Сегодня 24.04.2024
Казахстанское время 16:11
Главная » Файлы » Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина

Ас адамның арқауы
30.11.2011, 13:54
Күллі әлемді, тіпті күллі ғаламды бір – бірімен тығыз байланыста етіп жаратқан Алла тағала бізді де сыртқы ортамызбен тығыз байланысты етіп жаратты. Адам кейде табиғаттың ажырамас бір бөлігі ретінде қарастырылады.Бізді өте әлсіз, осал етіп жаратқан Алла тағала бізді өте көп нәрсеге байланысты, тәуелді етіп қойды. Сол көп тәуелділіктердің бірі асқа тәуелділік. Тамақтану – біздің биологиялық қажеттілігіміз. Тамақтану арқылы біз ең алдымен тіршілігімізді жалғастыру үшін қажетті энергия аламыз, ағзамызға қажетті құрылыс материалдар аламыз.

Ас аданың арқауы – деп атамыз қазақ дөп басып айтқан сияқты. Ас адамның арқауы, өмірінің жалғастырушысы, ал кейде өмірін тоқтатушы ажал көзі. Дұрыс тамақтанудың маңызы, оның денсаулыққа әсері бізге көптен белгілі. Әр түрлі ауруларды емдегенде тағамның шипалы әсерлерін пайдалану жөніндегі мағлұматтар көне заманнан бері белгілі. Жалпы бұл саладағы тәжірибе дами келе тағаммен емдеу – диетология (емдәмтану) жеке ғылым ретінде пайда болды.

Диетология (грек diata- өмір сүру салты, тамақтану тәртібі+ logos- ілім) – дені сау және әр түрлі ауруға шалдыққан адамның тиімді тамақтануы туралы ілім; дұрыс тамақтандырудың ғылыми негіздерін зерттеу және оны ұйымдастыру әдістерімен шұғылданады. Диетологияның ғылым ретінде пайда болуын көне заманнан бері Гипократ есімімен байланыстырады.

Адам денсаулығына әсер ететін әлеуметтік факторлардың ішінде 50℅ тамақтануға, 20℅ қоршаған ортаның әсерлеріне, 20℅ тұқым қуалайтын қасиеттерге, тек 10℅ ғана денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына байланысты. Егер адам денсаулығына әсер ететін бүкіл факторлардың жиынтығын алсақ соның 35℅ тамақтанудың үлесіне тиеді.

Тамақтану, яғни тағамдық қорек алу – тіршіліктің негізі болып саналатын организмдегі зат алмасудың дұрыс жүруіне, организнің гомеостаз деп аталатын өзіндік ішкі тұрақтылығының қалыпты сақталуына , сонымен қатар қоршаған ортамен үйлесімді әрекеттесуіне әсер ететін ең негізгі фактор.

Денсаулық дегеніміздің өзі организнің сыртқы орта факторларының әр деңгейлі әсеріне сәйкес жауап қайтаруы арқылы сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына тез бейімлеліп, жағымсыз факторларға қарсы тұра алу қабілеттілігі, күші. Жағдайға сай тамақтанбау көптеген ауруға шалдықтыратын басты себептердің бірі болып саналады. ДДҰ мәліметіне қарағанда, 65 жасқа дейінгі өлім- жітімнің ½-і дұрыс тамақтанбаудан туындаған аурулармен байланысты.

Соңғы жылдары өмір сүру салтының өзгеруіне байланысты ел арасында жұқпалы емес алиментарлық аурулар ( жүрек-қантамыр аурулары, диабет, семіздік, анемия, зоб, ісіктің кейбір түрлері, т.б.) саны көбейіп кетті.

АҚШ- та тамақтану тәртібі мен өмір сүру салтын өзгерту арқылы жүрек-қантамыр ауруларының жиілігі 2/3-ге дейін азайтылған.

Ұзақ өмір сүру үшін, сондай-ақ жас ұрпақтың дұрыс дамып, өсуі үшін тиімді тамақтанудың және азық түлікті зиянды контаминанттардан қорғаудың маңызы ерекше.

Дені сау және ауырған адамдарды дұрыс тамақтандырудың ғылыми негіздерін нутрициология (nutrition- қорек ) ғылымы зерттейді. Нутрициологияның жетістіктері басқа ғылымдардың дамуымен тығыз байланысты.

Тиімді тамақтану дегеніміз- тамақ ішу режимін бұзбай, күнделікті рациондағы негізгі қоректік заттар мен биобелсенді заттардың организмге қажетті үйлесімдігін сақтай отырып, энергия кірісі мен шығынының тепе- теңдігін сақтау.

Тиімді тамақтану арқылы адам организміне өте қажетті пластикалық энергетикалық заттар тағаммен бірге түсіп отырады. Организмге қажетті нутриенттердің мөлшері адамның өмір сүру ортасындағы жағдайларға адамның жасына, жынысына, атқаратын жұмысына, ұлттық этникалық ерекшелігіне байланысты анықталады. Біршама дені сау орта жастағы, аса ауыр еңбекпен айналыспайтын адамға тәулігіне 2800-3000 ккал энергия қажет. Энергия көзі – негізгі қоректік заттар. Оларға нәруыздар, майлар, көмірсулар жатады. Осы қоректік заттардың ең оңтайлы өзара қатынасы 1:1,1:3,5-4 болып есептеледі. Көрсетілген ара қатынас сақталған жағдайда адамның тамақтануы үйлесімді деп саналады. Организм күнделікті қажет энергияны 12-15℅ белоктадың, 30-35℅ майлардың, және 53-56℅ көмірсулардың алмасуынан алуы керек. Тиімді тамақтану үшін организм өзі өндіре алмайтын, яғни алмастырылмайтын тағами факторларды (кейбір амин қышқылдары, полиқанықпаған май қышқылдары, кейбір витаминдер, микро- және макроэлементтер, липотроптық заттар, тағами талшықтар) өзара үйлесімді мөлшерде күнделікті тамақпен міндетті түрде алып отыруы қажет. Жоғарыда аталған заттармен организмді толық қамтамасыз ету үшін рационға әр-түрлі тағамдық өнімдер енгізілуі керек. Мысалы, жануар өнімдерінде болатын кейбір амин қышқылдары өсімдікте болмауы мүмкін. Сондықтан нәруыз көзі ретінде жануар өнімдері мен өсімдік өнімдерінің нәруыздары 55:45℅ немесе тепе-тең (50:50℅) арақатынаста боғаны дұрыс, ал жануар майлары мен өсімдік майларының арақатынасы 2:1 болуы керек. Көмірсуларды көбінесе полисахаридтер түрінде қабылдаған жөн.

Жоғарыда біз тағамды тек тәндік қажеттілік ретінде қарастырдық. Алайда бұл дұрыс емес. Өйткені адамның тәні мен жаны қосылып толық, бүтін бір тұлғаны құрайды. Әрине бұндай тікелей байланыстағы тән мен жан бір-біріне ықпал етпей бір-бірінен тәуелсіз өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан диетология ғылымын одан әрі кеңейтіп, дамытып оның рухани тұстарын да қарастыруымыз өте қажет. Мүмкін келешекте диетологтарымыз диетологияны екі үлкен тармаққа бөліп қарастырып жататын да болар. Оны уақыт көрсетіп жатар…

Егер адамның рухы таза, сау болса, ондай адам таза жүріп, дұрыс, таза тамақтануға тырысады. Бұл адамның жанының да, тәнінің де дұрыс жұмыс істеуіне себеп болады.Дені сау тән рухты одан да жоғары шыңдарға көтере түседі. Немесе керісінше – дәл осы байланыс кері мағынада да болуы мүмкін. Бұл ойдың артынан еріксіз атамыз қазақтың «тәні саудың жаны сау» деген сөзі еске түседі.

Хақ дініміз бұл мәселені де ескеріп, барлығына өз шешімін тауып қойған. Құдыреті шексіз Алла тағала бізге не керек, не керек емес, не пайдалы және не зиянды екендігін ең жақсы білуші, және бізге өзінің кітабы құран керімде және сүйікті құлы және елшісі Мұхаммед (С.А.С.) арқылы біздерге білдіріп, ескерткен.Дініміз бізге зиянды заттарды жеуге тыйым салып, пайдасы көбірек заттарды қолдануға үгіттейді.

Құранда келесі аят жеуге тыйым жеуге тыйым салынған тағамға байланысты: «Шынайы түрде сендерге өлексені ( арам өлген малды), қанды, доңыз етін, және алладан басқаның атымен бауыздалғанды арам қылды.Сонда кім мәжбүрленсе, қарсылық қылмаса, шектен шықпаса оған күнә жоқ. Күдіксіз Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді». (Бақара сүресі 173 – аят)(

«Айт! Маған уахи етілгенде, жейтін кісіге жеуге арам болған нәрсені таппадым. Бірақ жемтік, немесе ағызылған қан, негізінен арам доңыз еті, немесе күнәлі болып, Алладан басқаның атымен бауыздалған мал арам». ( Анғам сүресі, 145 – аят)

Исламда тамақтан өткен барлық нәрсені рыздық деп атайды. Рыздықтың жеуге рұқсат етілген (халал) және тыйым салынғаны (харам) болады. Жеу харам етілген тағамның өзі деген үлкен екі топқа бөлінеді:
Доңыз еті туралы

Доңыз – лас мал.Бұл аяттарда доңыз еті «рижс» лас деп аталған. «Рижс» қазақ тілінде лас, кір және жаман қылық деген мағыналарды береді. Кейде бұл сөзді тыйым не қандай да бір жиіркенішті қылықты білдіруге қолданады.

Пайғамбарымыздың қызметінің бір мақсаты да Құранда:
«Жақсы нәрселерді халал, жаман нәрселерді арам қылды» (Ағраф сүресі, 157-аят.) –деп баяндалады.

Доңыз —лас. Бірақ оның еті әлі күнге дейін көптеген адамдардың әдеттегі тағамы болып отыр. Сондықтан біз әңгімемізді дәл осы тақырыптан бастауды жөн көрдік.
Доңыз еті не үшін харам? Доңыз еті ең әуелі бүкіл әлемдердің раббы — Аллах тағала жемеңдер деп тыйғаны үшін харам. Алланың әміріне ешкім ешқашан критикалық көзқараспен талқылауға құқығы жоқ. Егер Алла тыйса, онда оған себеп бар.

Доңыз етінің харам болуының хикметтері толық түрде тек Аллаға ғана аян. Ал бізге белгілі болғандарының өзі аз емес.
Келіңіз доңыз етінің құрамына үңіліп көрейік.

№1 кесте
100г ет құрамындағы негізгі тағамдық құндылықтардың мөлшері
№ Азық түлік аты Нәр-уыздар Май-лар Минералдық заттар Витаминдер
Na K Ca P Fe B1 B2 PP B6 B12 B9
1. I категориялық сиыр еті 18,6 16,0 65 325 9 188 2,7 0,14 0,23 3,3 0,38 – 5,5
2. II ктегория-
лық сиыр еті 20,2 9,8 73 355 10 200 2,9 0,07 0,18 3,0 0,39 2,8 8,9
3. I категориялық қой еті 15,6 16,3 80 270 9 168 2,0
4. II категория-лық қой еті 19,8 9,6 101 345 11 190 2,3 0,09 0,16 2,8 0,32 – 5,5
5. I категориялы жылқы еті 19,5 9,9 50 370 13 185 3,1
6. II категориялы жылқы еті 20,9 4,1 54 397 14 198 3,3
7. Үй қоян еті 21,1 11,0 57 335 20 190 3,3
8. Доңыз еті 14,3 33,3 58 285 7 164 1,7 0,52 0,14 2,4 0,33 – 5,5

№1 кестедегі мәліметтерді өзара салыстырып қарасақ, мынаны оңай байқаймыз:
Нерв талшықтарының бойында болып организмде жасуша сыртының негізгі йоны болып, жасуша аралық изотоникалықты сақтаушы, Нерв талшықтарындағы импульстың өтуінде негізгі рөл атқарушы, организмдегі су – электролиттік, қышқыл-сілтілік тепе-теңдіктің негізгі мүшесі болған Na :
қой етінде 80-101мг,
сиыр етінде 65-73мг,
доңыз етінде бар болғаны 58мг ғана.

Жасуша ішінің негізгі ионы, жасуша аралық иондық тепе-теңдікті сақтаушы, жүрек кардиомиоциттерінің, қаңқа бұлшықеттерінің жиырылуына қатысатын жүректің автоматизмі мен ретті әрекет етуінің себепкері, бүкіл организмдегі нерв импульстерінің, өткізгіштігіне қатысатын К:
жылқы етінде 370-397мг,
сиыр етінде 325-355мг,
қой етінде 270-345мг,
тіпті үй қоянында 335мг,
ал доңызда бар жоғы 285мг ғана болады.

Нервтік өткізгіштікте өте маңызды орын алатын, сүйек тінін құрудағы ең негізгі элемент болып табылатын, жүрек жұмысына, біріңғай салалы және көлденең жолақты бұлшықеттердің дұрыс жұмыс істеуіне, қан ұю жүйесіне қатысатын Са:
үй қоянында 20мг,
жылқы етінде 13-14мг,
қой мен сиырда 9-11мг,
ал доңызда 7мг ғана болады.

Жасушада пластикалық қызмет атқаратын жасуша фосфолипидтерінің құрамындағы, сүйектің минералдық құрамында болып, пластикалық қасиет беретін және т.б. көптеген әсерлері бар фосфор:
сиыр етінде 188-200мг,
жылқы етінде 185-198мг,
қой етінде168-180мг,
қоянда 190мг,
ал доңызда бары 164мг ғана екен.

Қанның қызыл жасушаларындағы гемоглобиннің, миоглобиннің, тіндік тыныс алу ферменттерінің т.б. құрамында алмастырмайтын орны бар Ғе:
жылқы етінде 3,1-3,3мг,
үй қоянында 3,3мг,
сиыр етінде 2,7-2,9мг,
қой етінде 2,0-2,3мг,
ал доңыз етінде 1,7мг екен.

Рибофлавин – флавин ферменттің коферменті болып, тотығу тотықсыздану үрдістеріне қатысады. Барлық зат алмасу үрдістеріне қатысатын, көздің қызметінде маңызды рөл атқаратын рибофлавин (B2 витамині) :
Сиыр етінде 0,18-0,23мг
Қой етінде 0,16мг
Доңыз етінде 0,14мг болады.

Организмде тотықтырғыш ферменттердің (НАДФ) құрамында болып тотығу үрдісіне қатысатын, организмнің энергияны пайдалануында маңызды болған никотин қышқылы (РР витамині):
Сиын етінде 3,0-3,3мг
Қой етінде 2,8мг
Доңыз етінде 2,4мг

Зат алмасу үрдістеріне қатысатын орталық және шеткері жүйке жүйесінің қалыпты қызметіне қамтамасыз ететін пиридоксин (B6 витамині):
Сиыр етінде 0,38-0,39мг
Қой етінде 0,32мг
Доңыз етінде 0,33мг

Қан жасушаларының синтезіне қатысатын, жалпы жасушалардың пролиферациясында маңызы бар фоль қышқылы (B9 витамині):
Сиыр етінде 5,5-8,9мг
Қой етінде 5,5мг
Доңыз етінде 5,5мг

Байқайтынымыздай B1 витаминін (тиамин) санамағанда, барлық минералдық заттар мен витаминдердің мөлшері салыстырмалы түрде өте аз мөлшерде ғана кездеседі. Ал етті термоөңдеуден өткізгенде тиаминнің 40% бұзылысқа ұшырап кетеді. Бір жағынан тиаминді біз нан тағы басқа көптеген тамақтар арқылы да ала аламыз, басқаша айтқанда доңыздың тиаминіне зәрлі қалған жоқпыз. Ал басқа маңызды белоктар, витаминдер мен макроэлементтердің мөлшері мардымсыз ғана екен. Сонда доңыз етінде не бар? Доңыз етінде бастан аяқ тек бізге керексіз заттар бар, тіпті керексіз ғана емес, өте зиянды заттар бар…

Атеросклероз туралы
Доңыз еті өте майлы келеді. Оны сіздер 1-кестеден салыстыра отырып басқа үй хайуандарына қарағанда екі, тіпті үш есе майлы екендігіне көз жеткізесіздер. Ол кестеден доңыз етінің басқа мал еттерінен екі есе, немесе одан да жоғары мөлшерде майлы екенін көруге болады.

№2 кесте
Азық түлік аты Амин қышқылдары, г Май қышқылдары, г
1. I категория-лық сиыр еті 18,4 7,1 11,3 15,1 7,1 7,4 0,6
2.
II ктегория-
лық сиыр еті 19,9 7,7 12,2 9,1 4,3 4,4 0,4
3. I категория-лық қой еті 15,5 5,8 9,7 15,2 7,9 6,8 0,5
4. II категория-лық қой еті 19,6 7,6 12,1 8,9 4,9 3,9 0,3
5. Үй қоян еті 20,6 8,1 12,5 12,5 4,9 4,5 3,1
6. Шошқа еті 19,4 7,8 11,6 30,7 11,7 15,4 3,6
7. I категория-лы жылқы еті 19,3 7,6 11,7 7,8 2,8 3,8 1,2
8. II категория-лы жылқы еті 20,9 8,2 12,7 5,1 1,2 1,4 2,5

№ 2-кестеде келтірілгендей доңыз етіндегі майдың құрамындғы қаныққан май қышқылдары басқа үй хайуандарындағыға қарағанда әлде қайда көп екені белгілі. Дәл осы қаныққан май қышқылдары – атерогенді яғни атеросклероз тудырушы май қышқылдары деп есептеледі. Өйткені бұл май қышқылдары организдмде энергия көзі ретінде жұмсала қоймайды, тек артық мөлшерде жинала береді және холестеринмен бірге төмен және өте төмен тығыздықты липопротеидтердің құрамына кіреді.Төмен тығыздықты липопротеидтер (ТТЛП) мен өте төмен тығыздықты липопротеидтер (ӨТТЛП) бауырдан холестеринді тіндерге тасымалдаушысы болып, бұлар да нағыз атерогенді заттарға жатады.

Атеросклероз дегеніміз – (athera- ботқа, sclerosis- қатаю) артерия эндотелилерінің астына липидтер (майлар) мен кальций тұздары жиналуының нәтижесінде қан тамыр қабырғаларының қатайып, тарылуымен және ағзалардың қан айналым бұзылысымен жүретін созылмалы ауру.

Мүмкін болған асқынулары:
1. Қан тамырларының тромбозы
2. Аневризма
3. Әр түрлі ағзалардың тромбоэмболиясы
4. Әр түрлі ағзалар мен тіндердің ишемиялық асқылулары (миокард инфаркты, ішек инфаркты, екіншілік бүріскен бүйрек, мидың ишемиялық инсульты, Лериш синдромы, т.б.)
5. Қантты диабет
6. Артериалдық гипертония
7. Созылмалы қан айналым жетіспеушілігі.

Қантты диабет пен артериалдық гипертония атеросклероздың ажырамас досы. Егер адам атеросклерозбен ауырса, онда оның қантты диабетпен және артериалдық гипертониямен ауыру қаупі өте жоғары және керісінше егер қантты диабет немесе артериалдық гипертониясы бар адамда атеросклероз даму қаупі өте жоғары, яғни бұл екі ауру атеросклероздың себебі де салдары да болуы мүмкін.

Атеросклероз қаншалықты қауіпті? Бұл сұраққа жауапты табу үшін статистикаға жүгінейік.
Жүрек қан тамыр ауруларын ХХ ғасыр эпидемиясы деп бекер айтпайды. Дүние Жүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының мәліметтеріне сүйенсек әлемде өлім жітім көрсеткіші бойынша ең бірінші орынды жүрек қан тамыр аурулары алады.Жыл сайын 50 млн-нан астам адам бұл өмірден көз жұмады екен. Жалпы өлім жітімнің 55% жүрек қан тамыр ауруларының себебінен болады, қалған 45% ғана басқа аурулардан болады (қатерлі ісік, жол апаты т.б). Жүрек қан тамыр ауруларының ішінде 85,5% жүректің ишемиялық аурулары (ЖИА) үлесіне, Оның ішінде 46,8% миокард инфарктына, қалған 38,7% ми инсультына тиесілі екен. Бұл екі патологияның негізгі себепшісі болып атеросклероз есептеледі және профилактикада осыған баса назар аударылады. Атеросклероздың дамуына алып келетін этиологиялық факторларға :алиментарлық(майлы тағамды көп қолдану), тұқым қуалаушылық бейімділік, гиподинамия, спирттік ішімдіктер мен темекі шегу сияқты зиянды әдеттер мен кәсіптік зияндықтар, стресстық жағдай жатады.

Халықтар арасында атеросклероздың таралу жиілігі мәлелесіне әлем ғалымдары жеткілікті түрде көңіл бөлген. Атап айтқанда:
Вихерт А.М.,Жданов В.С.,Лившиц А.М.// Жұқпалы аурулар эпидемиологиясы / ред. А.М. Вихерт, А.В. Чаклин.—М, 1990. 8-47 беттер.
Атеросклероздың географиялық патологиясы / А.М. Вихерт, В.С. Жданов, Е.Е. Матова, С.Г. Аптекарь // М.:Медицина, 1981. 215-бет.
Каган А.Р., Стернби Н.Г., Уемура К. және басқалар. // Бюлл. ДДҰ. 1977.—Т.53,№5-6. 425-584 беттер.
Лисицын Ю.П.Распространенность сердечно- сосудистых заболеваний // Превентивная кардиология. – М.: «Медицина», 1987. – с.21-27.

Зерттеушілердің алған мәліметтері бойынша атеросклероздың таралу жиілігі халықтардың жасына, этникалық ерекшеліктеріне, өмір сүру аймағына байланысты. Аталған факторлардың соңғы екеуі – негізінен адамдардың өмір сүру салтымен түсіндіріледі (гиподинамия, тамақтану ерекшелігі және т.б). Атеросклероздың таралуы бойынша ең алыдыңғы орынды Ресей алады. Өздерінің ғылымы мен техникасының, денсаулық сақтау жүйесінің өте жақсы дамығандығына қарамастан екінші орында батыстың ақ нәсілді халықтары тұр. Сондай ақ олар ең көп қаржыны дәл осы мәселеге жұмсайды екен.Бұндай ауыр шындықты олар гиподинамиямен түсіндіреді, алайда ғылыми техникасы мен комфортабелді өмір сүру салты бойынша асып кетпесе кем түспейтін Жапонияда атеросклероз Европа және Америкаға қарағанда 2-3 онжылдыққа кешігеді. Одан кейінгі орынды Азия және Африка халықтары алады. Қысқартып айтқанда доңыз етін тағамға пайдалану мен адам өлімінің ең негізгі себепшісі болған атеросклерозға шалдығу арасында тікелей корреляциялық байланыс бар екені айдан анық белгілі болды.

Доңыз майының тағы бір ерекшелігі – жоғарыда айтып өткендей, организммен жұмсалмай тек жинала беруге бейім, яғни семіздікке қаупі жоғары болады. Өмірлік тәжірибеден кейбір фактылар келтіріп өтейік. Кейбір (арыстан, жолбарыс) цирк жануарларына салмағының көтеріліп кету, артериалдық қан қысымының көтерілу қаупі жоғары болғандықтан доңыз етін бергізбейді екен.

Доңыз етінде күкірт көп.
Доңыздың денесінде өте көп мөлшерде күкірт және оның әр түрлі қосылыстары болады екен. Оны жүйелі түрде ұзақ уақыт тағам ретінде пайдаланғанда организмге артық мөлшерде күкірт түседі. Оған қоса қазіргі табиғатқа жасалынып жатқан антропогендік теріс әсерлердің нәтижесінде (мұнай өнеркәсібі, және басқа да өндіріс өнімдері, транспорттық жанар жағармай қалдықтарымен ластану, т.б.) дамыған күкірт өнімдерімен адам айтқысыз түрде ластанған ауамен дем алып жатқанымызды есепке алар болсақ, доңыз етімен түскен күкіртті қосылыстар біздің организмімізге кәдімгідей артықтық қылатынын мойындауға тура келеді. Тіпті қазақтың «жығылғанға жұдырық» деген сөзі еріксіз еске түседі.

Ұзақ уақыт жүйелі түрде күкіртті сутек, күкірттің екі ватентті оксиді әсер етсе иммундық реактивтіліктің төмендеуіне алып келеді. Ол организмнің спецификалық және бейспецификалық иммунитетінің төмендеуімен көрінеді, және бұндай организм әр түрлі ауру сырқауға – бейспецификалық қабынуларға, қатерлі ісікке бейім болып келеді.

Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде Солтүстік Африкада қызықты бір жағдай орын алған.Неміс экспедициялық корпусындағы көптеген әскерлердің балтырында тропикалық деп аталатын, соғыс жағдайына қатысы жоқ жаралар пайда болған. Жаралардың көлемі үлкен және емге қиын көнеді. Барлық жүргізілген емдік шаралар нәтижесіз болады. Бұл жаралардың тамақтанумен байланысты екендігі туралы болжамдар пайда бола бастайды, өйткені жергілікті аборигендерде бұндай жаралар жоқ еді.Күнделікті тамақтық рационнан доңыз етін алып тастағаннан кейін ғана проблема толық шешіледі. (Х.Х. Реккевег 1977.)

Күкірт және оның қосылыстары организмнің орталық жүйке жүйесінің қызметіне нұқсан келтіріп, астеновегетативті, вегето-тамырлық бұзылыстардың, невроздардың дамуына ықпал етеді. Сондай ақ шеткі нервтердің невралгиясы мен невриттеріне, шонданай нервінің невритіне (ишиаз) себеп болуы мүмкін.

Организмдегі өлшемнен тыс күкірттің болуы шеміршек, бұлшықет және сүйектерге сіңіп, буындарға тұз жиналуына, сүйектердің мықтылығы мен регенерациялық қасиеттерінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Қалқанша безінің қызметін бұзатын заттарды зобогенді заттар деп атайды. Зобогенді заттар суда, топырақта, тағамдық өнімдерде болуы мүмкін. Сондай ақ кейбір химиялық қосылыстар да зобогенді қасиетке ие: сульфамидтер, парааминсалицил қышқылы және басқалар. Көбіне зобогенді заттардың құрамында екі валентті күкірт болады (Л. Ироусек және басқалар, 1959).Организмге тамақ арқылы түсетін зобогенді заттардың құрамындағы екі валентті күкірт өте жиі амин қылқылдардың құрамындағы сульфгидрилді немесе дисульфидтік байланыстар түрінде кездеседі.Эндемиялық зоб кезінде қалқанша безінің аминқышқылдық құрамы өзгереді: тирозиннің, триптофанның мөлшері айқын түрде азайып, цистиннің – құрамында күкірті бар аминқышқылының мөлшері 50%- ға жуық көбейеді. Осылай зоб кезінде цистин алмасуы айқын бұзылысқа ұшырайды (И.И. Соколова, 1961).

Жоғарыдағыдай мәліметтерге ие болған Л. Н. Шафор өзінің әріптестерімен бірге «йодтың жеткілікті болған жағдайында сульфаттар, күкірті бар амин қышқылдары- метионин, цистин, цистеин қалқанша безінің қызметіне қаншалықты әсер етеді» деген сұраққа жауап іздеді.

Тәжірибе салмағы 90-130г шығатын ақ егеуқұйрықтарға жасалды. Егеуқұйрықтарды 5 данадан 7 топқа бөлді. Зерттеуден екі сағат бұрын жануарларға құрсақ ішілік индикаторлық дозада 2 микрокюри радиоактивті йод енгізілді. Ал бір сағат қалғанда тері астына зерттелетін зат енгізілді. Бірақ екі топ егеуқұйрықтарға инъекция жасалмады. Ол бір топ егеуқұйрыққа екі ай бойы күкіртті амин қышқылдарына бай диета (доңыз етінің, құлағының, терісінің ботқасы (студень)) жүргізілген, және тағы бір топқа екі күн бойы зобогендік қасиеті жақсы мәлім болған 6-метилтиоурацил тамаққа қосып беріліп отырды. Бақылау тобына дистилденген су енгізілді.

Без қызметінің активтілігі Б-2 МС-4 санағышында 2, 4, 6, 8, және 24сағаттардан кейін тексеріліп отырды. Қалқанша безінің радиоактивті йодты сіңіру қабілеті енгізілген дозаның проценттік қатынасында көрсетіліп отырды.

Жүргізілген тәжірибе мынадай мәліметтер берді: бақылау тобындағы егеуқұйрық қалқанша бездерінің сіңіру қабілеті өзеріссіз бір қалыпты болады, цистин цистеин метионин комплексін және метилтиоурацил құйған топта сіңірілу қабілеті нашарлағаны байқалды, ал доңыз өнімдерімен бағылған топта ерекше жағдай байқалған. Ол топтың егеуқұйрықтары азып кеткен және айқын агрессивтілік таныта бастаған. Бұл олардың қалқанша бездерінің гиперфункциясын дәлелдейтін көрініс еді.

Трихинеллез туралы
Доңыздың етін жеуден пайда болатын тағы бір ауру – тихинеллез. Трихинеллез – қоздырғышы нематодтар класына жататын, нәжіс – ауыз механизмімен берілетін, жедел өтуімен, қызба, бұлшықеттердің ауыруы, ісінуі және айқын аллергиялық құбылыстармен сипатталатын табиғи – ошақтық зоонозды биогельминтоз.

Этиологиясы – тихинеллалардың 5 тобынан тұратын жұмыр құрттар болып есептеледі. Трихинеллалар – кішкентай нематодтар, ұзындығы 1-3 мм. Басқа нематодтардан айырмашылығы, олар – тірідей туатын гельминттер.

Ересек трихинеллалар иенің ішегінде өмір сүреді, личинклар (жас трихинеллалар) көлденең жолақты бұлшықеттерге (Жүрек бұлшықетінен басқа) өтеді, онда жыныстық ересек күйіне дейін дамиды.

Трихинеллалардың даму циклының ерекшеліктері – ол бір организмде өтеді, яғни ақырғы және аралық иелері адам және 50-ден астам жабайы және үй жануар организмі. Аш ішектің және тоқ ішектің басталар жерінде ересек даралары (тіршілік ұзақтығы 45 күн) көптеген (1,5 мың шамасында) тірі личинкаларды туады, олар ішек қабырғасынан өтіп, лимфа капиллярларына және қан ағымына түседі, организмді аралап, дене бұлшықеттеріне орналасады. 3-4 аптадан кейін олардың айналасын қалыңдығы 0,2-0,6 мм дәнекер тіндік қабық қоршайды, 6-18 ай өткеннек кейін ол әктеліп қатаяды. Личинкалар тіршілігін 5-10 жылдан 40-50 жылға дейін сақтайды.

Паразит жаңа иенің организміне құрамында қабықтанған личинкалары бар аңдардың етімен түседі. Асқазан сөлінің әсерінен личинкалар қабықтарынан құтылады, сонан соң 1-1,5 тәулікте аш ішекте ересек күйге жетеді. Кейін осы даму циклы қайталанады.

Сонымен трихинеллалар дамуы ақырғы және аралық иенің қатысуымен өтеді. Бұл жағдайда бір организм кезегімен әуелі ақырғы, одан кейін аралық иенің рөлін атқарады. Мысалы, ересег кезінде адамның немесе жануарлардың ішегінде өмір сүреді, ал личинкалық сатысында – бұлшықетте (аралық ие) болады. Паразиттің даму сатыларын мынадай сызба түрінде көрсетуге болады: жұмыртқа жасушадан личинкаға дейін дамуы → личинкалардың қаңқалық бұлшықеттерге миграциялануы (ақырғы ие) → личинканың бұлшықетте капсуламен қоршалуы → капсуладан босауы және ересек еркек және ұрғашы) түрге дейін дамуы → ішектегі бұлшықеттік түрі (аралық ие) → ұрғашысының ұрықтануы → жаңа личинкалардың тууы. Цикл аяқталды.

Адам организмі трихинеллар үшін биологиялық тұйықтық болып табылады, себебі адам етін ешқандай жануар жемейді. Инвазия жабайы және үй жануарлары арасында таралады. Үй жануарларының ішінде ең үлкен эпидемиологиялық қауіп тудыратыны (тіпті жалғыз қауіп тудырушы десек те болады) шошқалар. Негізінен шошқа, иттер және мысықтар деп алынады, бірақ иттер мен мысықтардың етін адам жемейтін болғандықтан олар тек трихинеллездің антропургиялық ошағын құрайды, яғни залалданған ит немесе мысықтың өлексесін, тамақ қалдықтарын, нәжістерін жегенде залалданады. Бәрімізге белгілі болғандай шошқа өте лас жануар болып келеді, ол абсолютті түрде тағам талғамайды, сондықтан тек жалғыз трихинеллезді емес бәлкім кез келген ауруды жұқтырып алу қаупі ең жоғары болған хайуан. Шошқа сонымен қатар ауру кемірушілерді жеу арқылы трихинеллездің табиғи ошағы мен антропургиялық ошағының байланыстырушысы болып та табылады.

Адамдар арасында трихинеллезді қабылдаушылық өте жоғары. Трихинеллезбен сырқаттанушылық көп жағдайда топтылығымен сипатталады, яғни залалданған жануардың шикі немесе шала пісірілген етін тамаққа пайдаланған жанұяның барлық мүшесі немесе одан да көп адамдар ауруға шалдығуы мүмкін. Статистикаға жүгінсек трихинеллез ауруымен 28 млн. Адам ауыратындығын, ал осы санның 21 млн.АҚШ – та тұратындығын хабарлайды.Бұған қоса Америкада бұл дертке шалдығушылар саны жыл сайын 350 мың адамға артып отыр.

Патогенезі және клиникалық көрінісі. Трихинеллез ауруынык клиникалық өтуі барысындағы көріністер негізінде паразиттің зат алмасу өнімдерінің және ол өлгеннен кейінгі заттардың организмге сенсибилизациялық әсерімен, соған байланысты, дамыған аллергиялық реакциямен анықталады. Бұларға ие тіндері бұзылғаннан кейін аутосенсибилизация қосылады. Аурудың ішкі ағзаларында инфильтраттар, қан тамырларының аллергиялық асқынулары байқалады.

Гельминтті жұқтырғаннан кейін аз уақыт аралығында әлсіз иммунитет пайда болады. Қайтадан ауыруы мүмкін, ол жеңіл түрде өтеді. Жиі байқалатын клиникалық белгілеріне бет пен қабақтың ісінуі, бұлшықеттерінің ауыруы, дене қызуының көтерілуі, қанда жоғары деңгейде эозинофилия болуы жатады. Бұлшықеттерінің ауыруы кесел басталғаннан 1-3 және одан да көп күндер өткеннен кейін пайда болады және ауырғандардың көпшілігінде кездеседі. Ауыру алдымен аяқтың, сонан соң бөксе, арқа, іш, қол, майын, шайнау, тіл, жұтқыншақ, көз еттерінде пайда болып, 1-3 аптаға созылады және оқтын – оқтын қайталануы мүмкін. Инвазия пәрменді болып, организмнің реактивтілігі төмен болса, ал біз жоғарыда доңыз етін ұзақ жүйелі түрде пайдаланушылардың реактивтілігінің төмен болатындығы жайлы айттық, ауру өте ауыр өтіп, миокардитпен, жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, өкпе қабынуы немесе менингоэнцефалитпнен асқынып, өлімге де әкелуі мүмкін. Аурудың ауыр түрінде өлім – жітім емесмин10-30℅ жетеді. Бұған қоса доңыз етін жейтін мү адамдардың көбі спирттік ішімдік, темекі, есірткі сияқты заттармен өте жиі уланып, Алланың кіршіксіз етіп жаратқан иммундық жүйесіне қиянат жасап жататындары тағы бар.

Кейбіреулер: «қайнату және қазіргі заманғы стерилдеу әдістерін қолдану арқылы ет құрамындағы паразиттерді жоюға болады»- дейді. Алайда АҚШ-та өмір сүру деңгейі жоғары дәрежеде , адам денсаулығына жауап беретін мамандар, аурулардың алдын алу үшін ең соңғы әдіс тәжірибелерін қолданады. Бірақ бұған қарамастан Америка халқының трихинеллезге шалдығу жиілігін жоғарыда көрсетілген статистикадан көрдік.

Доңыз етінің адам мінезіне әсері
Адамдар мен жануарлардың табиғаты мен мінездерінің қалыптасуында жеген қоректерінің де рөлі бар. Мысалға, арыстан, қасқыр сияқты етпен қоректенетін аңдар жыртқыш болып келсе, керісінше сиыр, қой, қоян сияқты шөппен қоректенетін жануарлар жуас болып келеді. Қазақта адамның мінезін суреттеген кезде жылқы мінезді, қой мінезді деуі осы айтқандарымызды айқындай түседі.

Расында адамның мінезіне оның жеген асы белгілі бір мөлшерде әсер етеді. Тіпті етін жеген малдың кейбір мінездерін адам өзіне сіңіріп алуы да мүмкін. Доңыз шөпқоректі болғанымен, табиғатында жыртқыш болып саналады, оның торайлары өз асын тұмсығымен жыртып тастайды, ал ересек доңызға жақындаудың өзі қауіпті. Доңыздар туғаннан кейін құтырып кетеді де, торайларын уақытында ажыратып үлгермесе, оларды өзі жеп қояды. Доңыз тышқан, көртышқан сияқтылармен де қоректене береді. Ол өзінің ұрғашысын қызғанбайтын, мейірімсіз, қанағатсыз хайуан. Сондықтан доңыз етін көптеп пайдаланатын адамдарда жарына, тіпті анасына деген бөгде еркектердің арам пиғылына қарсы намыс, қызғаныш сезімдері жоғала бастайды екен.

Боксер- деп аталатын иттерді баққанда доңыз етін мүлдем бермеді.

Реккевег гомотоксикологиясы
Гомотоксикология ғылымын медицинаға Х. Реккевег енгізген. Ол «гомотоксин» ұғымын адам организмі уытты зат ретінде танып, организмнің қарсы тұру жүйесінің іске қосылуын шақыратын және әр түрлі ауруларға алып келетін токсикалық зат деп түсіндірді. Доктор Реккевег жасаған «гомотоксикология» атты медициналық теория бойынша дәл осы гомотоксиндер организмдегі әр түрлі аурулардың себепшісі болады. Сырттан түскен (экзогенді) немесе организмнің өзінде пайда болған гомотоксиндердің мөлшеріне, оның токсикалық дәрежесіне , организм реактивтілігіне байланысты жауап қайтару рекциясы ретінде әр түрлі аурулар көрініс береді, яғни ауру деген организмнің гомотоксиндерден арылу реакциясы. Гомотоксиндерденді физиологиялық жолдармен элиминациялай алмаса, онда патологиялық (мысалы қабынулар) жолдармен де шығарылады. Реккевег организмнің гомотоксиндермен күресуін алты фазаға бөлді.

Алғашқы фаза – экскреция (шығару) фазасы органимдегі дренаждық үрдістермен сипатталады. Бұл фазада токсиндер адамның табиғи шығару жолдары (тер, қақырық, зәр, өт,т.б.) арқылы астарланады. Егер бұл жолдармен арыла алмаса, онда екінші фазаға – реакция фазасына өтеді. Ол қабыну реакцияларымен сипатталады.Фурункул, карбункул, ринит, энтерит, экзема және т.б. жергілікті өзгерістерді организмдегі гомотоксиндерді бір жерге жинап, организмнен шығару жолы деп түсіндіреді. Егер гомотоксин тым көп болып, организм токсиндерді бұл жолдармен де шығарып біте алмаса, онда токсиндерді бір жерде жинап тастауға тура келеді, үрдіс үшінші фазаға – депонизация (жинау) фазасына өтеді. Токиндер кейінірек (токсиндердің түсуі тоқтағанда) шығарылу үші организмнің белгілі бір жерлеріне жинауға кіріседі. Бұл фаза клиникалық мынадай көріністермен сипатталады: сүйелдер, қалдар, полиптер, зоб, семіру, подагралық қалдықтар, веналардың варикоздық кеңеюі, өт тас және зәр тас аурулары, фибромиомалар, аденомалар, т.б. Егер гомотоксиндер түсуі тоқтамаса, төтінші фаза – импрегнация (толықсу) фазасына ауысады. Бұл фазадағы аурулардан толық жазылып кету мүмкін емес, өйткені бұнда клеткалық деңгейде қайтымсыз өзгерістер дами бастайды.Мысалыға: Лейкоплакия, полиомиелит, демікпе, асқазан және онекі елі ішек ойық жаралары, стенокардия, миокард инфаркты, альбуминурия, бауырдың токсикалық зақымдалуы, ісіктердің алғашқы көріністері т.б.

Келесі бесінші фаза – дегенерация. Жеке клеткалардың емес бүкіл клеткалық құрылымдар мен мүшелердің зақымдалуы болады, организм тіршілігін сақтап қалу үшін перманентті жаңа органикалық құрылымдар түзе бастайды. Бұған коллагеноздар, атрофиялық ринит, нейрофиброматоз, бауыр циррозы, бүріскен бүйрек, коксартроз және т.б. мысал бола алады.Гомотоксикоздың соңғы фазасы – ісіктер фазасы. Бұнда қатерлі ісіктер дамиды.
Гомотоксикология теориясы бойынша доңыз еті гомотоксиндер комплексі ретінде қарастырылады. Доңыз етін жеушілердің жоғарыда айтылған ауруларға жиірек шалдығуларын Х. Реккевег осымен түсіндіреді. Мүмкін доңыз етін көп жейтін балаларда дамитын «скрофулез» ауруы да осы теориямен түсіндірілетін шығар…

Адамның биологиялық өмір сүру ұзақтығы шамамен 150 жыл. Доңыз етін тағамға пайдаланбайтын Кавказ, Түркия, кейбір ислам мемлекеттері осы көрсеткішке жақындайды.

Басқа да себептер
Доңыздың геномы адам геномына өте қатты ұқсайды, және ішкі ағзалары да адамның ағзаларына қатты ұқсайтын болғандықтан трансплантологияда ксенотрансплантант ретінде әдетте доңыздың мүшесін алады. Доңыздың теріснің құрылысы да адамдыкіне қатты ұқсайды. Hamman және Kurten атты адам өлтіретін қылмыскерлер адам етін өңдеп шұжық етіп доңыз еті деп алдап сатқан екен, ал дәмінен ажырату мүмкін емес екен.

І-ші дүние жүзілік соғыс жылдары өлген әйелдердің етін шұжыққа өңдеумен айналысқан адам анықталған.

Адам организмінің физиологиялық жүйесіне жүктеме түсіретін тағы бір зат – қанның толық дифференциялданбаған факторлары – споратүзуші қосылыстар (Siphonosporo polymorpha),оларды онкогендік агенттер, эндобионттар деп те қарастырады. Сперанскийдің айтуы бойынша олар рак маркері ретінде әсер етеді. Бұл заттарға доңыз еті ерекше бай екен.

Соматотропты гормон жайлы
Доңызда өсу гармоны да өте көп мөлшерде кездеседі. Бірнеше жүз граммдық салмақпен ғана туылған торайлар алты айдың ішінде жүз килоға жетеді. Торайлардың мұншалықты тез өсіп, үлкеюі доңыздың денесіндегі өсу гормонының Соматотропты гормон СТГ ) өте көп мөлшерде болуына тікелей байланысты. Кейбір деректерде бұл гормондар доңыздың етін жеген адамдардың мұрын, жақ, қол, аяқ сүйектерінің табиғи қалыптан тыс үлкейіп, өсуіне және жалпы дененің майлануына себеп болатындығы жайлы айтылады. Денеде қатерлі ісіктің (рактың) пайда болуын да осымен түсіндіреді (Қайрат Жолдыбайұлы. Доңыздың еті неліктен харам //Аңсар .№5, 2007ж, 19-бет.).
Алайда бұндай тұжырымдардың дұрыстығы аздап күмән туғызады, және әлі де көбірек зерттеуді талап етеді. Өйткені біріншіден соматотропты гормон химиялық құрамы бойынша 191 амынқышқылы қалдығынан тұратын полипептид болғандықтан ол асқазан сөліндегі пепсин және гастриксинмен, ұйқы безі ферменттері трипсин және химотрипсинмен ыдырап кетуі тиіс. Екіншіден бұндай үлкен полипротеидтердің ішек қабырғасы арқылы сіңіріле қоюы екі-талай. Үшіншіден адамға тек адамның және приматтардың соматотропты гормондары ғана активті деп есептеледі.

Қабыну медиаторлары
Жоғарыда аталған әдебиеттерде доңыз етімен бірге организмге көптеп түсетін қабыну медиаторлары – имидазолин туындыларының (гистамин, имидазол және т.б.) зияндылығы жайлы айтылады. Бұндай мәліметтердің де кішігірім күмән тудыратыны бар. Әрине, егер организмге гистамин немесе оның туындылары көптеп түсетін болса, сөзсіз өзінің кесірін тигізеді. Атының өзі айтып тұрғандай ол өте күшті қабыну шақырушы зат, сондықтан әр түрлі аллергиялық, қабынуларды, тері ауруларын (дерматиттер, дерматоздар, экзема, есекжем, т.б.) шақыратынына дау жоқ..
Жалпы гистамин деген не?

Гистамин қалыпты жағдайда кез келген дені сау организмде белгілі бір мөлшерде гистидиннің (амин қышқылының) декарбоксилденуі арқылы түзілетін өте активті биогенді зат. Гистамин организмнің бірқатар өмірлік маңызды функцияларын реттеуге қатысады, және көптеген аурулардың патогенезінде маңызды орын алады. Медицинада сирек жағдайда емдік және диагностикалық мақсаттарда жергілікті, немесе тері ішіне инъкция арқылы енгізеді. Энтералды қолдануға жарамайды, өйткені ішек арқылы өте нашар сіңіріледі және әсері болмайды.

Қорытып айтқанда, гистамин тек доңызда ғана емес кез келген жануарда болады, ол тамақпен бірге түскенде ішетен сіңбейді.

Кейбір авторлар доңыз етінде басқа жануарларға қарағанда зәр қышқылының әлдеқайда көптігінен туындайтын зияндылықтары жайлы жазады. (Ариф Абдулфаттах Табара.// Отбасы және тағамдағы күнәлар.// Жеуге тыиым салынған тағамдар. Қазан баспасы 2006ж 33 бет.

Электр тогымен жансыздандыру
Элекр тогымен әсер ету арқылы еттің сапасына нұқсан келтіріп аламыз. Бұндай әдіспен малды жансыздандырғанда мал денесінде нүктелі қанталаулар әсіресе сан және жауырын аймақтарында) пайда болады. Ет қатайып қалады, сақтауға тұрақтылығы төмендейді. Сондай ақ электр тогымен әсер еткенде мал қанының ұйығыштығы жылдамдап, қан тез ұйып қалады, қан тамырларында кенет спазмдар болып малдан қанның біркелкі ағып кетуіне кедергі болады және қан организмнен толық шықпай қалады. Бұл шариғи мал сою шарттарына қарсы келетін жағдай.Тіпті кейбір жерлерінде қан тамырлары жарылып кетіп, қан құйылулар, жарақаттанулар, сүйек сынулары дамуы мүмкін. Кейбір жағдайларда егер малға түсірілетін ток күшін дұрыс есептемей қойсақ мал бірден арам өліп кетуі де мүмкін. Өлмеген күннің өзінде электр тогының әсерінен малдың жаны қатты қиналады. Электр тогының әсеріне душар болған организмнің барлық ноцицепторлары (ауыру сезімін сезетін рецепторлар) қатты тітіркенеді. Өте жиі ауыру шогы дамуы мүмкін (В.Н. Крюков «Судебная медицина» Москва «Медицина», 1990, 250-256 беттер.). Сойылатын малдың жанын қинамау да – мұсылмангершілікпен союдың шарттарының бірі екені белгілі.

Электр тогымен әсер еткенде бүкіл организмде жалпы өзгерістер орын алады. Электр ағымы дене арқылы өткенде жүйке рецепторлары мен өткізгіш талшықтары, бұлшықет пен біріңғай салалы ет талшықтары тырысып, жиырылып қалуынан аяқ қолдың буыннан шығуы, жіліншіктердің сынуы, дыбыс байламдарының жиырылуы, тыныс алудың тоқтауы, еріксіз дәрет сындыру және қан қысымының жоғарылауы байқалады.Симпатикалық жүйке жүйесінің қозуынан қатехоламиндердің (адреналин, норадреналин) қанға көптеп шығарылуы болады. Бұдан ішкі ағзалар мен дене мүшелерінің қызметі бұзылады.

Электр ағымының бүліндіргіш әсер ету жолдарында электрохимиялық әсері маңызды орын алады. Электр ағымы теріден өтіп әр түрлі тіндердің жасушаларында электролиздік тепе теңдікті бұзады, олардың биологиялық патенциялын өзгертіп, жасуша мембраналарының поляризациясына алып келеді. Тіндердің анод орналасқан аумағында оң зарядталған иондар жиналады (қышқыл реакция пайда болады), катод жағында теріс зарядталған иондар жиналады (сілтілік реакция пайда болады). Осыдан жасушалардың қызмет атқару жағдайы өзгереді. Анодтың астында қышқыл реакция болғандықтан тіндік нәруыздар ұйып қалады. Содан дамитын некрозды коагуляциялық некроз деп атайды. Ал, катод орналасқан тіннің аумағында сілтілік реакция болғандықтан тіндік нәруыздар қатты ісініп кетеді, бұны колликвациялық некроз деп атайды. Мұндай құбылысты электр ағымының электролиздік әсері деп атайды. Басқаша айтқанда бүкіл организмде түскен электр тогының көрсеткіштерінің жоғарылығына байланысты жылдамдықпен жаппай өлу (аутолиз) үрдісі жүре бастайды. Аутолиз қалыпты жағдайда жасушаның физиологиялық үрдістеріне қатысатын гидролиздік ферменттердің көптеп босап шығып, жасушаның өзін ерітуі. Гидролиздік ферменттердің активтенуі әдетте организм кез келген түрде өлгенде көрініс береді.Аутолиз шіру үрдісімен жалғасады, ал шіру дегеніміз ол тіннің микроорганизмдердің ыдыратушы ферменттері арқылы ыдырап тіндік құрылымдардың толық бұзылуымен аяқталатын күрделі микробиологиялық үрдіс, немесе топырақтан жаратылған организмнің қайта топыраққа айналу үрдісі. Біздің жағдайымызда электр тогы осы аутолиз және шіру үрдістерін жылдамдатады, яғни өлекседе болатын үрдістерді жылдамдатады. Егер электр тогы әсер еткеннен кейін организм өлмесе Алланың өте күрделі етіп жаратқан қарсы тұру,немесе өзін өзі сақтауға бағытталған жүйесі іске қосылады, және барынша өзін – өзі сақтап қалуға тырысады. Осы кезде патологиялық өзгеріске ұшырап үлгерген тіндерде пайда болған токсиндер мен ыдырау өнімдері патогенетикалық маңызды болып табылады, және организмнің негізгі міндеттерінің бірі — барынша осы аталғандардан арылу болады. Қолайлы жағдайда организм бұл тапсырманы орындай алады және тірі қалуы мүмкін, ал осындай жағдайдағы мал сойылса ыдырау үрдісі одан да жылдамдай түседі. Сойылатын малдағы осындай өзгерістер еттің сапасына міндетті түрде әсер етеді. Бауыздауда электр тогы пайдаланылған мал етінің салыстырмалы түрде сақтауға тұрақсыз болу себебі де осымен түсіндіріледі.

Электр ағымы жүрек тініне әсер еткенде оның жауап қайтармайтын ( рефрактерлік) фазасын қысқартып, жүйке серпілістерінің үдемелі кері айналып жүруінен кардиомиоциттердің жыпылығы (фибрилляция) дамуына әкеледі.

Тыныс алу мен қан тамыр қозғалтқыш орталықтар бүлінуі мембраналарының деполяризациясынан, протоплазмасындағы нәруыздардың ұйып қалуы нәтижесінде жүйке жасушаларының бұзылыстарынан дамиды.Электр ағымының әсерінен организмнің өлімі тыныс алудың және жүректің тоқтап қалуынан болады. Тыныс алудың тоқтауы:
1. Тыныс орталықтарының зақымдалуынан
2. Тыныс орталығын қандандыратын омыртқа артериясының жиырылып қалуынан
3. Тыныс алуға қатысатын еттердің жиырылып қалуынан
4. Тамақ еттері жиырылып қалуынан тыныс алу жолдарының бітелуінен дамиды.

Жүректің тоқауы:
1. Қарыншалардың жыпылықтауымен
2. Коронарлық тамырлардың жиырылып қалуынан
3. Қан тамырларының қимылдық орталықтарының зақымдалуынан
4. кезбе жүйкесінің тонусы жоғарылап кетуінен дамиды.

Қолданылған әдебиеттер
1. С.А. Әміреев, Қ.Құдайбергенұлы, А. Жаханов. Медициналық паразитология
«Трихинеллез», Алматы 2005. 256-бет.
2. М.Д. Машковский //Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. М.: «Новая Волна» 2005г
3. Медицинский энциклопедический словарь. Под. ред. проф. В.И. Бородулина. М.: «Оникс 21 век» 2002.
4. Ариф Абдулфаттах Таббара. Отбасы және тағамдағы күнәлар. Қазан – 2006.
5. Вихерт А.М.,Жданов В.С.,Лившиц А.М.// Жұқпалы аурулар эпидемиологиясы /ред. А.М. Вихерт, А.В. Чаклин.—М, 1990. 8-47 беттер.
6. Атеросклероздың географиялық патологиясы / А.М. Вихерт, В.С. Жданов, Е.Е. Матова, С.Г. Аптекарь // М.:Медицина, 1981. 215-бет.
7. Каган А.Р., Стернби Н.Г., Уемура К. және басқалар. // Бюлл. ДДҰ. 1977.—Т.53,№5-6. 425-584 беттер.
8. Лисицын Ю.П.Распространенность сердечно- сосудистых заболеваний // Превентивная кардиология. – М.: «Медицина», 1987. – с.21-27.
9. В.Н. Крюков «Судебная медицина» Москва «Медицина», 1990.
10. http://as-doktors.ru/
11. http://www.injan.ru/ru/center/izletshenie2.html/print/
12. http://www.allvet.ru/
13. http://www.injan.ru/
14. http://rus-katana-dogs.narod.ru/magistrat/magistr82.html
15. http://adventist-dnipro.narod.ru/zdorov/svinina1.htm
16. www.injan.ru/ru/center/izletshenie2.html/print/
17. http://www.cardiosite.ru/new.asp?id=22789
18. http://www.vragimuh.ru/26.htm
19. www.hovala.co.il/100/golodanie/10.html – 12k
20. Гигиена труда и профессиональные заболевания. 11. 1991г. М. Медицина.
21. Труды Оренбургского Государственного Медицинского Института. Выпуск-9. ЮУКИ. 1966.
22. Справочник по диетологии. Под ред. А.А. Покровского. М.:Медицина 1991г.
23. М. Ахмет-төре, Т. Бекбосынов. «Тағаммен емдеу» Алматы 2002.
24. Қайрат Жолдыбайұлы. Доңыздың еті неліктен харам //Аңсар .№5, 2007ж.
25. А.Н. Окороков. Диагностика болезней внутренних органов. Том 10, Москва, Медицинская литература 2005г.
26. Самсонов М.А. Концепция сбалансированного питания и ее значение в изучении механизмов лечебного действия пищи. // Питание. 1992
27. Юрий Григориевич Григоров: вопросы питания //І Диетология 1991. № 2,
28. Погодаев К.И. Определение общей серы в животных тканях. Труды 1-го Московского Медицинского Совета, 1963,
29. Щепаняк В.М. Шапиро. Саниторно гигиенические условия труда и особенности заболеваний работников серного производства. Гигиена труда и профилактика заболевания, 1991г, № 11
30. Е.А. Беюл. Справочник по диетологии, Медицина 1981
Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Добавил: Akinfeev
Просмотров: 7153 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1

Четверг

Автор:

Сообщение #1. [Материал]
Bhvtkx


buy atorvastatin 10mg sale <a href="https://lipiws.top/">lipitor 80mg without prescription</a> lipitor online buy


Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Последнии комментарии