Сегодня 25.04.2024
Казахстанское время 03:32
Главная » Файлы » Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина

Адамның психикалық үрдістерін басқарудың жалпы принциптері
30.11.2011, 13:59
ЖДЖҚ-нің негізгі ерекшеліктері үлкен ми жарты шарларындағы қозу мен тежелу процестерінің өзара әсерлестігіне байланысты. Шартты рефлекстің қалыптасуы, уақытша байланыстың тұйықталуы үлкен ми жарты шарлары қыртысында қозу және тежелу процестерінің белгілі заңдылықпен таралуы, алмасуы нәтижесіңде жүзеге асады. Бұл күрделі процесс бірнеше сатыда дамиды.

Алдымен қозу мен тежелудің жайылу (иррадиация) және шоғырлану (концентрация) процесі жүреді. Иррадиация деп қозу не тежелу процесінің өзінің бастапқы пайда болған аймағынан таралуын, жайылуын айтады. Бұл процестердің белгілі бір шекке дейін жайылып, қайтадан бастапқы пайда болған орталығына оралуын, жиналуын – шоғырлану дейді.

Ми қыртысында да ОЖЖ-нің басқа бөлімдеріндегі сияқты қозу және тежелу процестерінің әрекеттестігі – индукциясы байқалады. Олардың арасында белгілі теңдестік қалыптасады да, не оң, не теріс иңдукция өршиді.

Индукция өзінің табиғаты, бейнеленуі жағынан иррадиацияға кері процесс. Иррадиация нәтижесінде бір мағыналы процесс (не қозу, не тежелу) таралатын болса, индукция, керісінше, қарама-қарсы сипаттамасы процесті тудырады және иррадиацияны шектейді.

Қозу мен тежелу процестерінің арасындағы мерзімдік және ауқымдық әрекетгестік нәтижесінде анализ және синтез процестері жүреді. Аталған процестердің тендестігі, парабиоздық табиғаты ми қыртысындағы анализ және синтез процестерінің бір – бірімен тығыз байланысты екенінің дәлелі.

Жүйке жүйесінің жеке дараққа тән қасиеттерінің жиынтығын ЖДЖК, нұсқалары дейді, И.П.Павлов ілімі бойынша ЖДЖҚ-ның жекеше сипаттары қозу мен тежелу процестерінің пайда болып, даму ерекшеліктеріне байланысты. Әр дарақта қозу және тежелу процестері бір деңгейде қалыптаспайды. Олар өздерінің күшімен, теңдестігімен және жылжымалылығымен ерекшеленеді. Аталған нервтік процестердің ара қатынасындағы өзгешеліктер ЖДЖҚ-ның нұсқалық (типтік) ерекшеліктерінің негізіне алынады.

Жуйкелік процестердің куші ми қыртысы торшаларының жұмыс қабілетімен, олардың ұзақ әрі қауырт қызметке төзімділігімен анық-талады. Жүйкелік процестер кушті не әлсіз болуы мүмкін.

Жуйкелік процестердің теңдестігі қозу және тежелу процестерінің ара қатынасымен анықталады. Аталған процестердің күші бірдей болса, онда ол теңгерілген, ал бірдей болмаса – теңгерілмеген болып табылады.

Жуйкелік процестердің жылжымалылыеы қозу мен тежелудің бірін-бірі алмастыру жылдамдығымен сипатталады. Бұл қасиетпен мінез -қылықтың қүбылмалылығы байланысты. Жүйкелік процестер жылжымалы (лабилъді) немесе тоқыраңқы (инертті) болуы мүмкін.

Жоғарыда баяндалған жүйкелік процестердің үш қасиеті – күші, тендестігі және жылжымалылығы, – жүйке жүйесінің нүсқалық ерекшеліктерінің негізінде жатады да, организмнің жалпы тонусына, мінез-қылықтық реакцияларына, жұмыс қабілетіне әсер етеді.

Нервтік процестердің күшіне, тендігіне және жылжымалылығына қарай И.П.Павлов ЖДЖҚ төмендегідей төрт нұсқаға бөлген.

Ұстамсыз, немесе күшті, теңгерілмеген нұсқа – қозу мен тежелу процестерінің күшінің жоғарылығымен, қозудың тежелуден басымдылығымен сипатталады. Бұл нүсқа холерик темпераменгіне сәйкес.

Ширак,, немесе кушті, теңдескен, жылжымалы нұсқада қозу мен тежелу процестерінің күші жеткілікті әрі шамалас болады және бір процесс екіншісіне оңай алмасады. Бұл нүсқа өкілдері сыртқы орта жағдайларына шапшаң бейімделеді. Адамда бұл нұсқа сангвиник деп аталады.

Инертті, немесе теңдескен, тоқыраңқы нұсқа өкілдерінде жүйкелік процестердің күші жеткілікті болады, бірақ олар бір-біріне баяу ауысады, оларға тоқырағыш сипат тән. Мұнда й нұсқа өкілдерінің сыртқы әсерлерге жауабы әлсіз, баяу келеді, сондықтан олар қоршаған ортада байқалатын шапшаң өзгерістерге нашарырақ бейімделеді. Бұл нүсқа флегматик темпераментіне сәйкес

Әлсіз нұсқа өкілдерінде қозу және тежелу процестері нашар дамиды. Олардың сезімталдығы жоғары болғанымен, жұмыс қабілеті, төзімділігі төмен келеді және олар сыртқы орта жағдайларына нашар бейімделеді, қорқақ, жасқаншақ болады. Бұл нүсқа меланхолик темпераментіне сәйкес келеді.

Функционалдық жуйе организмге тиімді бейімділік сипаттағы әрекет нәтижесін алуды қамтамасыз ететін жылжымалы, өздігінен реттелетін құрылымдар бірлестігі. Әрбір функционалдық жүйенің құрамында міндетгі түрде мына бөлімдер болады. 1. Афференпік синтез (жинақтау). 2. Шешім қабылдау. 3. Әрекет бағдарламасы және әрекет нәтижесінің акцепторы. 4. Іс-әрекет. 5. Әрекет нәтижесі және оның көрсеткіштері. 6. Әрекет параметрлерін кері афферентациялау.

Кез келген іс-әрекет афференттік синтезден – негізгі биологиялық мүқтаждықты анықтаудан басталады да, нақтылы жағдайға сәйкес келетін іс-әрекет анықталып, әр түрлі әрекет жолының ең қолайлысы, ең тиімдісі, ең тандалып, шешім қабылданады.

Шешім қабылдау негізінде болашақ әрекеггің мақсаты айқында-лып, бағдарламасы белгіленеді, эфферентгік жүйе мен әрекет нәти-жесінщ акцепторы анықталады.

Әрекет барысы, оның нәтижелерінің жоспарға, бағдарламаға сәйкестігі акцепторда кері афферентация нәтижесінде анықталады. Әрекет нәтижелері жайлы кері жеткізілген ақпараттар сол нәтижелердің жоспарланған моделімен салыстырылғаннан кейін бұл параметрлер бір-бірімен сәйкес келсе, организмнің әрекеті аяқталады. Бұл параметрлер арасында сөйкестік болмаса, онда жаңа эфференттік бағдарлама құрылады да, әрекет қайта басталады. Осылай афференггік синтезде қойылған мақсат орындалғанға дейін процесс қайталана береді.

Этология – жануарлардың мінез-қылығының биологиялық заң-дылықтарын зерттейтін ғылым саласы. Ал мінез-қылық деп жануардың тіршілік ортасымен қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін атқаратын қимыл-әрекетінің жиынтығын айтады. Этология негізінен табиғи, туа біткен мінез қылықтар мен дағдылы әрекеттерді, олардың дамуын зерттейді. Этология мінез-қылықтың туа біткен құрамаларын айқындап, организмнің турлі реакцияларының сыртқы көрінісін анықтайды. Ал, физиология жануарлардың мінез-қылығын қамтамасыз ететін ми қызметінің нервтік механизмін зерттейді.

Жануарлар мінез-қылығы туа біткен және жүре пайда болган болып екі топқа бөлінеді. Туа біткен мінез-қылық (қоректік, жыныстық, сақтық т.б.) құрамалары тұқым қуалайды, ешбір жаттығусыз, үйретусіз-ақ атқарылады, олар белгілі бір жағдайда атқарылатын дағдылы әрекеттердің жиынтығы болып табылады. Физиологиялық тұрғысынан дағдылы әрекеттер эволюция барысында қалыптасқан шартсыз рефлекстердің күрделі тізбегі. Жүре қалыптасқан мінез-қылықтың ең жақсы зерттелген түрі – шартты рефлекстер.

Қазіргі кезде этологияның жаңа бағыты – адам мінезін зертгеу саласы дамып келеді. Оның негізін әлеуметтік психология мен білім проблемалары құрайды.
Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Добавил: Akinfeev
Просмотров: 5087 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 2

Пятница

Автор:

Сообщение #2. [Материал]
Pjqoks


buy lipitor 40mg pills <a href="https://lipiws.top/">buy generic lipitor for sale</a> order atorvastatin 40mg generic


Понедельник

Автор:

Сообщение #1. [Материал]
xCwcHDwu


The inhibition of the synthesis of VLDL leads to reduced levels of plasma LDL C <a href=https://sildenafi.sbs>mom viagra porn</a>


Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Последнии комментарии