарын пайдалы қазбалар игерудің ақылға қонымды, табиғи-тарихи және экологиялық негіздерді сактай отырып, тиімді бағыттарын талдап жасау керек. Еліміздің мемлекеттік институттары мен субъектілері және объектілерінің қандай экологиялық жағдайда екендігін есепке алу қажет.
Қауіпсіздікті өлшеудің негізгі критерийлеріне қауіпті алдын-ала сезу, оның қазір және келешекке келтіретін әлеуметтік және табиғи зияндарын анықтау мүмкіндігі және алдын алу шаралары жатады.
Қауіпсіздіктің объектілері мен субъектілерін анықтауда тек әлеуметтік саламен шектеліп, адам мен табиғатты екіге бөліп қарастыруға болмайды, ол табиғаттың, қоғам мен адамның жүйеленген бірлігін бұзады.
Экологиялық қауіпсіздік Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігі жүйесінің құрамдас бөлігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық қауіпсіздік жүйесіне қатысуының маңызды мәселесі болып табылады. Қоршаған ортаның сапасының төмендеуі, ірі техногенді апаттардың салдары, климат пен табиғи ортаның ғаламдық өзгеріске ұшырауы Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығының төмендеуіне, экономикалық шығындарға және табиғаттың құруына әкеліп соғады. Экологиялық қауіп еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жан-жақты кедергі жасап отыр.

1.2 Нарық жағдайында экологияның экономикалық-құқықтық мазмұны әр түрлі нысандары

Қозғалыс табиғатты қорғау жөнінен әлемдік ауқымда қаралатын, кейінге қалдыруға болмайтын және жоғары имандылықты талап ететін мәселе болып табылады. Адам мен табиғаттың қарым — қатынасы экологиялық-экономикалық қатынас ретінде қарала бастады.
Біздің республикамыздың территориясы көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орынға ие. Менделеев таблицасындағы 105 элементтің Қазақстан қойнауынан 99-ы табылды, 70-інің қоры зерттелді, өндірісте 60-тан пайдаланылуда.
Қазақстанда отын өндірісі: көмір өндіру, мұнай және газ өндіру, түрлі — түсті металлургия; мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және титан – магний өндірісі, қара металлургия: сапалы қара металлургия өндірісі дамыған. Осы өндірістер суды, ауаны, жерді, жер қойнауын бүлдіріп қана қоймай, барлық тіршілік дүниесіне әсерін тигізеді.
Климатологтардың пікірі бойынша, республика территориясында климаттық антропогендік өзгерістері бар екендігі дәлелденген. Өлім деңгейі бұрынғы КСРО елдерімен салыстырғанда екі есе көп, ал балалар өлімі жағынан әлемде ең арттағылардың қатарында.
Экология ең негізгі саяси проблемаларға айналды. Қазақстан экологиялық жағдайының мұншама қайғылы болуының ең басты себептерінің бірі өнеркәсіп орындары мен ведомстволарға табиғатты қорғау қазіргі кезде экономикалық жағынан тиімді болып отырғанында. Экономикалық реформа ғана бұл жағдайды түпкілікті өзгерте алады. Барлық табиғи байлықтардың құны мен қожайыны болуы керек. Табиғатты пайдаланудағы бейбастықты тек қана экономикалық жағынан мүдделі субъект тоқтата алады.
Табиғаттың жалпы күйзеліске ұшырауына кінәлілердің бірі ғылыми-техникалық прогресс.
Ертеңгі күннің технологиясы қандай болуы қажет? Экологиялық тұрғыдан қарағанда, табиғатты пайдалану технологиясын табиғатпен бірлесе қызмет технологиясына көшу бағыты дұрыс деп есептеледі.
Әлемнің ірі-ірі қалаларында ауаны ластаудың 2/3 бөлігі автомобиль транспортының үлесіне тиеді. Табиғатты бүлдіруге ат салысып жүрген негізгі он бүлдірушінің ішінде, БҰҰ-ның таблицасы бойынша, автомобильден бөлінетін көміртегі екінші орында жүр.
Егеменді ел болдық деп бөркімізді аспанға атып жүрміз. Бірақ табиғатымыз күн санап азып барады. Бұрын бұған орталықты кінәләдік, ал бүгінгі таңдағы туған жерге табиғатқа деген немқұрайдылыққа ертең кімді кінәлар екенбіз? Қазір өзіміз би, өзіміз қожа емеспіз бе? Ел аман жұрт тынышта «жау шапты, от қашты» деуімнің ең басты себебі экономика көлеңкесінде қалып отырған экология мәселесі. Бұл сөзімнің айғағына күнделікті баспасөз беттерінде кездестіріп жүргеннен байлықтары, мұнай өндірісі сияқты табиғатқа пайдасы мен зияны бірдей кен ошақтары туралы мәліметтердің біржақтылығын айтар едім. Мысалы соңғы кездері өндіріс ошақтарын жекешелендіру жөніндегі табыстан бас айналып, көз қарауытардай тапқанымызбен тарих алдындағы жауапкершілігімізді де ұмытпағанымыз жөн болар. Қазақстанда табиғатты пайдалану экономиканы пайдалану экономиканың жүйесі анықталып келеді, нарықтың өзара қатынастық құқықтық базасы жасалды. Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық механизмін экономикалық мәселелерге жеке бөліммен бөліп береді.
Мұнда қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері белгіленген: жоспарлау мен қаржыландыру; табиғи қалаларды пайдаланған үшін төлем ақы; қорды қоршаған ортаны ластандырудың төлемақысы; қоршаған ортаны қорғау қорын жасау. 1998 жылғы бюджеттің табысты бөлігі табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін салықтан түсті -16 млрд. астам теңге. Бұл бюджеттің табысты бөлігінің 8,2% көлемінде. Негізінен бұл қазба байлықтың төлем ақысы.
Жергілікті бюджет табысына орман; су, жер ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлемақы түседі.
Төлемақы көлемі олардың экономикалық бағалануына көбінесе сәйкес келе бермейді. Олар негізінен шартты түрде төленеді, табиғи ресурстарды қалпына келтіруге кететін шығыннан төмен.
Табиғатты пайдаланудан түсетін төлемақы оны қорғауға кететін шығынды өтеуі тиіс.
Қазіргі негізгі принцип мынадай – ластандырушы төлейді. Ластандыру үшін төленетін төлемақының көлемін ұлғайту үшін құқықтық негіз жасап, төлемақы мөлшері деңгейін соған сәйкес анықтаудың әдістемелігін өзгерту қажет. Сонымен қатар экологиялық заңды өтеудің міндетті сақтандыру шараларын енгізу қажет.
Қоршаған ортаның ұлттық стратегиясын енгізу үшін инвестиция қажет. Алайда өтпелі экономиканың жағдайында инвестицияға кезігетін елеулі кедергілер бар.
Біріншіден, капитал рыногының шектелген дамуының. Мемлекеттік бюджет пен экономиканы басқарудың орталықтанған жүйесі барлық инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі ретінде капитал рыногымен әлі толық алмасқан жоқ. Оның зайымдар, бонустар беретін басқа да финанстық құралдары жеткіліксіз. Соған қарамастан жергілікті банк жүйесі баршылық, олар өте жоғары проценттік мөлшерде займдар береді. Көпшілігінде мұндай экологиялық инвестициялардың ғұмыры қысқа. Ластандыру төлемақысының жүйесі өте төмен белгіленген, әрі өте нашар орындалады. Оларды ынталандыратын күш әлсіз бюджеттік мәжбүрлікпен төмендейді, сөйтіп кәсіпорындарға бағалауды бюджетке өткізуді мүмкіндік береді. Экологиялық қорларды құрудың басты себебі олар кездескен қиыншылықтарға қарамастан инвестицияларды қолайлы деңгейге дейін арттыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар қорлар экологиялық стандарттар мен нормаларды енгізуді жеңілдетуі, таза әрі қорларды үнемдейтін технологияның да шығуына ықпал етеді.
Елбасы жолдауында 2030 жылы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналуы тиіс. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйлеріміз бен бақтарымызға енбейтін болады деп жазылған. Бұл елбасы жолдауы – болашақ бағдарламасы деген сөз. Экология ел амандығы десек ең алдымен табиғатты сауықтыруымыз керек.
Қазақстандағы табиғат қорғау инвестициясының негізгі бөлігі ішкі ресурстардан түседі, алайда қаржыландыру деңгейі темен.
Үкімет табиғат қорғау қорының қызмет аясын, құқығын кеңейтіп, сол арқылы экологиялық төлемақыны өндіру мен жұмсауды бақылау құқығы бар дербес статус беріп отыр. Дербес заңды тұлға ретінде Республикалық экологиялық қор құрылды. Оның қаржысы экология және табиғи қорлар стратегиясын туындайтын экологиялық жобаларды қаржыландыруға жұмсалады.
Қорларды құру республикада табиғатта қорғаудың экологиялық механизмін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік жасайды.
Табиғат қорғаудың басымдық шараларын іске асыру үшін халықаралық ұйымдар тарапынан Қазақстанға сыртқы қажет.
Қазақстан конституциясында және «Қазақстан – 2030» стратегиясында біздің азаматтарымыздың қолайлы қоршаған ортада салауатты өмір сүруіне, дер кезінде нарықты экологиялық ақпарат алып отыруына құқық берілген.

1.3 Экологиялық қауіпсіздік және оның экономикалық аспектісі

Адамзаттың алға жылжуы табиғат пен қоғам арасында жүретін «зат алмасусыз» мүмкін емес. Алайда бұл алмасу қоршаған ортаға зиян келтірмеуі тиіс. Өкінішке орай, адамда «бәрін бағындырам» деген қиял пайда болады. Ғасырлар бойы адамдар жасаған өндіріс құралдары қазір дамудың жоғары деңгейіне жетті. Енді сол жетістік адам денсаулығына жер бетіндегі тіршілік дүниесіне зиян келтіруде. Оның бір себебі әлі күнге дейін материалдық өндірісте объективті баға үшін жеткіліксіз екі өлшемді әлеуметтік, экономикалық әдіс қолданылды. Мұның орнына көрсетқіштер мен факторлардың үш өлшемді әлеуметтік, экономикалық, экологиялық жүйесіне көшу қажеттігі әлдеқашан дәлелденген. Бірақ экономистер мен экологтар арасында экологиялық проблемаға деген ортақ түсінік жоқ. Бір ғана әрекеттің нәтижелерін бағалау кезінде қарама-қайшы, бірін-бірі жоққа шығаратын пікірлер көп. Көбінесе техникалық-экономикалық көрсеткіштерді талдау мен талқылау әдетке айналған. Ал бағдарламаның немесе жобаның экологияға қатысты жағына көңіл бөлінбей қалады. Бүгінде біздің де еліміздегі экологиялық жағдай осындай іс-әрекеттерге байланысты нашарлап кетті. Экологиялық сауатсыздық, табиғатта жүріп жатқан заңдықтарды білмеу және оларды ескермеу, табиғат ресурстарына деген бейқам көзқарас қоршаған ортаның қазіргі қиын халінің негізгі себептері. Біздің елімізде қоршаған ортаны сақтау мен оны пайдаланудың экономикалық әсері осы уақытқа дейін болмады. Экономикалық механизмнің жаңа структурасы өзіне табиғат ресурстарын қарастырып, материалдық техникалық жабдықтауды және сонымен бірге, жаңа экономикалық стимулдарды, яғни, экологиялық фондтар экологиялық сақтандырулар кіргізеді.
Ғалымдардың айтуы бойынша жаңа экономикалық механизмнің негізгі ерекшелігі – қоршаған ортаны қорғауды өндірістік коммерциялық дамудың негізгі бөлігі ретінде санау, өйткені жұмысшы немесе өндіруші өзінің өндіретін өнімімен бірге қоршаған ортаны қорғауға да үлкен көңіл аударуы керек.
Экономика мен экологияның қарама-қайшылығы – қоршаған табиғи ортаны қорғаудың негізгі мәселелерінің бірі. Осы уақытқа дейін бұл мәселелерде әкімшілік-құқықтық әдістермен әсер ету тыйым салу, шектеулер қылмыстық және әкімшілік жаза шараларын қолдану арқылы шешуге тырысқан. Егер әкімшілік-құқықтық әдісі билік және бағыну қатынастарынан туындаса, онда экономикалық механизм атқарушының нақты мақсатқа жетудің материалдық қызығушылығына негізделеді. Экономикалық механизмнің құрамына тұрақты әрекет институттармен қатар нарық қатынастарына көшу қатынастары негізінде туындаған жаңа институттар кіреді.
«Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңда қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық механизміне арналған тарау бар/9/. Бұл тарауда қоршаған ортаны қорғаудың барлық экономикалық әдістері көрсетілген.
1. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау мен қаржыландыру.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар болжамдық және бағдарламалық-нысаналы құжаттар мен материалдарда ескеріледі. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын индикативті жоспарлаудың жобаларында, табиғат пайдаланудың әртүрлі бағыттары жөніндегі ұлттық бағдарламалар мен тұжырымдамаларға енгізілді. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық бағдарламалар мен шараларды қаржыландыру: республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер; қоршаған ортаны қорғау қорларының қаражаты; экологиялық сақтандыру қаражаты, табиғат пайдаланушылардың өз қаражаты; заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналары мен қайырымдықтары есебінен жүргізіледі.
2. Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін ақы төлеу.
Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төленетін ақы табиғатты пайдаланудың жекелеген түрлері үшін көзделген жалпы мемлекеттік салықтар, жергілікті салықтар мен алымдар, арнаулы төлемдер мен салықтар табиғат пайдаланушылардан алынады.
3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін ақы төлеу. Қоршаған ортаның ластанғаны үшін төленетін ақы ластайтын заттарды шығарғаны және тастағаны, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін ұйымдар мен азаматтардан алынады. Қоршаған ортаны ластанғаны үшін төлемдердің ставкаларын қоршаған ор¬таны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган мен келісе отырып, облыстардың әкімдері бекітеді.
4. Табиғи ресурстарды қорғау және толықтыру үшін ақы төлеу. Табиғи ресурстарды қорғау мен толықтыру үшін ақы табиғат пайдаланушылардан аталған қызметті жүзеге асыруға жұмсалған бюджеттік шығыстардың орнын толтыру өтемі ретінде алынады.
5. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру қоршаған ортаны қорғауды тиімді жүзеге асыратын заңды тұлғаларға – табиғат пайдаланушыларға субсидиялар берудің экологиялық жағынан бағдарланған саясаты мен ынталандыратын сипаттағы өзге де шаралар арқылы жүзеге асырылады.
6. Экологиялық сақтандыру. Экологиялық сақтандыру қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланбаудың салдарынан белгілі бір сақтандыру оқиғалары болған жағдайда сақтанушылар өздеріне сақтандырушылар төлейтін сақтандыру төлемдерінен құрылатын ақша қорлары есебінен, сондай-ақ заңмен тыйым салынбаған өзге де көздерден сақтандыру өтемдерін төлеу арқылы заңды тұлғалар мен азаматтарды (сақтандырылған) мүліктік жағынан қорғау жөніндегі қатынас болып табылады. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық жағынан қауіпті түрлерімен айналысатын заңды тұлғалар мен азаматтар міндетті түрде экологиялық сақтандырылуға тиіс. Міндетті сақтандыру шарты сақтандырудың осы түріне лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкін. Ерікті экологиялық сақтандыру заңды тұлғалар мен азаматтардың өз еркін білдіруі бойынша жүзеге асырылады. Ерікті экологиялық сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі сақтанушылардың арасындағы келісімдермен белгіленеді.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Қазақстан Респбуликасындағы экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру тетіктері

Экологиялық қауіпсіздіктің критерийлерін әзірлеу және экологиялық қауіпсіз технологияларын жаппай енгізумен қатар үкіметаралық ұйымдардың бірлескен отырыстарында жақын арада және ұзақ мерзімге атқарылатын іс-шаралардың кешенді жүйесін әзірлеу қажеттігі туындап отыр.
Бейімделудің әмбебаптығы экологиялық қауіптілігі жоғары өнеркәсіп салаларындағы мақсатты ынтымақтасу бағдарламаларын ұзақмерзімді жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Әлемдік қауымдастық алдында ластануды анықтау тәсілдерінің біртектілілігін, газ және суды тазалаудың тиімділігі жоғары жабдықтарын әзірлеуде және бақылау мен өлшеу құрылғыларын әзірлеуде, экология-экономикалық фундаментальды ғылыми зерттеулер жүргізуде ғаламат жұмыстар күтіп тұр.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Вена конгресінің қорытынды құжатында атмосферада, су мен топырақта экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру және сақтау, күкірт, азот тотықтарын немесе олардың трансшекаралық ағындарын 30%-ға уақтылы және тиімді азайту атап көрсетілген. ЕЭК мүшелері мемлекеттері қоршаған ортаны қорғау және ресурстарды тиімді пайдаланудың аймақтық стратегиясының маңыздылығы туралы баса айтылған.
Қазіргі кезең адамының ерекше биосфералық қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық дағдарыстан шығу жолындағы тынымсыз ізденістер тұрақты даму концепциясына алып келді. Тұрақты дамудың анықтамасы бойынша экология мен экономика әріптес болуы тиіс.
Тұрақты даму – бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз даму.
Биологиялық алуантүрлілікті сақтау концепциясына сәйкес биологиялық алуан түрлілікті қорғаудың Ұлттық Баяндамасы қабылданған. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету құралдарымен байланысты мәселелерге мыналар жатады:
- қаржы ресурстары және оларды пайдалану механизмі;
- экологиялық қауіпсіз технологияларды қолдану;
- тұрақты дамуды ғылыми және ақпараттық қамтамасыз ету.
Бұл мәселелердің біздің Республикамыздың тұрақты дамуын қамтамасыз етуде маңызы ерекше.
Адамзат дамуының жаңа формуласы: жақсы экология — бұл жақсы экономика, ал жақсы экономика — бұл жақсы экологияны қамтамасыз ету мүмкіндігі болып шығады. Бірақ, бәрібір қоғамды тұрақты дамытудың лайықтысы адам болып қала береді. Сонымен тұрақты дамудың бірыңғай құрамдас үш моделі: экологиялық дамудың баланс жасалған жетістіктері, экономикалық өсу және демографияны қоса алғандағы әлеуметтік даму болып есептеледі.
Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты – табиғатқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету.
Экологиялық жауапкершілік адамның мына қасиеттерімен байланысты: өз іс-әрекетін бақылау, табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетінің жақын кезеңдегі және болашақтағы нәтижелерін болжай білу, өзіне және басқаларға сын көзбен қарай білу, т.б.
Қызметі табиғи ортаға және адамның денсаулығына зиянды әсер етумен байланысты адамдардың барлығының қажетті деңгейде экологиялық дайындығы міндетті түрде болуы керек.
Экологиялық білім беру – әртүрлі деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгеру.
Білім беру жүйесін экологизациялау – экологиялық ойлардың, ұғымдар, принциптер мен көзқарастардың басқа пәндерге енгізу және экологиялық білімді әртүрлі салалардың мамандарын дайындау.
Экологиялық қарым-қатынастарды құқықтық реттеу тұжырымдалып, дәлелденген заңдарды қабылдаудан басталады.
Құқықтық мемлекеттегі адамдардың арасындағы қарым-қатынастар жалпыға бірдей міндетті құқық нормалары болып табылатын заңдардың көмегімен реттеледі.
Судың сарқылуы мәселесін шешу үшін төмендегі іс-шараларды жүзеге асыру қажет:
1) суды тиімді пайдалану технологияларын қолдану
2) өндірісте суды бірнеше рет қайталап пайдалану (тұйық цикл)
3) ауыз су мақсатында берілген суды өндірістік процестерде пайдаланбау. Бұл, әсіресе, жоғары сапалы жерасты суларына қатысты.
4) ауыз суды тамаққа, тұрмыстық мақсатта пайдаланатын судан бөлек құбырмен беру. Суды мөлшерлі түрде беру және оның ысырап болмауына жол бермеу
5) суға экономикалық тұрғыдан негізделген баға қою. Нақты бағалау нәтижесінде судың ысырап болуын біршама төмендетуге болады.
Күн – энергияның іс жүзінде сарқылмайтын көзі. Оны тікелей немесе жанама, яғни фотосинтездің өнімдері, судың айналымы, ауа массаларының қозғалысы және т.б. арқылы пайдалануға болады.
Көбінесе Күн энергиясын жинау әр түрлі коллекторлардың көмегімен жүргізіледі. Күн энергиясын электр энергиясына айналдыру фотоэлементтердің көмегімен жүзеге асырылады. Күн радиациясына бай елдерде шаруашылықтың жекеленген салаларын толық күн энергиясымен электрификациялау жобалары жасалған. Күн энергиясын фотосинтез немесе биомасса арқылы алуға болады. Фотосинтез энергиясын алудың ең қарапайым жолы-органикалық затты жағу.
Ертеден келе жатқан энергия көзі ретінде желдің ролі ерекше. Жүздеген жылдардан бері жел механикалық энергия көзі ретінде қолданып келді. Бірақ, оны электр энергиясын алуда пайдалану тек соңғы жылдарда ғана қызығушылық туғыза бастады. Жел энергиясын пайдалану жұмыстары Канада, Нидерланды, Дания, Швеция, Германия және т.б. елдерде жүргізілуде.
Теңіз, мұхит, термалдық сулардың энергетикалық ресурстарын пайдалану. Теңіздер мен мұхиттардың су массалары энергетикалық ресурстарға бай. Оларға судың толысуы мен қайтуы, теңіз ағыстарының энергиясы, сонымен қатар, әр түрлі тереңдіктер температураларының градиенті жатады.
Мұхит суларынан энергия өндіру үшін әртүрлі тереңдіктегі сулардың температура градиентін пайдалануға болады.
Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Добавил: Akinfeev
Просмотров: 11296 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 3.7/3
Всего комментариев: 2

Воскресенье

Автор:


Вторник

Автор:

Сообщение #1. [Материал]
Maks


Как скачать? Мне нужна "литература"


Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Последнии комментарии